Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ӨТКЕН БІР САБАҚ -

ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ӨТКЕН БІР САБАҚ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5613 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ӨТКЕН БІР САБАҚ
Анарова Хуликар Сармановна
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы
№41 Жамбыл жом
Ана тілі, 1-сынып

Оқытудың жаңа технология элементтерін пайдалана отырып сабақ өту бүгінгі заман талабы екені анық сезілгендей . Осы орайда жаңашылдықпен тиянақты әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сабақ өту – тәрбие үрдісін ұйымдастыру , білім мазмұнын өзгертіп жаңа жетістіктерге қол жеткізу бүгінгі өмір заңы десек артық айтпаған болар едік. Шәкіртті оқыту тәрбиелеу, олардың өзара дара тұлға болып қалыптасуын қадағалауда қандай жаңашылдық керектігі сезіледі. Қарым-қатынасын жетілдіріп, балалардың танымдық, сезімдік құндылықтарын іс- жүзінде байқай білудің өзі үлкен жауапкершілік.
Бағдарламаның басым бөлігіне қарап отырсақ , түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, мұнда негізінен сындарлы оқыту теориясын қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен , оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады,яғни қазіргі жастар арасында кеміп бара жатқан ынтымақтастық атмосферасы қалыптасатынын байқадық.
Осы орайда мен бағдарлама бойынша және өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, 1 сынып оқушыларына ана тілі пәнінен «Бәйшешек, Жауқазын» деген тақырыпта сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Бәйшешек, жауқазын өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып көктемнің алғашқы гүлі екенін ұғыну. «Кім? Кімдер?» , «Не? Нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздер арқылы сөйлем құруды үйрену .
Сабақтан күтілетін нәтиже:Бәйшешек пен жауқазын көктемнің алғашқы гүлі екенін үйренеді . «Кім ? Кімдер?» , «Не ? Нелер?»сұрақтарына жауап беретін сөздер арқылы сөйлем құра алады .
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдерім: «Өрмекші торы» , «Венн диаграммасы», «Сұрақ – жауап» , «Жылдам жауап».
Сабақ бастамас бұрын сәлемдесіп, сынып тазалығына мән беріп,оқушыларды түгелдеп , оқушылардың жай күйін біліп алдым . Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сергіту сәтімен бастап, топқа бөлдім. Оқушыларға «Еден жуу» ойынын ойната отырып 3 топқа бөлдім.Бұл ойындыжас ерекшеліктеріне сәйкес келгендіктен таңдадым. Бірінші топ «Бәйшешек», екінші топ «Қызғалдақ», үшінші топ «Жауқазын» болды.
Келесі кезең үй тапсырмасын сұрау болды. Оқушыларға үй тапсырмасын пысықтау үшін «Өрмекші торы» әдісін қолдадым. Оқушылар жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмекші торын жасап , үй тапсырмасы туралы сұрақ – жауап өткізіп , танымдық қабілеттері дамиды.


