Меню
Назад » » »
Жұмыс, қуат тақырыптарына есептер шығару.
загрузка...

загрузка...
Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Коржикова Мария Досимбековна

Сабақтың тақырыбы: Жұмыс, қуат тақырыптарына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік . Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы мен қуатының
негізгі есебін шешудегі әр оқушының қабілетін, дағдысын жаттықтыру ша-
раларын ұйымдастыру.

2.Дамытушылық . Қозғалыстарды зерттеу барысындағы оқушының білімін, қабілетін
дамыта отырып, физикалық формулаларды интеграциялау, мате-
матикалық түрлендіру.

3.Тәрбиелік. Физикалық есептерді шығарудың жалпы талаптарын орындай отырып ,
физикалық шамаларды дұрыс таңбалап, формулаларды дұрыс өрнектеу-
ге, есептеуге оқушылардың дағдылануына бағыт беру.

Құрал-жабдықтар, Көрнекі құралдар, деңгейлік тапсырмалар, трек сызбалар,
көрнекіліктер: бағалау кестесі.

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Әдіс – тәсілдер: Материалды топтау, сұрақ – жауап, есептер шығару.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа ұйымдастырып:
Білімінің мазмұнын Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: « Білімді азамат –ел ертеңі » ,
« Білікті бірді , білімді мыңды жығады» , «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі-
білім»- дегендей бүгінгі сабақта өз білімімізді қонақтарға көрсетейік.

2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын
тексеру:

«Кім жүйрік»

1. Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін не деп атайды?
Жауабы: Жұмыс.
2. Механикалық жұмыс дегеніміз не?
Жауабы: Дененің бір орнынан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы
механикалық жұмыс деп аталады.
3. Денеге түсірілген күш атқарылған жұмысқа байланысты ма?
Жауабы: Иә, себебі механикалық жұмыс күшке тура пропорционал.

4. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қалай атайды?
Жауабы: Қуат.

5. Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме?
Жауабы: Қуат жұмысқа тура пропорционал.

6. Өлшемдері мен құрылысы бірдей екі кеме әр түрлі қуат өндіреді.Бұл кемелер бірдей
жылдамдықпен қозғала ма?
Жауабы: Бірдей жылдамдықпен қозғалмайды, себебі олар әр түрлі қуат өндіреді.

3. Сен формула білесін бе?

1. Механикалық жұмыстың формуласы?
Жауабы: A=F-S

2. Жұмыстың өлшем бірлігі:
Жауабы: Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон (1Н) күштің дененің бір метрге
жылжытқандағы жұмысы алынады.Жұмыстың мұндай халықаралық
бірлігі XIX ғасырдағы ағылшын ғалымы Д.Джоульдің құрметіне
джоуль деп аталады.(Қысқаша Дж- деп белгіленеді)

1Дж=1Н*1м =1Н*м

Жұмыстың джоульден үлкен де, кіші де бірліктері бар:
1килоджоуль (1кДж)=1000Дж=10³Дж
1 миллиджоуль(1мДж)=0,001Дж=10¯³Дж
1 микроджоуль(1мкДж)=0,000001 Дж=10-6 Дж

3. Қуатты қалай есптеуімізге болады?
Жауабы: N= ; A=N*t;
4. Орташа қуатты қалай есептейміз?
Жауабы: Nорт =

5. Қуаттың өлшем бірлігі?
Жауабы: 1Вт=
Қуаттың мұндай бірлігін бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы
Джеймс Уаттың құрметіне ватт деп атайды.

1кВт =1000 Вт =10³ Вт
1 мВт =0,001 Вт =10¯³ Вт
1 мкВт = 0,000001 Вт=10-6 Вт


4. Ізден тап.
Деңгейлік есептер шығару. Бұл тапсырмада оқушыларға жеке-жеке таратпа
дедактикалық материалдар таратылады.

5. Ой толғаныс.
Суретті картинаға қарап, жұмыс, қуатқа байланысты әңгіме құрау.
6. Сабақты қорытындылау:

Тірек-сызба нұсқа









Қуат қандай шама скаляр Формуласы Өлшем бірлігі Вт Қуаттың белгіленуі N

7. Үйге тапсырма: § 63, § 64.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 36 – жаттығудың № 3,4.

Білім рейтингісі:
1. Кім жүйрік : 8 ұпай
2. Сен формула білесін бе?: 9 ұпай
3. Ізден тап: 10 ұпай
4. Ой толғаныс: 10 ұпай

Баға мониторингі:
31-33- ұпай «3»
34-35- ұпай «4»
36-37 – ұпай «5» Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жұмыс, қуат тақырыптарына есептер шығару. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 326 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar