Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жүрек жұмысы, жүрек жұмысының реттелуі -

Жүрек жұмысы, жүрек жұмысының реттелуі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3419 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Жүрек жұмысы, жүрек жұмысының реттелуі
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Жүрек жұмысы, оның реттелуі туралы мағлұмат бере отырып, адам ағзасындағы қызметі жайында оқушы білімін кеңейту
2) Дамытушылық: оқушылардың белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін, өз бетімен іздену дағдыларын жетілдіру
3) Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, дәптермен жұмыс, оқулықпен жұмыс, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздар, стикерлер, қан қысымын өлшейтін құрал (сфигмоманометр)
Пән аралық байланыс: валеология, математика
Сабақтың принциптері: ғылымилық, тәрбиелік, бірізділік
Қолданылған технологиялар: АКТ элементтері, Шаталовтың тірек сызба элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
-оқушылармен сәлемдесу
- кезекшіні анықтау
- оқушыларды түгендеу
- оқұ-құралдарын ретке келтіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Қанайналым деген не? (карточка - нашар оқушыларға)
- Маңызы барма? (карточка –орта топ оқушыларына)
- Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз не? (жақсы топ оқушыларына)
- Кіші қан айналым шеңбері деген не? (жақсы топ оқушыларына)
- Қан қысымымын өлшеу (практикалық жұмыс)
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
- Жүректің құрылысы
ІV. Жаңа сабақ
І. Жүректің жұмысы – жүрек ырғақпен жиырылады. Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына шамамен 70-75 рет жиырылады. Екі құлақшаның да жиырылуы (систола) шамамен 0,1 сек созылады. Бұл уақытта олардағы барлық қан қарыншаға өтеді. Осыдан кейін құлақшалар босаңсиды, ал екі қарынша жиырылады да, қанды қолқа мен өкпен артерияларына айдайды. Қарыншалардың жиырылуы (систола) шамамен 0,3 сек созылады. Ал одан кейін олар босаңсиды (диастола) және бұдан кейінгі 0,4 сек уақыт бойы жүректің барлық бұлшықеттері босаңсыған күйде болады.
Жүректің қызметі жүрек циклінің алмасып отыруынан, ал олардың әрқайсысы үш кезеңнен тұрады. 1) құлақшаның жиырылуы(систола)
2) қарыншаның жиырылуы (систола) 3) жүректің босаңсуы (диастола)
Топтастыру әдісі:
Жүректің жұмысы

Жүрек бұлшықетімен қаңқа бұлшықеттерінің айырмашылықтары:
1) Ет талшықтары шоқтанып орналаспай, бір бірімен тор тәрізді жалғасып жатады.
2) Жүректің жиырылуы - бірыңғай салалы бұлшықеттердің сыртқы орта тітіркенгіштігіне байланысты емес, өздігінен еріксіз жиырылуы
3) Жүрек бұлшықеттері 2 түрлі болады: жиырылатын жасушалар, жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар.
ІІ. Жүрек жұмысының реттелуі – жүйкелік, гуморальді болып 2-ге бөлінеді.
- Жүйкелік реттелу – вегетативтік жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.
Вегетативті – ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім.
Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан да оны кейде автономиялы деп атайды.
Вегетативті 2-ге бөлінеді:
1) Парасимпатикалық
2) Симпатикалық
Парасимпатикалық бөлімі – жүректің соғуын баяулатады, жиырылуы бәсеңдейді.
Симпатикалық бөлімі – жүректі соғысын жиілетеді, жиырылуын күшейтеді.
- Гуморальдық реттелу – гормондардың әсері мол. Бұл заттар қанға өтеді де, ол арқылы жүрекке әсер етеді. Бүйрекүсті бездерінен бөлінетін адреналин гормоны жүректің жиырылуын тездетеді. Сонымен жүрек жұмысының реттелуі тек жүйке жүйесі ғана емес,қан арқылы берілетін белгілі бір химиялық әсерінен де байланысты. Сондай ақ кальций, калий тұздарының да әсері бар. Кальций жүрек жұмысын күшейтеді. Ал калий – баяулатады.
V. Бекіту
1. жұмбақтар жасыру
-Жанды матор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек, сердце, heart)
-Тарам – тарам бір ғылым,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бір адам.(Қан тамыр, кровеносный сосуд, bloog –uesse)
- Қанамен бірге болады,
Өмірің онсыз солады. (Ауа, воздух, air)

VІ. Қорытынды
1. «Рефлексия»
Нені оқыдың? Нені үйрендің? Келешекте нені білгің келеді?

VІІ. Үйге тапсырма
Жүрек, қан тамырлары аурулар және олардың алдын алу

VІІІ. Бағалау

«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

8-сынып
Жүректің жұмысы. Жүрек жұмысының реттелуі

Өткізген: М.Құдайбергенова

2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.