Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп өзімнің іс-тәжірибеме өзгеріс енгізуге -

Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп өзімнің іс-тәжірибеме өзгеріс енгізуге

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1160 | Размер: | Автор: Публикатор
. Эссе
Шымкент қаласы №58 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбиева Назгүл Жаңабекқызы
Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін жаңа бастамаға қадам жасаудан қорықпаймын.Оқып жатқан жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп өзімнің іс-тәжірибеме өзгеріс енгізуге дайынмын. Өйткені заман талабы осыны қажет етеді. Шәкірттердің өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі өзекті жағдай.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел,шығармашылық жағынан қабілетті,сын тұрғысынан ойлайтын,іскер және білімді тұлға даярлау барлық ұстаздарға қойылатын талап. Сондықтанда жеті модульді әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына,тілдік әрекетке өзгеріс енгізе алады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін сезінген баланың ойлау деңгейі дамиды. Курс басталғанға дейін мен қандай едім? Сабақ басталады, қырық бес минут бойы оқушылар менің қарамағымда. Жаңа сабақты өзім түсіндіремін, өзім көп сөйлеп,өзім сұрақ қоямын. Бұл мен үшін қалыпты жағдай сияқты көрінетін. Ал оқушылар болса, екі-екеуден партада тізіліп, қолдарын айқастырып, түп-түзу отырып мұғалімді тыңдайтын. Сынып ішінде ешқандай артық қимыл,әңгіме,болмайтын. Оқушылар шуламай тыныш тыңдап отырса, сөйлемесе, қозғалмаса сол ең жақсы сабақ болып есептелетін. Курстан кейін менің көзқарасым түбегейлі өзгерді. Осы уақытқа дейін менің ұстанған бағытым дұрыс емес екен деген ой туындады. Бірінші «Бетпе-бет»кезеңінде курстағы мұғалімдермен бірлесіп жасаған жұмыстарымыз,пайдаланған әдістер, жұпта, топта қорғаған постерлеріміз маған қатты ұнады. Оқып үйренген әдіс-тәсілдеріміз, мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастардың орнауы менің өз жұмысыма басқаша қарауыма әсер етті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.