Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем». -

Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2881 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлім
Сыныпты түрлі-түсті стикер арқылы 3 топқа бөліп алу
1 топ-«Туған жер
2 топ-«Отан»
3 топ-«Атамекен»
Әр топ өзінің топбасшысын сайлап,ұранын айтады.
Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

2. «Білімді мыңды жығар»
Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі жаттауға, «Отан» туралы шығарма жазып келу берілді.
-(Оқушылардан түгел дерлік сұрау және шығармаларын оқыту)

3. Үй тапсырмасын қорыту
-М.Мақатаев кім?
-Оның қандай өлеңдерін білеміз?
4.«Сен білесің бе?» Жаңа сабақ.
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Біз өткен сабақта Қазақстан, Отан туралы жырласақ, бүгін туған жеріміз туралы жырлаймыз. Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем»өлеңі.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).

Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ- ды бітірген (1959). 1959 - 84 жылдар "Жазушы" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1985 - 92 жылы Қазақтелерадио көмитеттінде аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 - 96 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан,
поляк, болгар тілдеріне жеке өлендері аударылған. Француз,моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған.

5.«Оқы да.тоқы!»Оқулықпен жұмыс.
.Сөздік жұмыс.
Кермиық - асыл, жақсы, әсем.
Ықылым күн - өткен күн.

1) Өлеңді оқушылардың іштей о оқуы.
2) Өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
3) Оқушылардың өлеңді мәнерлеп,тізбектей оқуы.
4) Өлең мазмұнын мұғалімнің түсіндіруі
5)Сұрақтарға жауап бер

7.«Талаптыға нұр жауар»
Тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Сызба арқылы өлең құрастыр.
елім,
жерім,
жайқалған,
жасарған,
жайған,
Қазақстаным!
Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.

8.«Ойлы болсаң,озып көр!»Постермен жұмыс
1 топ-Туған жеріңнің қандай болғанын қалайсың?
2 топ-Өз аулыңның әкімі болсаң ауыл үшін қандай игі істер жасар едің?
3топ-Туған өлкеңнің көркеюі үшін саған не істеу керек?
9«Жүйрік болсаң жасыңнан».
Топтар қарсы топқа туған жер,отан, туралы мақалдар жасырады
10. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
11. Қорытынды.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-деп Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай ана тілін құрметтеп жүрейік!
Бағалау.

- Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.