Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖАҢА БАСТАМА, ЖАҢА ҰСТАНЫМ -

ЖАҢА БАСТАМА, ЖАҢА ҰСТАНЫМ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1150 | Размер: | Автор: гость
. «ЖАҢА БАСТАМА, ЖАҢА ҰСТАНЫМ»
Гүлмира Шинтаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен тәмамдаған соң, еңбек жолын Екпінді жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Ол өзінің кәсіби біліктілік деңгейін шәкірттерге білім мен тәрбие беруде алғашқы жылдан бастап-ақ көрсетіп келе жатыр. Педагогикалық еңбек өтілі аз болса да, өзінің біліктілігін арттыру мақсатында осы оқу жылының қыркүйек айында ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының 3 (базалық) деңгейін оқып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп шықты. «Ұстазы білімді жас ұрпақ қана еліміздің болашағын көркейтер азамат болып жетіледі»,- демекші, Гүлмира оқытудың заманауи әдістерін тиімді қолдана білетін, сабақты жаңаша үрдіспен өткізуге дағдыланған маман. Ол өзінің әрбір сабағында деңгейлік курс бағдарламасының жеті модулін тиімді пайдаланып, оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуіне, сауаттылығына аса көңіл бөледі. Оның дәлелі, ақпан айында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулу» тақырыбында өткізілген аудандық семинарда 6-сыныпта «Етіс. Етістің түрлері» тақырыбындағы ашық сабағына қатысқан аудан мұғалімдері жоғары баға берді. Сонымен қатар ауданда өтілетін түрлі іс-шараларға, байқауларға қатысқан оқушылары орын алып, ұстаздарды қуантуда. Атап айтсақ, «Мен көп тіл білемін» байқауына қатысқан Нұржан Ақнұр жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Гүлмира аудандық тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында Гүлмира Шинтаева «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында облыс мектептерінің Үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру курсының сертификатталған мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Жаңа бастама, жаңа ұстаным» байқауына қатысып, сынға түсті. Екі күнге жоспарланған бұл байқаудың мақсаты – шығармашыл, талантты және кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары мұғалімдерді айқындау, оларға қолдау көрсетіп, ынталандыру. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар креативті түрде өзін-өзі таныстырып, өзінің ерекшелігін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Екінші кезеңінде қатысушылар өз пәндері бойынша таңдап алған тақырыптағы орта мерзімді жоспарын ұсынып, оны қорғай білді. Үшінші кезеңінде оқушылармен өткізілген бір сабақта қолданылған әдістің тиімділігін түрлі дереккөздерді пайдалану арқылы дәлелдеп шықты. Төртінші кезеңінде эссе жазу тапсырмасы берілді. Қатысушылар «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» тақырыбында эссе жазып шықты.
Байқауды ұйымдастырып отырған «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы қызметкерлерінің әділ-қазылар алқасы үміткерлердің байқауға үлкен дайындықпен келгенін ескеріп, байқаудың әр кезеңіне шынайы баға беріп отырды.
Байқау нәтижесі бойынша әріптесіміз Шинтаева Гульмира ІІ орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталып, аудан және мектеп мерейін үстем етті.
«Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек» дегендей, осындай игі істерге ұйытқы бола білген әріптесімізге келешекте де қажымай еңбек етуіне, шығармашылық табыстарға жетуіне тілектеспіз.
Ұлдар Абишева
Төлеби ауданы,
Екпінді жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.