Меню
Назад » » »
Жүрек қан тамырлар жүйесі
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Қарағожина Кенжегүл Гапуринқызы
Химия-биология пәні мұғалімі
Санаты: 1

Жүрек қан тамырлар жүйесі

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың қанайналым мүшелері, жүректің жұмыс істеу кезеңдері, үзіліс,жүрек автоматиясы туралы алған білімдерін қайталау,бекіту және тексеру.
Дамытушылық: Ағзадағы қан айналу жүйесімен биологиялық заңдылықтарды өмірімен байланыстыра отырып,оқушылардың танымдық ой өрісін,іс-әрекетін дарындылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Семитарлық-гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: СТО элементтерін пайдалану, демонстрациялау, тест, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Техникалық құралдар,
компьютер, проектор, кестелер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
І. Ой қозғау (Нені білеміз?)
Миға шабуыл
1. Адам денесінде неше литр қан бар?
2. Қанның формалық элементтерін ата?
3. Гемофилия қандай ауру?
4. Қанайналу арқылы қандай қызмет жүзеге асады?
5. Қанның негізгі мүшесі?
6. Капиллярлар дегеніміз не?
7. Жүрек неше бөлікті?
8. Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
9. Артериялық қысым дегеніміз не?
10. Тамырдың соғуы дегеніміз не?
11. Қан қанша уақытта қан айналымның екі шеңберін ағып өтеді?
12. Қан айналудың орталық мүшесі?
2. Жасырын терминдер
Эритроциттер гематолог гипертония
Агглютинация тромбоциттер анемия
Кардиолог иммунология У. Гервей
3. Сызбаны толтыр
Қан тамырлар




Жүрек

Жүрек


ІІ. Іздену. (Нені білгіміз келеді?)
Биологиялық диктант
1.Жүректі дәнекер ұлпасынан тұратын ...... қаптап тұрады.
2. Жүрек клеткаларындағы ...... организмнің белсенді жағдайына байланысты.
3. Жүрек жұмысын ...... әдісімен зерттейді.
4. Құлақша мен қарынша арасындағы ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім ....... деп аталады.
5. Ересек адамның жүрегі минутына ....... рет жиырылып,босаңсиды.
6. Жүрек жүйке сияқты ........ көп мөлшерде қажет етеді.

2. Жүрек туралы не білеміз?

Әр топ өзінің зерттейтін ауруларына сипаттама береді.

Кардиологтар тобы
Терапевтер тобы
Гематологтар тобы

1.Кардиологтар тобы
Жүректің жалпы құрылысы
Жүрек аурулары- жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қантамыры құрылысындағы ақаулар. Жүрек инфарктісі-жүрек бұлшық бұлшықетінің жансыздануы әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы.
Алдын алу шаралары
1. Жеке бас гигенасы, күн тәртібін сақтау
2. Тиімді тамақтану
3. Зиянды әдеттерден аулақ болу
4. Денені шынықтыру.Шынықпаған ағза әлсіз тез шаршайды.
5. Көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі-бұлшықеттердің жиырылуы.
6. Жүрек кемістігі-жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болады. Туа пайда болған,жүре пайда болған.
2. Терапевтер тобы
Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар. Гипертония-қан қысымы жоғарылағанда болады.Қан қысымы төмен ауру-гипотония. Тонометрмен таныстырады.
3.Гематологтар тобы
Анемия – қан аздық
Ақ қандылық-лейкемия-лейкоциттердің тез көбейіп қан ағымын толтырып жіберуі.
Гемофилия - қан тоқтамайтын ауру.
Қан кету түрлері:
1. Артериялық қан кету-алқызыл түсті қан атқылап ағады.
2. Веноздық қан кету-қою қызыл түсті қан.
3. Капиллярлық қан кету- жарақаттан қан тамшылары бөлінеді. Артерияның қан кетуді тоқтату әдісі,жгут салу.

Тест тапсырмалары
1. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
А) 4 Ә) 5 Б) 3 В) 2
2. Қылтамырда қан қандай қысыммен ағады?
А) төмен Ә)жоғары Б)шамалы
3. Жүректің соғуын жиілететін гормон?
А) адреналин Ә) инсулин Б)ацетилхолин
4. Жүрек дәрігері
А) эндокринолог Ә) кардиолог Б) иммунолог В) дальтоник
5. Жүректің ортаңғы қабаты
А) миокард Ә) эпикард Б) эндокард
6. Қанның дұрыс ұюына әсер ететін дәрумен
А) Д Ә) А Б) К В) В12
7. Қан беруші адам
А) реципент Ә) донор Б) гемотолог
8. Ересек адамның жүрегінің салмағы
А) 100 г Ә) 200 г Б) 300 г В) 400 г
9.Эритроциттер қайда түзіледі?
А) өтте Ә) өкпеде Б) сүйек кемігінде
10. Жүректің бірінші қабаты
А) миокард Ә) эпикард Б) эндокард
11. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
А) қорғаныштық Ә) тасымалдау Б) фагоцитоз
12. Жүректе қандай бұлшық еттер бар?
А) көлденең жолақты Ә) бірыңғай салалы Б) көлденең салалы
13. Жүректің жұмысы қалай реттеледі?
А) санамен Ә) гуморальдық Б) рефлекспен
14. Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
А) 2 Ә)5 Б) 3 В) 4
15. Қанайналымның маңызы қандай?
А) Оттегіні тасымалдау Ә) СО2 тасу Б) гормондарды жеткізу
16. Лимфа түтіктері қайда тұрады?
А)оң жақ жүрекшеге Ә) қолқаға Б) қуыс көктамырларға
17. Дене жасушалары қантамырлармен қалай жалғасады?
А) лимфамен Ә) ұлпа сұйықтығымен Б) қан плазмасымен
Салатамырға тән қасиет
А) қабырғасы қалың Ә) қабырғасы жұқа Б) қысымы төмен
19. Оттек жеткіліксіз болса қандай құбылыс байқалады?
А) организмде энергия қоры мол болады Ә) миокард инфарктісі болуы мүмкін Б) ондай адамдар баяу қимылдайды
20. Жүрек клеткаларында митохондрия саны көп болса адамдар қандай күйде болады?
А) іс-қимылы жылдам,ойы жүйрік Ә) көп жата беретін болады
Б) халі нашарлап ауру пайда болуы мүмкін

Тест жауаптары

1. Б 11. Ә
2. Б 12. А
3. А 13. Ә
4. Ә 14. В
5. А 15. А
6. Б 16. А
7. Ә 17. Ә
8. Б 18. А
9. Б 19. Ә
10. Ә 20. А

ІІІ. Ой қорыту
1.Сәйкестігін анықта

Қанайналымның кіші шеңбері

Қанайналымның үлкен шеңбері
а) сол жақ жүрекше;
ә) сол жақ қарынша;
б) оң жақ жүрекше;
в) дене жасушалары;
г) өкпеге қан таратады;
ғ) өкпелік шеңбер;
д) денелік шеңбер;
е) оң жақ қарынша;

ІV. Ой дамыту
(Шығармашылық жұмыс)
Сурет салу, шығарма жазу, өлең шығару.

V. Қорытынды
Бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жүрек қан тамырлар жүйесі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 433 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar