Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңа  акпараттық  технологияларды  пайдаланып,  білім  беру  жүйесін  модернизациялау  үрдісінде  оқушының  шығармашылық  және  интеллектуал -

Жаңа акпараттық технологияларды пайдаланып, білім беру жүйесін модернизациялау үрдісінде оқушының шығармашылық және интеллектуал

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1414 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,
«Қарашық» жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Ерметов Музаффар Ахмеджанович

Жаңа акпараттық технологияларды пайдаланып, білім беру жүйесін модернизациялау үрдісінде оқушының шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту

Бүгінде жүргізіліп жатқан зерттеулер компьютерлік оқыту программаларының тиімділігін көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендірілуі үйренушілердің ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан оқыту программасының интерфейсін жобалау мәселесін ғылыми негізде, әбден ойластырылған жүйелі түрде қарастыру қажет. Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік программалардың безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген.
«Жақсы интерфейс - ыңғайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М.Донской. - Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күйде де, «Мұнда тұрған не бар» - дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол программаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады».
«Қазіргі кезде компьютерлік программалар мен олардың безендірілуі адамның қабілеті мен қызығушылығын ескермей құрылуда, ал бұл адам -компьютер қатынасының көптеген облыстарын зерттелмей қалуына себеп болуда, дейді, шет ел психологтары С.Эллиот пен Дж.Брзезинский».
Де М.Верней мен З.Л.Бердж интерфейс жөнінде былай деп жазады: «Оқыту программасының интерфейсі нашар болса, өте жақсы жазылған курстың мазмұны да игерілмей қалады. Себебі пайдаланушы өзінің көп уақытын интерфейспен танысуға жұмсайды. Сондықтан алдымен интерфейсті дұрыстап құру қажет, үйренуші мен программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет».
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту құралдарының интерфейсін құруда келесілерді ескерген жөн:
Безендіруде жүйелік бағытты қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік бағыт жүйелік безендірудің негізі, ол құрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл бағыт программаны безендіруде дәстүрлі кітаптық әдістерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистика, документалистика, функционалдық, коммуникативтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты бағыттарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Семиотиканы (таңбалар мен таңбалық жүйелер жайлы ғылым) пайдалану информацияны түрлі құрылымдарда құруда оның жалпы мағынасының жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Электронды оқу материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар үйренушінің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылығық деңгейін анықтауға да тікелей байланысты.
Оқу материалына қойылатын негізгі талаптар:
 Мазмұндалу мәтіні өте қысқа және максимум жаңа информация қамтылуы керек. Үлкен көлемдегі мәтінді компьютер экранынан оқып, түсіну өте қиын;
 Үйренуші білетін сөздер мен қысқартуларды пайдалану. Бұл үйренушінің жаңа сөздерді үйрену және есте сақтауын жоғарылатады;
 Семантикалық байланыстағы информациялық элементтерді топтастыру қажет. Мұны құрылымдық принцип арқылы жүзеге асыруға болады;
 Өте маңызды информация экранның сол жақ жоғары бұрышында орналасуы тиіс. Себебі зерттеулер көрсеткендей адамның назары алғашқы болып, экранның осы бөлігіне аударылады;
 Абзацтың негізгі идеясы оның алғашқы жолдарында берілуі керек. Бұл абзацтағы алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына байланысты;
 Графикалық материал мәтінмен үйлесімді түрде құрылуы тиіс;
 Күрделі модельдер мен құрылымдарды бейнелейтін иллюстрациялар (схемалар, карталар т.с.с.) нұсқаулық көмекші сөздермен (подсказка) қамтамасыз етілуі тиіс;
 Оқыту материалының мәтіні дыбыстық эффектілерімен толықтырылуы керек.
Бұл информация қабылдау қабілетін жоғарылатады.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық, көрсеткіштік, жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына тәуелді.
«Бірде - бір үлкен кітап сілтемесіз болмауы керек. Сілтемесіз кітапты терезесі жоқ үймен, көзі жоқ денемен салыстыруға болады. Ал бұларды қолдану оңай емес», - дейді, Я.А.Коменский.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
 Электронды оқулықтың оқытудың негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс. Бұл үйренушіге өзінің оқытудың қай кезеңінде екендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады;
 Гиперсілтемелер оқулықтың қай тұсына алып баратынын дәл және анық көрсетіп тұруы керек;
 Гиперсілтемелердің асты сызылатындақтан, оқулықтың материалында асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс;
 Оқу материалы бір немесе екі беттен аспауы керек;
 Гиперсілтемелер тізбегінде олардың келесі қадамы қатаң логикаға сүйеніп құрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді? Қажет пе?).
 Программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмұн элементтері арасындағы метатэгтер дұрыс қойылуы тиіс.
Информацияны құрылымдау процесін, жылжуды және гиперсілтемелерді ұйымдастыруды білімді бейнелеудің автоматтандырылған құралдарын қолданғанда тиімді болады. Түстер мен формаларды қабылдаудың физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті адамның көңіл - күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Сонымен түстер комбинациясы да адамға түрлі әсер береді. Оқыту программаларын жобалағанда түстер мен формаларды қабылдаудың келесі физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек:
 Қызыл, қызғылт, сары түстер адамға тітіркендіргіш ретінде әсер тигізеді. Мұндай әсер адамның нерв клеткаларын белсендіріп, информацияны қабылдау қабілетін жоғарылатады;
 Көк, көгілдір, жасыл дем алдырушы, ұйқы келтіргіш түстер;
 Қоңыр, ашық - қызыл, сұр, жасыл - сарғыш түстер нейтрал түстер;
 Екі түстің қосылысы, фон мен таңба түстері көру ыңғайлылығына әсер етеді. Кейбір түстер жұбы тек шаршатып қоймай, стресс жағдайына дейін жеткізуі мүмкін (мысалы: қызыл фонда жасыл түспен көрінген әріптер);
 Программада қолданылатын шрифтерді таңдауда келесілерді ескерген жөн: бас әріптер кіші әріптерге қарағанда ауыр қабылданады; түзу сызықтар арқылы жазылған цифрлар жеңіл қабылданады; т.с.с.
 Шрифт пен фонның ең жақсы қабылданатын жұптары: қара - көк фонда ақ әріптер, ақ фонда қара әріптер, көк фонда сары әріптер;
 Ақ фон түр - тұрпаттың ең күшті құралы болып табылады;
 Кез - келген фондық сурет пайдаланушының көзін тез шаршатып, материалды қабылдау тиімділігін төмендетеді;
 Адамның санасына мультипликация да қатты әсер етеді, анық, ашық түсті суреттер жылдам ауыстырылып отырса санада оңай сақталады;
 Құрамында қозғалып тұратын объекті (анимация) бар оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады.
«Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ қолдану қажет. Әлемді таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда, пайдаланушының тез шаршауына соқтырады да, бұл өз тарапынан бүкіл жүйенің жұмысын қабылдамауға әкеледі», - деп жазады М.Донской.
Енді электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін қарастырайық. Электронды оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін - график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады.
Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, пайдаланушының бір оқу материалын бірнеше рет қайталап шығуына мүмкіндік туғызады. Бұл оқу материалын есте сақтауды жақсартады.
Сонымен компьютерлік оқыту жүйелерін даярлауда пайдаланушы интерфейсін жобалау маңызды мәселе назарда болуы тиіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.