Меню
Назад » » »
Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
загрузка...

загрузка...
Толисбаева Арай Аксейтовна,
№12 Қ.Сәтпаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту

Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Біз азаматтық қоғамда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын тіршілік етудің табысты негізі деп анықтаймыз, сондықтан құқықтық мемлекетте нарықтық қатынас жағдайында, мына сан құбылып тұрған әлемде азаматтарды нақ осы аспектіде тәрбиелеуге тоқталамыз. Әсіресе, Қазақстан Республикасындағы білімнің мақсаттары мен міндеттерін анықтауда соңғы ғылыми-теориялық, методологиялық құжаттардың талдауы бойынша, «адамды ойлауға үйрету үшін» өсіп келе жатқан ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту - қазіргі кезде білім беру ісінде басты қажеттіліктердің бірі.
Сыни ойлауды дамыту –оқушының өз бетімен оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бағалау, өздігінен дамуын қамтамасыз етеді, оқу тәрбие процесіне интерактивті қосылу арқылы оқушы өзін іс жүзінде көрсете алады, әртүрлі жағдайларда бүгінде талап етілетін маңызды істі жете білушілік қайсыбір проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ жоспарын 3-кезеңнен құру керек:
1-кезең: «Қызығушылығын ояту»
2-кезең: «Мағынасын ашу»
3-кезең: «Ой толғаныс»

Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй құстары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстардың жабайы және қолда өсірілу себебі туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Құстардың пайдасы туралы қосымша түсінік беру.
Тәрбиелік: Құстарға деген адами сезімдерін ояту, оларды қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі.
Сызбалар, топтық тапсырмалар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
4-топқа бөлу: 1-топ: «Аққу», 2-топ: «Қарлығаш», 3-топ: «Үйрек», 4-топ: «Қаз»

Психологиялық дайындық:
Құстар біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар тойын құттықтап,
Ұя жасап, ұқыптап,
Көктем сайын тосамыз.
Қуантамыз, қорғаймыз,
Біз оларды қолдаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау. «Ротация» (Ауыстыру) әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Ол үшін 4-топқа 4 тапсырма жазылған қағаздар үлестіріліп, әр топ әртүрлі маркермен өз жауаптарын жазады. Одан кейін қағаздарын келесі топқа сағат тілімен айналдырып, ол топ өз жауаптарын жазады. Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше, жалғаса береді. Барлық топтың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір түйінделеді.
Үй тапсырмасы: «Жабайы және үй жануарлары»
Сұрақтар:
1-топ.
Үй жануарларының жабайы жануарлардан қандай айырмашылығы бар?
2-топ.
Жануарлар немен қоректенеді?
3-топ.
Жануарлар қыста қалай қыстайды, жылынады?

4-топ.
Берілген сөздердің ішінен үй жануарларын бөлек, жабайы жануарларды бөлек жазыңдар.
-арқар, бұғы, марал, ешкі, аю, сиыр, қоян, сілеусін, мысық, барыс, лақ, қолтырауын, күшік.

Жаңа сабақ. «Қызығушылығын ояту»
«Құстар» тақырыбында бейнекөрініс көрсету. Сол бойынша сұрақтар қою.
1.Бейнекөріністен нені тамашаладыңдар?
2.Құстардың қандай түрлерін көрдіңдер?
3.Осы құстардың қайсысы қайда мекендейді?
4.Тоқылдақ үй құсы ма, жабайы құс па?
Бүгінгі өтетін жаңа сабақтың жабайы және үй құстары туралы екенін осылай анықтап аламыз.

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді 4 бөлікке бөліп, әр топқа оқуға беру.
-жеке өзі оқиды
-жұппен оқиды
-топпен талқылап,бір оқушы қорытындысын айтады.

Дәптермен жұмыс.
«Орманшы қарттың жұмбақтары» жұмбақтарды шешу және дәптерге жазу
1.Ағашта болсам егер мен,
Хабар беріп «морземен»,
Тұмсығыммен емдеймін,
Сосын көңіл демдеймін. (Тоқылдақ)

2.Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Үкі)

3.Екі сөзден тұрады,
Құстың аты-құрамы.
Сызсаң егер «Бір» сөзін,
Ас пісірсем, көр өзін. (Бірқазан)

4.Мойны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (Аққу)

Сергіту сәті.
Құстардың даусы басылған үнтаспаны тыңдату.

Мазмұнын ашу. Шығармашылық тапсырмалар.
1-топқа: «Құстар - табиғат көркі» тақырыбында қабырға газетін шығару.
2-топқа: «Венн диаграммасын» толтыру, яғни жабайы құстар мен үй құстарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жазу.
3-топқа: «Құстар - қанатты достар» тақырыбында сурет салу.
4-топқа: «Құстар біздің досымыз» тақырыбында берілген суреттер бойынша ертегі құрастыру.

Берілген тапсырмаларды орындауға 10 минут уақыт беріледі.Осы уақыт ішінде әр топ тапсырмаларын ортадан талқылап,орындайды және уақыт аяқталғаннан кейін өз тапсырмаларын қорғап шығады.

Кері байланыс. «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша қорытынды шығару.
-Мен бүгін......білдім.
-Маған.......қызықты болды.
-Маған...... қиын болды.
-Мен келесі тапсырмаларды орындадым:........
-Маған........ұнамады.

Бағалау. Оқушылардың білімі топ басшыларына таратылған бағалау парақшасы арқылы және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма.
Мәтінді оқу. «Құстарды қорғау-әр адамның міндеті» тақырыбында шағын әңгіме жазу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 240 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar