Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ -

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1802 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
№110 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Жуланова Баян Айбековна

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Білім беретін оқу орындарында оқушылардың математикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі бірқатар ұғымдарды айқындау қажеттігін талап етеді. Олар «мәдениет», «технология», «математикалық мәдениет».
Педагогикада мәдениет ұғымы қалыптасуының өз тарихы бар. Орта ғасырда дәнді дақылдарды өңдеудің латын сөзімен cultura аталатын едәуір прогрессивті және жетілдірілген жаңа тәсілдері пайда болғанда, оның бұл ойдағы, мағынадағы ұғымның қаншама өзгеретінін және кеңейетінін ешкімде болжамады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер және т.б. Бұлардың арасында ең түбегейлісі –мәдени әрекет. Әрекеттену-жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге , таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің мәдени деңгейін көтереді.
Математикалық мәдениеттің жас өспірімдердің мүлтіксіз және заңдылықты жүйемен ойлау қабілетін тәрбиелеудегі алар орны мен ролін белгілі дәрежеде жұртшылықтың мойындағаны белгілі. Математикалық білім беруде үйренушінің дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, оны дамыту барысында атқаратын ең басты міндеті ретінде тәрбиеленушіге дәйекті аргументациялардың толыққандылығын уағыздау, ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады.
Математикалық талғам логикалық тұрғыдан ойлау, таным, талдау, деректерді салыстыру және қорытындылау қабілеттеріне негізделеді. Ол үздіксіз өзгеріске түседі, молаяды, жаңа мазмұнмен толықтырылады, адам өмірінің барлық саласында жетілдіріледі.
Жоғары сынып оқушыларының осы сапаларының дамуына тарихы мен мазмұны терең пирамидаларды (әртүрлі геометриялық денелерді т.с.с.) жасау барысындағы шығармашылық тапсырмаларды орындау ықпал етеді. Математикалық баға беру мен пайымдау әртүрлі геометриялық денелердің т.с.с. тарихи даму ерекшеліктері туралы білімін меңгертуде жоғары сынып оқушыларының ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығуын арттырады. Жоғары сынып оқушыларының математикалық талғамын қалыптастырудың келесі кезеңі – математикалық белсенділік.
Математикалық белсенділік – тұлғаның ізденуіне жол ашады, математиканың халық өміріндегі мәні мен маңызын математикалық таныммен зерделеуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесін қосуға талпындырады.
Математикалық тілдің маңызды компоненті таңба болып табылады.
Математиканы оқытуда қолданылатын таңбалар екі топқа бөлінеді:
а) сызбалар түсінігін сәйкес бейнелейтін таңбалар (мысалы, ║);
б) түсініктің мәнін жанамалы бейнелейтін таңбалар (+, %, √ және т.б.).
Егер бірінші топтағы таңбалармен жұмыс істеу үлкен қиындықтар тудырмаса,онда екінші топтағы таңбаларды оқушылардың меңгеруі үшін мұғалімнен мақсатты түрде бағытталған жұмыс талап етіледі.
Көптеген таңбалар сәйкес түсініктің терминінің алғашқы әріпін бейнелейді немесе кейбір түр өзгерісінің нәтижесінде алынған. Мысалы:
d – бірінші әріп латын сөзі droit – түзу;
π – грекше – шеңбер;
√ – латынша radix – түбір;
D (а,ә) – бөлуші қазақ сөзінің бірінші әрпі;
К (а,ә) – қысқа атты қазақ сөзінің бірінші әрпі;
t – ағылшынша time – уақыт ;
– французша valeur – жылдамдық;
– латынша longus – ұзындық;
t – латынша temperature – жылы;
F – ағылшынша Force – күш;
g – ағылшынша gravitation – тартылыс ;
h – грекше hypsos – биіктік ;
H – грекше Homotetia – бірдей орналасқан;
R – reel француз сөзінің бірінші әрпі – нақты;
S – ағылшынша square – аудан;
V – французша volume – көлем;
– латынша Combinatio – m элементтерден n бойынша үйлестірімділік;
– латынша Permutatio – m элементтерінен ауыстырымдылық;
– французша Arrangement – m-нен n бойынша орналастыру;
– французша imaginaire – жорамал;
– латынша differentia – айырмашылық;
– латынша functio – орындалу,әрекет,байланыс;
– интеграл белгісі,бірінші стильге салынған S әрпі (латынша Summa) – қосынды (қорытынды);
V – дизъюнкция таңбасы (латынша disjunctio – бөліну),латынша vell – немесе;
– элементтің жиынға тиістілік белгісі, грек сөзінің бастапқы әрпінен жасалады,орысша бар деген мағынаны береді;
U – ағылшынша Union – біріктіру;
– жалпылықтың кванторы,орысша барлық,кез келген,әрбір деген мағынаны білдіретін alle неміс сөзінің бірінші төңкерілген A әрпі;
– бар болудың кванторы,орысша бар болу (жасау) деген мағынаны білдіретін неміс сөзі Existieren (ағылшынша exist) E – алғашқы әрпінің төңкерілген әрпі;
℮ – натурал логарифмнің негізі, Eulerдің (Эйлер) бірінші әрпі; функциясын экспонента деп атайды және expx деп белгілейді (латын сөзі exponenta – көрсетуі,көрсеткіш).
Таңбалар туралы мағлұматтарды олардың енгізілген уақыты туралы және сол немесе басқа таңбаның авторы туралы мәліметтермен толықтыруға болады.
Сабақтарда жүргізілетін математикалық түсініктердің (терминдер мен таңбалар) шығуымен оқушыларды таныстыру барысындағы жұмыстарды басқа да сабақ түрлерімен толықтыруға болады: үйірме сабақтары, факультативтік сабақтар, математиканы тереңдетіп оқыту, математикалық кештер, сыныптан тыс оқулар, математикалық қабырға газеті, қорытынды жалпылайтын сабақтар және т.б., мұнда оқушылар сәйкес келетін тарихи-генетикалық мағлұматтармен, терминдерді, таңбаларды ашушы ғалымдардың шығармашылығымен кеңінен танысады.

Әдебиеттер:
1. Әбілқасымова А.Е. , Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Білім, 1998,- 208б
2. Бейсеков Ж. , Рахымбек Д, Шарипов Т.А Орта мектепте математиканы оқытудың әдістемесіне арналған оқу құралы. – Шымкент, 1003,- 180б
3. Гастева С.А. и др. Методики преподавания математики в восьмилетней
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.