Меню
Назад » » »
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
загрузка...

загрузка...
Батыс Қазақстан обылысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
№3 орта жалпы білім
беретін қазақ мектебі
дене шынықтыру пәнінің бірінші
санатты
мұғалімі Мұратов Асхат Хайратұлы

5а сыныбында өтетін дене шынықтыру сабағының жоспары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың икемділік,ептілік,жылдамдық
және күш сапаларын арттыру
Сабақтың тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
Өтетін орыны: Мектеп спорт алаңы.
Спрот жабдықтары: жалауша, метрлік, доптар т.б
Уақыты: 45 минут
Мұғалімі: Мұратов А.Х

Сабақтың бөлімі Сабақтың мазмұны Уақыт Методикалық
нұсқау

1.Кіріспе бөлім Оқушыларды сапқа тұрғызу Сәлемдесу, сабаққа катыс тексеру. Жаңа сабақты таныстыру. Оңға,солға артқа бұрылу. Алаңды айнала бір тізбекте жүру. Аяқтың ұшымен екі қолды жоғары көтеріп жүру Отырып жүру және алаңды айнала жүгіру, бір қатар құрып сапқа тұру. Санау арқылы 2 топқа бөлініп бой жазу жаттығуларын жасау.
Бой жазу жаттығулары:
1-ж 1-2 дегенде екі қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшына көтеріліу.
3-4 дегенде б.к келу
2-ж Б.К Алақанды төмен қаратып қолды алға созу 1 дегенде оң аяқты көтеріп сол қолдың ұшына тигізу 2 дегенде сол аяқты көтеріп оң қолдың ұшына тигізу 4 дегенде б.к
3-ж. Б.К 1-дегенде қолды мықынға қойып жүреден отыру 2-дегенде аяқты етпеттен қолды тіреп тұру. 3-дегенде б.к
4-ж б.к Екі қол жоғарырақ көтеріледі аяқ кең қойылады. 1-дегенде оң қолмен сол аяқты ұшқа жеткізу 2-дегенде б.к келу 3-дегенде сол қолмен оң аяқтың ұшына жету.
5-ж б.к Аяқ иық кеңдігінде қойылады, қолды төмен айқастырып еңкейіп тұру.
1-дегенде тездете екі қолды жая шалқаю. 2-дегенде б.к келу.
6-ж б.к Аяқ иық кеңдігінде, қол мықынға қойылды, 1-2 дегенде денені солға екі рет, 3-4 дегенде оңға екі реттен иілу.
7-ж б.к Аяқ бірге, қол мықынға қойылды 1дегенде жүреден отырып қолды алға созу, 2 дегенде б.к келу.
8-ж б.к аяқ иық кеңдігіне, қол мықынға қойылады 1-дегенде жүреден отырып,қол алға созылады 2-дегенде бастапқы қалыпқа келеді 3-4 дегенде осы жағдай
қайталанады.
9-ж б.к мұғалімнің санауымен аяқтың ұшымен тұрып секіру. 12
минут

4-5 рет

5-6 рет

5-6 рет

4-5 рет

4-5 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

8-10 рет

Спорттық киім

Аяқтың ұшына еңкейген кезде тізені бүгуге болмайды

Оңға, солға иілгенде аяқ
бүгілгенде

Секірген кезде биік секіру үшін қолдың қанат жая жоғары пайдаланады

2. Негізгі бөлім Сабақ кезінде сендер жүгіріп келіп ең қарапайым әдіспен тізелерңді бүгіп секріуді үйренуге тиіссіндер. Ұзындыққа секірудің басқа түрлеріндегі сияқты бұл әдісте: Екпінмен жүгіруден, серпін жасаудан, қалықтаудан және жерге түсуден тұрады.
Екпінмен жүгіру. Неғұрлым шапсаң жүгірсең, соғұрлым алысқа секіресің.
Серпін жасау. Жүгіру қарқынын бәсеңдетпей , екпінмен келіп серпін жасау қажет. Ең соңғы адымың аяғыңды жылдам басу есебінен, оның алдыңғы адымы қысқалау болуы тиіс
Серпін жасаған аяғыңның тізесі тік жазылып қолдарың сермеген аяғыңның тізесімен қатарласып алға-жоғары сермеуге тиіс
Қалықтау Серпін жасағаннан кейн сермеген аяғыңның тізесі бүгілген күйінде ілгері қарай сілтеліп, серпін жасаған аяғың сермеген аяғыңмен қатарласып,екі аяғың да «тізең бүгулі» күйі көкірегіңе қарай жақындайды, жерге түсу үшін тізелерің жазылады.
Жерге түсу естеріңде болсын! Егер аяқтарыңды бүкпей, тік ұстап жерге түссеңдер, шалқаларыңнан құлайсыңдар. Жерге екі аяғыңмен бірдей түс. 23
минут

Серпін жасарда
Ең жоғарғы шапшаңдық
Болуға тиіс

Бұл қалып
«адымдап»
Қалып деп аталады

Жерге түсерде

Аяқты тізені бүгеміз

3. Қортынды бөлім Қимыл-қозғалыс және эстафеталық ойындар. Сынып екі топқа бөлініп тұрады.Мұғалімнің командасы бойынша бастаушы оқушы допты бір-біріне қолма-қол жалғастырады,сосын ең қай команда бұрын орындаса жеңіп шығады. Егерде ойыншы қателессе,ойын кезегін қарсы жаққа береді.Сабақты қортындылап жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, сергіту жаттығуын орындау. Сабақты аяқтау 10
минут

Ойын ережесін
түсіндіру Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 362 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar