Меню
Назад » » »
ЖАҢА АКПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
Т. Оспанов атындағы №68 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Есембаева Калия Мархабаевна

ЖАҢА АКПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу - тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар ғылым, техника, өндірістің дамуымен қатар қуып жетіп отыра алмайды. Сондықтанда олар білім алушылар үшін барлық қажетті уақыт талабындағы ғылыми білімдердің деңгейін барлық кезде көрсете алмайды. Осы себептерге байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама мазмұнын жаңартып, іріктеп отыру қажеттігі туады. Маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа үйлесімдегі барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық жүйелер жасау қажет.
В.И.Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М.И.Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс - әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
 Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
 Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
 Этнопедагокикалық тәрбие береді;
 Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулыйды;
 Оқытушының уақытын үнемдейді;
 Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді.
Мектепте, жоғарғы оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пәндерді модулдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Білім беру үдерісіндегі соңғы уақыттарда көп қолданылып, оң нәтижесін көрсеткен модульдік оқыту технологиясы туралы айтуға болады. Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары бар.
Тиімді белгілерінің бірі - оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым - қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама - шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі - модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы - жаңғырту. Оның мазмұны:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын - ала бағалау;
4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
1. Кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2. Сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3. Қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, информатика сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында - көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі - анимициялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс - тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.
Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
1. Оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
2. Оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
3. Проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
4. Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа - технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық - техникалық базасын жетiлдiру.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.

Әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.Т. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту».
2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
3. Морева Н.А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.
4. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему ЖАҢА АКПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 304 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar