Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жұмбақтар әлемінде -

Жұмбақтар әлемінде

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4988 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
Бұрма жалпы орта білім беру мектебі
Мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Алтыбаева Жансая Зейноллақызы

Тіл дамыту сабағы
Тақырыбы: Жұмбақтар әлемінде
Мақсаты: 1)Оқушыларға жұмбақтар және олардың түрлері туралы түсінік беру,әңгімелеу;
2)Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,сөздік қорын молайту;
3)Халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін саналарына енгізу.Қазақ
тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ,әртүрлі жұмбақтар жинақтары.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жұмбақтарды шешу

Балалар бүгін ерекше сабақ!
Бізге қонақтар келіп отыр қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар жауабы: Сәлеметсіздерме!
Балалар орнымыздан тұрып шаттық шеңберімізді жасап алайық.
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Балалар мен сендерге бүгінгі күндерін нұрлы болсын сабағымыз сәтті өтсін деп тілеймін.
Балалар ендеше өткен сабағымызды есімізге түсірейікші.Өткен сабақта қандай тақырып өттік.
Балалар жауабы: Отбасы туралы өттік
Отбасында кімдер тұрады?
Балалар жауабы: Ата-әже, әке-ана, және біз.
Осының бәрін бір сөзбен не дейміз?
Балалар жауабы: Отбасы
Дұрыс айтасындар, сендер өткен сабақты жақсы түсінген екенсіндер.Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар жауабы: Көктем
Көктем екенін қайдан білдіндер?
Балалар жауабы: Қар еріп, күн жылынды, құстар ұшып келе бастады.
Балалар бүгінгі қазақ тілі пәнінен өтетін сабағымыздың тақырыбы «Жұмбақтар».
Балалар сендер жұмбақ дегенді қалай түсінесіндер?
Балалар жұмбақ дегеніміз не?
Балалар жауабы:
Жасырын нәрсе, оның шешуі болады.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Жұмбақ дегеніміз-заттың атын атамай оның түрін, түсін, пішінін сипаттайтын сөздерді жұмбақ деп атаймыз.Жұмбақты шешу үшін мұқият тыңдап, ойланып жауап беруіміз керек.Балалар ерте уақытта ата-бабаларымыз алақандарына бір затты жасырып оны табу арқылы жұмбақ пайда болған.
Жұмбақтар әртүрлі тақырыптарға құрылады: оқу құралдары, адамның дене мүшелері, табиғат құбылыстары, жануарлар, өсімдіктер,үй жиһаздары, техника,құстар және тағы басқалары.
Жұмбақтың шешуін таппас бұрын мұқият тыңдап, ойланып жауап береміз жарай ма?
Балалар жауабы: иә
Ендеше мен сендерге доп туралы жұмбақ оқып беремін, ал сендер жұмбақты тыңдандар.
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ
Ұрсаң ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Балалар мынау біздің добымыз.Добымыздың пішіні қандай?
Балалар жауабы: Домалақ
Кәне оны лақтырып көрейікші. Добымыз жоғары көтеріліп қайтадан төмен түседі. Осының бәрі сәйкес келіп жұмбағымызды толық қамтып тұр екен.
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын бірақ жұмбақтың шешуін өздерін табуларын керек.Балалар жұмбағымыздың шешуін таппас бұрын мұқият тыңдап, ойланып жауап береміз.
Ендеше балалар жұмбағымыздың шешуін тапқан бала қолын көтеріп,жауап беріп мына үстелдің үстінде жатқан жұмбақтың жауабына сай суретті тақтаға апарып жабыстыруы керек.Балалар тақтадан нелердің суретттерін көріп тұрмыз?
Балалар жауабы: Ұя мен талдың және үйдің.
Егер де жұмбағымыз құстар туралы болса онда ол құстың суретін тал,а әкеп жабыстыруларын керек.Ал егер үй жиһаздары жайлы болса ол үй жиһазын мына үйдің ішіне әкеп орналастыруларың керек.Олай болса жұмбағымызды мұқият тыңдаймыз.
Көктемде құстар келгенде
Ең алдымен келетін
Өзіміз күтіп алатын
Ұя жасап беретін.
Торғай
Ән салады чемодан
Ішінде жұр көп адам
Естімейді сөзінді
Сөйлесен де сен оған.
Теледидар
Өзі сақ,өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын,өзі ала.
Сауысқан
Арқасында шалжиясың
Түнейсін де, әл жиясың.
Төсек
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап
Балшықтан ұя салады.
Қарлығаш
Төрт аяғы,арқасы бар
Жалпақ жайлы ортасы бар
Ең алдына кісіні алып,
Сынайды ылғи күшін анық.
Орындық
Қонып алып жарға
Қарқылдайды...
Қарға
Іші мұздап
Құрыштап,
Дірілдейді,
Бір шкаф.
Тоңазтқыш
Балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіті сәті.
Қолымызды жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызды табайық.

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым оралды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Сөзжұмбақты құрасақ.

Енді балалар мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын.Сендер ойланып жауап беріндер.Жауап берген бала мына тақтады тұрған торға жауабын жазады. Ендеше жұмбағымызды мұқият тыңдайық.
Ақ сарайын талқандап
Шықты біреу талтандап

Балапан
Дұрыс айтасындар.Енді осы сөзді шапалақтау арқылы буынға бөлейік.Осы балапан сөзін дәптермізге әдемілеп жазайық.
Енді балалар ойынға кезек берейік.
Кел балалар ойнайық
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ блоса да
Шешпей оны қоймайық
Балалар мына жерде дүңкейіп тұрған не нәрсе екен.
Сандық.Бұл жай сандық емес сыйқырлы сандық екен.Өйткені бізге көрінбей сиқырмен келіпті.Ендеше ішін ашып көреміз бе?
Балалар сандық ішінде көптеген суреттер бар екен. Ендеше балалар сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындаймыз ба?
Суреттерге өз ойларыннан жұмбақ құрастыруларын керек.
Жарайсындар балалар! Сиқырлы сандықтың тапсырмасын жақсы орындадындар.
Қорытынды.
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?
Жұмбақ дегеніміз не?
Жұмбақты қалай шешеміз?
Мадақтау.
Жарайсындар балалар бүгін сабаққа жақсы қатыстындар.Жақсы қатысқандарын үшін сендерге бестік ретінде мына жұлдызшаларды таратып берейін.Осымен сабағымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.