Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жүру жаттығулары -

Жүру жаттығулары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4009 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: « Жүру жаттығулары»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың төзімділік, шапшандық дағдыларын
қалыптыра отырып жүру жаттығуларын үйрету.
Дамытушылық: Арнайы жаттығулар жасатуарқылы денені
шынықтыруға ықпал жасау. Спортқа қызығушылықтарын арттыру.
Координациялық қимыл-қозғалыстарындағы оң мен солды
ажырата білуін дамыту.
Түзетушілік: Дыбыстық кемістікті түзету, дауыс екпінін
қадағалау, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Сабақта орындалатын жаттығулар негізінде
шапшандық, ептілік қасиеттері арқылы салауатты өмір
салтына тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: көрсеткіштер, суреттер.
Сабақ барысы:
I . Дайындық бөлімі
Мұғалім: -Сапқа тұрыңдар!
-Сап түзе!
-Тік тұр!
-Сәлемдесеміз!
-Саламатсыздар ма!?
Мұғалім: -Балалар, қазір қандай сабақ болады?
-Қазір дене шынықтыру сабағы болады.
Мұғалім: -Неге олай ойлайсың?
-Өйткені, біз спорт залға келдік.
Мұғалім: -Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жүру
жаттығулары».


Жоспар:
1. Саптағы жаттығуларды орындау.
2. Дамыту жаттығуларын жасау.
3. Жүру жаттығуларын орындау.
4. Кіші доппен жаттығулар орындау.
5. Өлең оқу.
6. Ойын.
1. Саптағы жаттығуларды орындау.
Мұғалім: -Оңға бұрыл, солға бұрыл, кері бұрыл!
-Оңға бұрыл жәй жүріспен жүгіру.
-Тыныс алу жаттығуларын орындау.
Мұғалім: -Тоқта!
- Солға бұрыл!
-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз саптағы жаттығуларды орындадық.
2. Жалпы дамыту жаттығулары.
а) Басты қалыпта, аяқ иық көлемінде. Қол белде, мойынды оңға,
солға айналдыру (мойынға).
ә) Басты қалыпта,аяқ иық көлемінде қол иықта алға, артқа
айналдыру (иыққа).
б) Б.қ -аяқ кеуденің алдында, қол бүгулі, 1-2 артқа сермейміз,
3-4- оңға,солға қолды жайып артқа сермейміз (қолға).
в) Б.қ-аяқ иіқ көлемінде қол иықта алға, артқа айналдыру
(иыққа).
г) Б.қ-аяқ иық көлемінде қолымыз белімізде 1-2-3-4 оң бағытқа
айналдырамыз (белге).
д) Б.қ-аяқ иық көлемінде қолымызды алға созамыз, қолдың басын
4 рет ішке, 4 рет сыртқа айналдырамыз (қолға).
е) Б.қ-аяқ иық көлемінде қолымыз тіземізде 1-2-3-4 рет ішке
айналдырамыз, 1-2-3-4 сыртқа айналдырамыз (тізеге)


ж) Б.қ- секіру жаттығулары сол аяқпен 4 рет, оң аяқпен 4 рет,
қос аяқпен 5 рет (аяққа).
з) Б.қ- қолымызды оңға созамыз, жоғары көтереміз, қолымызды
аяқтың ұшына тигіземіз, қолымызды созып отырамыз.
Мұғалім: -Біз не істедік?
Оқушы: -Біз жалпы дамыту жаттығуларын жасадық.
II . Негізгі бөлім .
3. Жүру жаттығулары.
- Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
-Қол желкеде өкшемен жүру.
-Қол белде аяқтың қырымен жүру.
-Қол белде оң қапталмен жүру.
-Қол белде сол қапталмен жүру.
-Қол белде ирен жасап жүру.
-Қол белде баңыша секіріп жүру.
-Қолды жерге тіреп жүру.
-Әр аяққа еңкейіп, алға жүру.
4. Саппен жүру.
-Саппен бір қатармен жүру.
-Екі қатармен жүру.
-Үш қатармен жүру.
-Төрт қатармен жүру.
-Сапқа тұру.
Мұғалім:-Біз не істедік?
Оқушы:-Біз жүру жаттығуларын орындадық.
5.Олең оқу.
Денсаулық –ол шыныққан
Барлық дене мүшесі,
Денсаулық-тыныққан
Жүйне-тамыр жүйесі.



Мұғалім:-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз өлең оқыдық.
6. Ойын: «Бір жоғары, бір төмен»
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Допты бір
жоғары, бір төмен беріп, топтың соңына жеткізу керек.
Бірінші жеткізген топ жеңімпакз болып саналады. Ойын
жалғаса береді.
-Ойнаймыз (балалар ойнайды)
Мұғалім:-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз ойнадық.
III . Қорытынды.
Мұғалім: -Сапқа тұрыңдар!
-Біз сабақта не істедік?
Оқушы: -Біз саптық жаттығуларды орындадық.
Оқушы: -Біз жалпы дамыту жаттығулар жасадық.
Оқушы: -Біз жүру жаттығуларын орындадық
Оқушы: -Біз өлең оқыдық.
Оқушы: -Біз ойнадық.
Мұғалім: -Балалар, сендер жақсы сөйледіңдер, жаттығуларды
Дұрыс орындадыңдар, қызықты ойнадыңдар.
- Қоштасыңдар!
Оқушылар: -Сау болыңыздар!






Тақырыбы: « Кіші доппен орындалатын
жаттығулар түрі »
Мақсаты:
Білімділік: Баланың әр түрлі әдісте допты лақтырып және қағып
алу, өзінің күшін доптың өлшеміне және доптың ұшу биіктігі мен
ұзақтылығына сәйкестіре алу ептілігін шындау.
Дамытушылық: Баланың көз мөлшерін, қимылының тепе-теңдігі
мен жылдамдығын иық бөлігі мен қол бұлшық еттерінің дамуына
ықпал ету . Шапшандық пен икемділігін және допты беру,қабылдау
әдісін одан әрі жетілдіру.Координациялық қимыл
қозғалыстарын дамыту.
Түзетушілік: Дыбыстық кемістікті түзету, дауыс екпінін
қадағалау, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылығын арттырып,
жеңілпаздыққа баулу. Сабақта орындалатын жаттығулар негізінде
жылдамдық, ептілік қасиеттері арқылы
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: көрсеткіштер, суреттер, таяқшалар,
доптар.
Сабақ барысы:
. Дайындық бөлімі
Мұғалім: -Сапқа тұрыңдар!
-Сап түзе!
-Тік тұр!
-Сәлемдесеміз!
-Саламатсыздар ма!?
-Балалар, қазір қандай сабақ болады?
-Қазір дене шынықтыру сабағы болады.


-Неге олай ойлайсың?
-Өйткені, біз спорт залға келдік.
Мұғалім: -Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кіші допен
орындалатын жаттығулар түрі».
Жоспар:
1. Саптағы жаттығуларды орындау.
2. Дамыту жаттығуларын жасау.
3. Таяқшалармен жаттығулар орындау.
4. Кіші доппен жаттығулар орындау.
5. Ереже оқу.
6. Ойын.
1. Саптағы жаттығуларды орындау.
Мұғалім: -Оңға бұрыл, солға бұрыл, кері бұрыл!
-Оңға бұрыл, залды айналып жүру.
-Саппен жүру.
- Екеуден жүру.
-Үшеуден жүру.
-Бір орында қадам бас!
1-1-1-2-3, 1-1-1-2-3, 1-1-1-2-3

Мұғалім: -Тоқта!
- Солға бұрыл!
-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз саптағы жаттығуларды орындадық.
2. Жалпы дамыту жаттығулары.
а) Басты қалыпта, аяқ иық көлемінде. Қол белде, мойынды оңға,
солға айналдыру
4-рет (мойынға);
ә) Басты қалыпта,аяқ иық көлемінде қол иықта оңға, солға
айналдыру 4-рет (иыққа).
б) Б.қ –қол кеуденің алдында, қол бүгулі, 1-2 артқа сермейміз.

3-4- оңға бұрылып қолды жайып артқа сермейміз (қолға).
в) Б.қ- сол қол жоғарыда, оң қол белде 1-2-денені оңға иілу.
3-4-денені солға иілу (денеге).
г) Б.қ-екі қол белде 1-артқа шалқаю.
2-б.қ, 3-алдыға еңкею, 4-б.қ.
д) Б.қ-аяқты кең ашу, алға еңкею, қол жанында.
1-4 солдан оңға қарай сермеу.
1-4 оңнан солға қарай сермеу.

Мұғалім: -Біз не істедік?
Оқушы: -Біз жалпы дамыту жаттығуларын жасадық.
3. Таяқшалармен жаттығулар орындау.
а) Б.қ-1-таяқ алда, 2-таяқ жоғары, 3-таяқ алда, 4-б.қ келу 4-6 рет.
ә) Б.қ-1-таяқ жоғары, сол аяқ артта 2- б.қ келу, 3-таяқ жоғары,
оң аяқ артта, б.қ. келу 4-6 рет.
б) Б.қ-аяқ иық кеңдігінде-1-таяқ алда, 2-қолды бұру, сол
жанына, 3-қолды бұру, сол қол, оң жанына 4-б.қ. келу 4-6 рет.
в) Б.қ.-аяқ иық кеңдігінде, таяқша жоғарыда, 1-2 солға иілу, 3-4
оңға иілу 4-6 рет.
г) Б.қ.-таяқ төменде, 1-таяқ жоғары, жүреден отыру, 3-қайталау
4-6 рет.

Мұғалім:-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз таяқшалармен жаттығулар орындадық.

. Негізгі бөлім .
4. Кіші доппен жаттығулар орындау.
-Доп қолымызда,аяқ иық көлемінде.
-Допты екі қолмен алдымызға ұстап, допты алға соза отырамыз.
-Доп оң қолымызда денеге тигізбей белді айналдыра сол қолға
допты беру.


-Доп сол қолда, денеге тигізбей белді айналдыра оң қолға допты
беру.
-Доп оң қолда иық тұста 1,2 допты жоғары лақтырып сол
қолмен қағып алу.
-Доп сол қолда иық тұста 1,2 допты жоғары лақтырып оң
қолмен қағып алу.
-Допты екі қолмен ұстап 1-сол аяққа, 2-ортаға, 3-оң аяққа еңкею,
4-тұру б.қ келу.
а) Допты жоғарыдан, төменнен қабылдау.
-Допты жоғарыдан лақтыру.
-Допты төменнен беру.
-Допты жоғары лақтырып, жоғарыдан қабылдау.
-Допты еденге ұрып, төменнен қабылдау.
-Допты бір-біріне домалату.
ә) Допты қатарға тұрып беру.
-Допты бастан асыра беру.
-Сол қолдың арасынан беру.
-Допты аяқтың арасынан беру.
Мұғалім: -Сапқа тұрыңдар!
-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз кіші доппен жаттығулар түрін орындадық.
-Допты жоғарыдан қабылдадық.
-Допты жоғары лақтырдық.
-Допты төменнен бердік.
-Допты еденге ұрып бердік.
-Допты домалаттық.
-Допты қатарға тұрып бердік.

5. Ереже оқу.
«Ойын кезінде басқа баланы итеруге,
әдейілеп иықпен қағып жіберуге болмайды!»

Мұғалім:-Біз не істедік?
Оқушы: -Біз ереже оқыдық.

5. Ойын: «Кім бірінші?»
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Қолдарындағы
допты бір-біріне лақтырып, қайта қағып алу керек. Қай топ
бірінші ойынды аяқтаса, сол топ
жеңіске жетеді. Ойын жалғаса береді.
Мұғалім: -Ойнаймыз
Балалар ойнайды.

Мұғалім: -Біз не істедік?
Оқушы: -Біз ойнадық.
. Қорытынды.
Мұғалім: -Сапқа тұрыңдар!
-Біз сабақта не істедік?
Оқушы: -Біз саптық жаттығуларды орындадық.
Оқушы: -Біз жалпы дамыту жаттығулар жасадық.
Оқушы: -Біз таяқшалармен жаттығулар орындадық
Оқушы: -Біз кіші доппен жаттығулар түрін орындадық.
Оқушы: -Біз ереже оқыдық.
Оқушы: -Біз ойнадық.
Мұғалім: -Жарайсындар!
-Балалар, сендер жақсы сөйледіңдер, жаттығуларды дұрыс
орындадыңдар, қызықты ойнадыңдар.
- Қоштасыңдар!
-Сау болыңыздар!





3 «А» сынып

1.Асан Нариман 23.02.2005 ж
2.Айқаш Бегзат 19.05.2003 ж
3.Ахайдар Қанат 04.04.2004 ж
4. Бабашов Сұлтан 11.03.2004 ж
5.Есімхан Таңшолпан 16.09.2005 ж
6.Жорабаева Аида 11.12.2004 ж
7.Қарсыбай Дәулет 16.11.2003 ж
8.Мұканов Азамат 01.02.2005 ж
9.Тулепберген Әсет 07.09.2004 ж

Балалар тізімі
1. Жорабаева Аида
2. Ерімхан Таңшолпан
3. Асылбек Дана
4. Әсілхан Бану
5. Кадирбек Қарақат
6. Құлтай Шахзат
7. Ережепова Аяна
8. Жанысбаева Нұрай
9. Таирова Жибек

Естімейтін балаларға арналған №2 мектеп-интернаты

«Көңілді ойындар»
эстафеталық жарыстарға
арналған іс-шара жоспары.

Жауаптылар: Г. Танташева
А. Абитова

2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы: «Көңілді ойындар»
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене
шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.
Шапшан қимылдауды, жарыса жүгіруді,координациалық
қимыл қозғалыстарын дамыту.
Эстетикалық және этикалық тәрбие беру. Белсенділікке,
жеңімпаздыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: жалаулар, доптар, шығыршықтар,
секірмектер, аттар, арқан.

I. Ұймдастыру кезеңі.
1. Сапқа тұрғызу
2. Сәлемдесу
3. Топтардың ұранымен таныстыру
4. Іс-шараның ойындарымен таныстыру

II. Негізгі бөлім.
1. Ойын «Жалауды тез жеткіз»
Шарты: Әр топтан 4 бала шығады. Балалар жалауды ұстап
кедергілердің арасынан жүгіреді, межелі жерден жеткізіп,
допты алып қайтады.
Қатысатындар: 1-ші, 2-ші сыныптар.

2. Ойын «Жүйрік ат»
Шарты: Әр топтан 5 баладан шығады. Балалар атты мініп
алып, кедергілерді айналып, жарыса жүгіріп қайтады.
Қатысатындар: 3-ші, 4-ші сыныптар.

3. Ойын «Шығыршықтың арасынан өту»
Шарты: Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар шығыршық
арқылы өтіп, қайта өту арқылы орнына келеді.
Қатысатындар: 1-ші, 2-ші сыныптар.


4. Ойын «Доп жинау»
Шарты: Екі топ қатар бойымен тұрады. Үйшіктегі допты
бір-біріне домалатып беру арқылы, межелі жерге допты
жинайды. Допты бірінші жинаған топ жеңімпаз.
Қатысатындар: 3-ші, 4-ші сыныптар.

5. Ойын «Секіртпемен секіру»
Шарты: Әр топтан 4 бала шығады. 1-ші бала секіртпемен
секіре белгіні айнала қайта оралады, келесі бала
жалғастырады.
Қатысатындар: 1-ші, 2-ші сыныптар.

6. Ойын «Арқан тартыс»
Шарты: Екі топ белгіленген сызықтың бойында арқанның екі
шетінен ұстап тартысады.
Қатысатындар: 3-ші, 4-ші сыныптар.

III. Қорытынды болім.

Мұғалім: Шынықсан шымыр боласың дегендей. Балалар,
спортты серік ете білейік. Осымен біздің көңілді
ойындарымыз аяқталды.

Мақсаты:
Білімділік: балалардың жеңіс күні туралы білімдерін кеңейту.
Патриоттық сезімдерін ояту. .
Дамытушылық: тілдік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Түзетушілік: дыбыс кемшіліктерін түзету.
Тәрбиелік: туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тілдік қор: ардагер,ескерткіштер, жеңіс, жауынгер.
Көрнекілігі: суреттер, көрсеткіштер.
Тәрбиелік іс-шараның барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Тұрыңдар!
-Сәлемдесіңдер!
-Саламатсыз ба!?
-Отырыңдар!
-Бүгін айдың нешесі?
-Аптаның қай күні?
2.Тіл жаттығу.
-Біз сөйлейміз.
Отан үшін отқа түс-
күймейсің!
-Біз не істедік?
-Біз сөйледік.
3.Тәрбиелік іс-шараның тақырыбымен таныстыру.
-Бүгінгі тақырып- «Жеңіс күні-мәңгі ұмытылмас».
Жоспар:
1. Әңгімелеу.
2.Сұрақтарға жауап беру.
3. Өлең.
4.Әңгімелеу.
-Біз әңгімелейміз.
1941 жылы біздің елімізге неміс фашистері соғыс ашты. Соғыс 4 жылға
созылды. Отан қорғауға барлық ұлт өкілдері қатысты. 1945 жылы Мамырда
неміс фашистерін ерлікпен жеңіп шықты. Содан бері 9 Мамыр мерекесін
тойлайды. Соғыста қаза тапқан азаматтарды еске алады.
- Біз не істедік?
-Біз әңгімеледік.
5. Сергіту сәті.
6.Сұрақтарға жауап беру.
- Біз сұрақтарға жауап береміз.
- 9 Мамыр қандай мереке?
- 9 Мамыр-Жеңіс күні.
- Соғыс қай жылы басталды?
- Соғыс 1941 жылы басталды.
- Соғыс қай жылы аяқталды?
- Соғыс 1945 жылы аяқталды.
- 9 Мамыр мерекесін қалай тойлайды?
- 9 Мамыр күні соғыста қаза тапқан азаматтарды еске алады.
- Біз не істедік?
- Біз сұрақтарға жауап бердік.
7.Өлен оқимыз.
9 Мамыр.
Алақай-ай!
Әйгілі
Тоғызыншы мамыр бүгін.
Ұлы күшке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн,
Қырмызы гүл, қызыл гүл,
Құшақтарға енген күн.
-Біз не істедік?
-Біз өлең оқыдық.
8. Қорытынды.
-Біз бүгін не істедік?
-Біз сөйледік,әңгімеледік, сұрақтарға жауап бердік,өлең оқыдық.
-Қоштасыңдар!
-Сау болыңыз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.