Меню
Назад » » »
Жаңа технологиямен сабақ беру - заман талабы
загрузка...

загрузка...
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға орта мектебі, Тулегенова Маңғаз Алпысбаевна. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жаңа технологиямен сабақ беру - заман талабы
Оқушыға кеңес берудің тиімді тәсілдерінде оқушы өзі айтқан деректің,пікірдің маңыздылығын ашып, оның ойына кедергі болатын заттардан аулақ болуға және сабақты жақсартудың жолдары бала қабілетінің шындалуы екенін түсіндік. Осы сабақтан түйгенім:әр оқушы бойынан ынталандыру қабілетін ашатындай іс атқара отырып, бала қабілетін шыңдап,аз жасаса да мадақтау керек.Біз құндылықтар туралы ойымызды жүйеледік.Онда мұғалім бойына қалыптасатын құндылық; өзіндегі бар білімін бере білу,кері байланыс әсерін оң әсерге өзгерту, өз тәжірбиесін жақсартушы,өзін-өзі салыстыруы,кәсіби рөлі жоғары,жаңашыл, кеңес алушы, өз қателігін,кемшілігін түзеуші күш иесі екенін таныдық. Мұнда ұстаз әлеуметтік жағдайға қарамай,пәнін жақсы түсіндіру үшін жол іздеуі керек. Жаңа тәсіл оқушының пәнге деген қызушылығын оятады.Оқушымен жеке жұмыс жасаймын. Әріптесімнен көмек сұрап,жіберген қателігімді ізденіс немесе сауалнама арқылы тауып, сабақ үстінде оқушылардың еркін сөйлеп,өз ойын айтатындай сынып ішінде қарым-қатынас орнатамын. Қателік болған жерде жаңа ізденіс көзі ашылады.Адам оны болдырмау үшін амал ойлап табады. Мен аралас мектепте істеймін. Менің міндетім - жас маманға көмек бере отырып, тіл бірлестігінің жұмысын жүргізу. Менің басты құндылығым - шабыт пен шығармашылық ізденіс, талап, шыдамдылық пен қайсарлық, табандылық.
Ұстаздың қиындықты жеңуі оның табандылығын,қоршаған ортаның қолдауын,қиындықтан қашпауын және әрқашан іздену керетігін, оқушы миын қозғау керектігін түсіндік. Мектептегі басты құндылық-ол жас маман. Әр ұстаз өзінің кәсіби рөлін білуі керек. Мұғалім - көшбасшы. Жаңалық хабаршысы.

Мұғалім – үлкен тұлға. Оқушы бойындағы талантты ашу – үлкен шеберлікті керек етеді. Мен өзім дарынды оқушымен жеке жұмыс істеймін, балалардың шығармашылығын дамытқанды жақсы көремін. Оқушым Аубакирова Арайлым тың тақырыпты ала отырып, «Сыдық- Жетісу ақыны»-деген тақырыпты Республикалық Кіші ғылыми 30, 31 - конференциясында қатарынан 2,3 - орын алып,қазір Шет тілдер унверситетіне грант алуына себебім тигеніне өзім қатты қуандым.2014 жылы екі оқушым ғылыми жобаға қатысты.Сыныптағы ең нашар жазатын оқушыны таңдадым. Мұхамедқали Арсланға «Көкпар сөзінің ерекшелігі» – деген тақырыпты бере отырып,оқушы ізденісіне жол аштым.Өзім балаға бағыт бердім, бала сол тақырыпта материал жинады, ізденді ізденудің жолын тауып, еркін өз ойын айтуға талпынды..Бұл оқушыны зерттегенде оның жылқы малына жақын екенін білдім. Осындай жұмыс арқылы оқушыны еркін сөйлеп,өз ойын айтып,еркін жұмыс істеуге баулыдым. Міне, осындай бала бойындағы құндылықты ашу-менің басты мақсатым.
Психалогиялық ахуалдың шығу себебі: әлеуметтік жағдай, орта, отбасы, оқушының жас ерекшелігіне байланысты екен.
Біз бүгін оқушының псхологиялық ахуалының шығу себебін анықтадық. Топты бөлу стратегиясы маған ұнады. Әр түрлі қағаз қиындыларын бөліп әкеліп,үлестірді.Сол бойынша тез топтастық. Маған қызғылтым қағаздағы үшбұрыш түсті. Топ жайғасып болған соң,әр топқа үлкен ақ қағаз үлестірді. Біздің топ оған күліп тұрған және көңілсіз оқушы суретін сала отырып,жайлы және жайсыз оқушы мінезін талдадық Жайлы ахуалға жататын оқушылар: ұйымшылдық,микроклимат, мінезі, еркіндік, көңіл-күй,денсаулығы әсер ететін болса.жайсыздықты туғызатын ахуалғы ;ауа райы,әлуметтңк орта, мазасыздық, шаршау, қатты сөйлеу, қарым-қатыныас. Мұғалім мен оқушы бойындағы іс-әрекет, құндылық, ұстаным туралы талас-пікір жүргіздік.
Әр топқа кесте үлестірме қағаз үлестіре отырып, онда берілген тапсырманы топпен қимыл арқылы әріптесіңе түсіндіресің. Егер олар дәл тапса, онда сенің рөлде жақсы ойнағаның. Кешегі көрген кинодан мұғалім бойындағы ұстаным, құндылық, іс-әрекетті таба отырып, топпен дәлелдедік.
Шектеу қойылмайтын оқушы туралы болды. Онда білім берген кезеңде туындайтын білімдердің оқушы ұғымының ішкі және сыртқы факторына әсер ету күшінен туындаған оқушы қабілетін талдадық.Мұғалімнің сыртқы факторына: оқыту мазмұны, топқа бөлу,бағалау тәсілі,оқу тәсілі,жазу әдістері,бей ресми бақылау кіретінің моделінің білдік.Ішкі факторға;құзыреттілік,сенімділік,үрей,енжарлық,креактивтік мүдде,алдағы тәжірбие,алдағы табыс жататынын анықтап,сөзбен дәлелдедік. Оқудағы қиындықты жеңудің әдісін Аткинсон мен Шифрин қысқа мерзімде есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатынын анықтадық. Біз санамызға ақпарат енгіземіз,сондықтан біз онымен жұмыс істейміз. Дислекция - оқушы танымдық қабілетінің шегіндегі оқудағы кедергілер,диспракция - қимыл қозғалысының бүзылуын оқушы бойындағы қабылдау, мінез – құлық,араласу мен қарым-қатынас, физиологиялық, дағдыны қалыптастыру арқылы ғана мұғалім биік шыңға жете алады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жаңа технологиямен сабақ беру - заман талабы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 230 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar