Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қ.Жұмәділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тәрбиелік мәні -

Қ.Жұмәділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тәрбиелік мәні

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1357 | Размер: | Автор: гость
. А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

Сабақ тақырыбы:
Қ.Жұмәділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тәрбиелік мәні
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 8
Пән мұғалімі: Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Мамытова Клара Кәрімқызы

А.С.Пушкин атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі К.Мамытованың қысқа мерзімді сабақ жоспары
2015 ж. Сыныбы :8 Пәні:әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмәділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тәрбиелік мәні
Сабақтың мақсаты: Әңгіменің мазмұнын ұғындыру және әңгіменің өзіндік ерекшелігін таныту. Оқушылардың ойларын дамыту, тіл байлығын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Әңгіме мазмұны туралы өзіндік пікірлері қалыптасады, қорытынды ой түйеді.
2. Нақты мысалдар келтіре отырып сыни ойлауға үйренеді.
3. Топтық жұмыс кезіндегі жалпы әрекеттер мен міндеттерді үйрене отырып, бір-бірінің пікірін құрметтеуге бейімделеді.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: «Мозайка» әдісі, «Телефон» әдісі, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, «445» әдісі, «Автор орындығы» әдісі, «Табыс баспалдағы».
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: А 4 форматты қағаздар, стикерлер, смайликтер, түрлі- түсті қағаздар, ноутбук, мәтіндік тапсырмалар, үлестірмелер.
Күтілетін нәтиже: сыни тұрғыда ойлана отырып әңгіменің мазмұны, идеясы туралы түсініктері қалыптасады салыстырады, қорытынды ой түйеді.,
Сабақтың жоспары
Кезең Сабақ бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті Қолданған әдіс- тәсілдер
Білім
(4 мин) Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сынып оқушыларын туған жер туралы өлең жолы жазылған мозайка құрастыру арқылыттоптарға отырғызу.

Жіппен ойын арқылы сергіту сәті. «Кімді жақсы көресің, ұнатасың?», «Нені жақсы көресің, ұнатасың?»

4-5 оқушыдан 3 топқа отырады, топ басшысын сайлайды. «Мозайка» әдісі
Түсіну
(10 мин) ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Бағыт береді, толықтырады,оқушыларды ынталандырып отырады. «Телефон» әдісі бойынша І топ оқушылары ІІ топқа, ІІ топ оқушылары ІІІ топқа, ІІІ топ оқушылары І топқа тақырып бойынша сұрақтар береді.
«Телефон» әдісі
Қолдану (10 мин) Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту
2. Ой қозғау
3. Мағынаны ажырату

Постер тарату.Әңгіме желісі бойынша сурет салу немесе өз ойларын түсіру.

Әр топ өзара ойласа отырып жұмыс жасайды. Өз ойларын ортаға шығып қорғайды. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
Талдау
(10 мин) Жаңа сабақты бекіту Келесі тапсырманың шартын түсіндіреді

Мәтін бойынша үш топтан төрт адамнан төрт мәлімет табады, оқиды, түсіндіреді. «445» әдісі
Жинақ
тау
(10 мин) Қорыту Туған жер туралы ән тыңдату. Оқушылар ойларын жинақтап қорытынды жасайды, шағын эссе жазу. Өзара талқылай отырып «Автор орындығында» орындайды «Автор орындығы» әдісі

Бағалау
(6 мин) 1. Сабақ барысында оқушы көзқарасы
2. Өзара бағалау Оқушыларды сабақ барысында жинаған балдары бойынша бағалайды.

«Табыс баспалдағы» парағын іледі.

Бағаларын қойдырады.
Кері байланыс парағын толтырады.

«Табыс баспалдағы» парағына стикерлер жапсырады. «Табыс баспалдағы»
Үйге тапсырма беру
(1 мин) 1. Оқушылардың өз таңдауы бойынша сурет салу немесе әңгіме жазу.
2. Әңгімені бөлімдерге бөлу.Әр бөлімге ат қою.

Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қою.
І топ
Қазыбек атын тебініп, ... түсе бастады. ( ілгері, төмен,жоғары, кейін)

Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қою.
ІІ топ
Көксерек ... қарап тұрып, байқамай қалып еді.
( жоғары, төмен, алдына, артына)

Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қою.
ІІІ топ
Барлық аттылар ... шаба жөнелді.
( ілгері, төмен, жан-жаққа, кейін)

Бардым баққа ...,
Жедім жеміс түрін.
.....................................
..................................

Бардым баққа ...,
Жедім жеміс түрін.
.....................................
..................................

Бардым баққа ...,
Жедім жеміс түрін.
........................................
...............................
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.