Мысалы, Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?, Көкектің қандай ойы болды?, Сауысқан ұяны қалай салды? Көкек қандай құс екен? – деген сұрақтарға, оқушылар бір – бірінің сұрақтарына жауап берді.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп оны жақсарта және кеңейте алады. Бірақ «өрмекші торы» әдісінде оқушылар уақытты үнемдей алмады. Өйткені, бір-біріне сұрақ қоюда оқушылар қиналды, себебі оқушылардың тіл байлығы аз , ойлау қабілеті дамымаған . Кейінгі сабақтарымда басқа әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту модулін назарға ала отырып қолданамын.
Ақпараттық - коммуникативті технологиялардың дамуы бүгінгі таңда кіші жастағы балалардың көпшілігі өмірде пайдаланып отырды. Мысал келтіретін болсақ, интерактивті тақта, ұялы телефон, магнитофон, калькулятор, компьютерді пайдалануды меңгере алады. Сонымен оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудардым.Жаңа сабақты видеобейне арқылы аштым. «Сұрақ - жауап» әдісін қолдана отырып «Бәйшешек және жауқазын» атты жаңа сабақты хабарладым. Оқушыларға қойылған сұрақтар мысалы, «Видеобейнеде не көрдік?» ,«Қазір қай мезгіл?»,» Көктемде қандай өзгерістер болады?»- деген сұрақтар болды. Оқушылар көктемде бізге көктемнің алғашқы хабарын жеткізетін қандай гүлді білесіздер? – деген сұраққа Хадича деген оқушым «Бәйшешек» деп жауап берді , яғни жаңа сабағым ашылды. Кейін осы гүл туралы жазған авторы Н.Әлімқұловтың өмірбаянымен видеоролик арқылы таныстырдым . Жаңа сабақты топтық тапсырма түрінде бердім. Оқушылар өленді бірінші өздері оқып шықты . Кейін топта жұптық әңгіме болды , сосын топ бойынша пікірлесіп ,топ басшы сайланып әңгімелеп берді. Тағы да сұрақ қойдым . Осы гүлден басқа қандай гүлдер түрлерін білесіздер? Тобы мен пікірлесе отырып, оқушылардан сұраққа жауап алдым.
Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс берілді. 89- жаттығуды орындаттым.
Осы жерде қолдарын көтеріп Х деген оқушы мен Ж деген оқушыларым өздерінің дарындылығымен байқалды. Мамандықтар бойынша сұрақтарға жауап берді. Мысалы, Машинаны кім жүргізеді?, (Жүргізуші), Көмірді кім қазады? (Шахтер), Электрді кім жөндейді? (Монтер) деген сұрақтар . Баланың жан-жақты және тұрақты қызығушылығы, оның тек дарындылығы ғана емес, тәрбиелігінің белгісі. Аса дарынды балалардағы осы қасиеттің негізі, олардың кең мүмкіндігі мен жан- жақтылығы болып табылады. Қызығушылық аясының кеңдігі-түрлі тәжірибе негізі болады.
«Кім?»,«Кімдер?» деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: аға, ат, ұшқыш, «Не?»,«Нелер?» деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады, деген қағиданы оқушылар хормен оқиды.Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар? деген сұраққа, оқушылар 90-жаттығуны ауызша орындайды. Өйткенісабағымда заттың атын білдіретін сөздерді талқылау керек еді. Соны оқушылар мен бірге жасадық.
Оқушылар көңіл – күйін көтеру үшін, АКТ ны пайдаланып «Қамажай әуеніне» билейді.
Жаңа сабақты пысықтау үшін Венн диаграммасын қолдандым.

Бұнда оқушылар топпен жұмыс істейді және әр топ постер қорғайды. Бәйшешек пен жауқазынның ұқсас жағын жазады.Тапсырма барысында әр топты өзім көшбасшы болып бақылап жүрдім. Әр топ өздеріне берілген топтық тапсырманы дұрыс орындап тақырыптың мазмұнын аша алды. Сабақ барысында біліміне ғана емес топтық жүйедегі әр баланың қатысуын ынталандырып отырсақ оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді деп санаймын. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, пән бойынша өз түсініктерін арттырып отыру қажет. Сыныбымдағы жас ерекшелігі балалық, жеткіншек шақ. Балалардың жасына қарап сыни ойлатуға үлкен көңіл бөліп отыру қажет деп санаймын. Дұрыс тұлға болып қалыптасқан бала, алдағы өмірде де қадағалап отырса нағыз идеал болып жетісуіне сенуге болады. Балалық шақта меңгерген білімін саралай отырып жас жеткіншек шақта қолданысқа енгізетін болсақ, олардың достық қарым-қатынасын нығайтатын болсақ, ол бала жеткіншек шақта терең ойлы, білімді ұрпақ ретінде қалыптасады. Сонымен әр топтағы оқушылар берілген топтағы тапсырманы орындап, бір-бірімен пікір алмасып ортаға шығып презентация жасады. Қорғау барысында оқушының сөздік қоры молаяды. Менің ойымша егер осындай топтық тапсырманы дұрыс ұйымдастыра беретін болсақ оқушының қарым-қатынастарын қалыптастырып, өзінің өмірлік көзқарасының түсінігін тереңдетеміз. Оқушы еркін сөйлеуге үйреніп, сабаққа деген ынтасы артады.
Келесі тапсырмада оқушылар дәптермен жұмыс жасады . 91- жаттығуды орындады .

Сосын сөздік диктант алдым . Бұл кезде «Кім?»,« Кімдер?», « Не?», «Нелер?» сұрақтарына екі бағанға топтап жаздыртамын. Әр бір топ келісіп түрлі –түсті қағаздарды кесіп , соған берілген тапсырманы жазып бір параққа жапыстырады . Бұл тапсырмада топтағы әр бір оқушының жеке жұмыс жасағаны білініп тұрады. . Оқушылардың арасында осы тапсырма бойынша топтық жұмысты бақылап жүргенімде бос отырған оқушы жоқ деп түйдім. Әр оқушы берілген тапсырма бойынша өзінің ойын қосып толықтырып отырғандарын байқадым. Оқушылардың қабілеті күнделікті берілген жеке, жұптық, топтық тапсырмалар беріліп отырғанда байқалып отырады. Мектеп ата-ана, оқушы әр қашанда тығыз байланыста болып тұру керек
Сабақты қортындылау үшін «Жылдам жауап» әдісі арқылы жаңа сабаққа байланысты бірнеше сұрақтар қойдым . Мысалы, көктем айларын атаңдар?, Көктемде өсетін гүлдерді атаңдар? Оқушылар бұл сұрақтарға жылдам жауап берді.
Сабақ соңында оқушыларды бағалау кезінде геометриялық фигуралар арқылы бағаладым. Мысалы, жасыл түсті дөңгелек " білемін", сары түсті шаршы "білетін сияқтымын", қызыл түсті ұшбұрыш "түсінбедім" деген мағынаны береді. Жоғары деңгейдегі Х деген оқушым ойлау қабілетінің жылдамдығы белсенділігі, есте сақтау, топпен жұмыс жасаған кезде топтағы төмен оқушыларға көмек көрсете отырып оқушының қасиетін аша біліп, ынталандыра алды. Сол үшін бұл оқушыға жасыл түсті дөңгелек бердім. Орта деңгейдегі И деген оқушым тақырып туралы сұрақтарға нақты жауап берумен шектеліп отырды сол үшін бұл оқушыға сары түсті шаршы берілді. Төмен деңгейдегі С оқушым сұраққа өз ой - пікірін айтпады, жауапты оқып берді. Сол үшін бұл оқушыға қызыл түсті ұшбұрыш бердім.
Сабақты қорытындылауда бүгінгі сабақта қай топ жеңіске жеткенін жарияладым. Өйткені ол топ басқа топқа қарағанда жылдамдығын, белсенділігін көрсете алды. Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жазу айтылды . Мысалы , Не үйрендім? , Не үйренгім келеді ? деген сұрақтарға стикерге жауап жаздырып , өздері тілек ағашқа апарып жабыстырады.

Үйге тапсырма «Бәйшешек» және «Жауқазын» өлеңдерін жаттауға берілді. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін қосымша тапсырма ретінде көктем гүлдерін суретін салуға және көктем айына байланысты өлең жаттап келуға берілді. Сабақ соңында Бағдарлама талабына сай өткізген сабағымның қорытындысын шығару үшін балалардың рефлексияларын бақыладым. Балалардың жазған рефлексияларынан көтеріңкі көңілдері мен шексіз қуаныштары аңғарылды. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті. Интерактивті тақта мен компьютердің сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізген әсері ерекше болды. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Өмір барысында қарым-қатынас таным белсенділіктері өзін өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру,өзгерту белсенділіктері дамиды.Оқушының өзі де кунделікті өмірдің жағдаяттарында өз іс-әрекеттерімен ерекшеленіп тұрады.Ол өзінің талаптарын үлкендерге орындатқанда белсенді,қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді.Ол адамдарға деген ұнату,ұнатпауы және заттарға деген керек,керек емес,жақсы көретін,жақсы көрмейтін өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді.Бұл қатынастар оныңіс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып,пайда болады.


Тоқетерін айтатын болсам, мен үшін алатыным көп, келешек оқушыларға берері көп бағдарлама деп есептеймін. Осы жобамен сабақ өтту қазіргі заманғы жастардын бағытын білімге бағытауға болатындай жоба деп ойлаймын.Техниканың ғарыштап самғаған заманында,алпауыт елдермен тереземізді тең ұстау үшін таптырмас бағыт деп ойлаймын. «Арқам тамға қолым нанға жетсе екен деп»армандаған Абылай бабамыздың ақ арманы орындалған заманға жеткен бақыты ұрпақ емеспіз ба?.Тәуелсіздікті алу қандай қиын болса, оны сақтап қалудың өзі сондай қиын. Несібемізді өзгеге жегізбей сақтап қалу ұшін , әлем елдерімен бәсекеге түсетіндей сапалы білім беру бүгінгі заман талабы екені бәрімізге аян. Сыни тұрғыдан ойлап ,өз ойын толық анық жеткізе алатын жасттарды тәрбиелеу біздің міндетіміз болса,осы елдін болашағының жарқын әрі айбынды болуы біз тәрбиелеп отырған жастарымыздың арқасы деп ойлаймын. Ол үшін қазіргі заманда барлық жағдайлар жасалып жатқанынын куәсі болып отырмыз. Қаншама жастарымызға шетелдерге барып білім алуына жағдай жасалуы, мемлекетік гранттардың көбейуі. Осының барлығы қазіргі жастарға жасалып отырған керемет мүмкіндік деп ойлаймын.
Елбасымыз бір сөзінде «Талантты жастар ауылда, сондықтан ауыл жастарына көп көңіл бөлуіміз керек» деген сөзі ауыл жастарына үлкен үміт пен мүмкіндік жолын ашып отырғандай. Қазақстан жастарының білім саласына назарын аудару,өз пікірін айта алатындай сыни тұрғыдан ойлай алтын жастары елді дамытады.
Мен өзімнің сабағымда оқушыларға деген, олардың маған деген шынайы қарым – қатынас орын алғандықтан, сабағымда жақсы нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым. Осылайша Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген сабағымнан Бағдарламаның негізінде оқытуға қызығушылығым арта түсті. Көптен күткен серпіліс енгізіп отырған оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті, сондықтан құзырлығымды арттыру мақсатында, бұл жаңама әдіс – тәсілді өзім үшін әлі де болса тереңірек меңгеріп, тәжірибеме енгізуді көздеп отырмын. Өсіп келе жатқан еліміздің болашақ қалаушыларына жоғары деңгейлі білім беруді негізгі мақсат етіп алдым, себебі біздің алдымызда қызықты да қиынды үлкен міндеттер тұр. Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал ететін бүгінгі ұрпақты білім шыңына бағыттау – мен үшін әрі өмірлік ұстанымым. Оқытудағы басқару мен көшбасшылығым – өз білімімді жетілдіріп, кәсіби біліктілігімді арттыру деп түсінемін. Бағдарламаның оқыту тәсілдерімен өткен сабағымда оқушылар тапсырмаларды орындауға өте қызығып кірісті. Олар тапсырмаларды орындау мәнін білді, және алдында алған білімдерімен қалай байланыстыратынын және қалай одан өзіне қорытынды жасауды түсінді. Еңбек сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектебімізде заман талабына сай оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды толықтай пайдалана алсақ, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндік барлық оқу кабинеттерінде қол жетімді болса, интер белсенді тақталарды, дербес компьютерлерді қолдансақ талай мақсаттар орындалатыны сөзсіздеп өз сабағымды қорытындылар едім.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 .Мұғалімге арналған нұсқаулық..2012.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.