Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңа жыл мерекесі -

Жаңа жыл мерекесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1304 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы
№ 184 негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Маханова Айдана Рысбекқызы
Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ортаға батыс биімен 6-сынып оқушылары.


1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар, алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, Үсенов Қыдыр ағайға береміз.
2-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылан жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
”Жаңа жыл” әні орындайтынТоқташ Салтанат
1- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
2-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

1-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Ақша қар.
Бізді асыға күткендеріңізді білеміз. Жана жылдарынызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Аяз ата:
Біз қай жерге келдік қарағым?
2-жүргізуші:
- Сыр елі жыр елі, ақ маржандай күріші бар, кең пейілді ырысы бар Қожакент деген елді мекенге келдіңіздер.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
1-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
2-жүргізуші:
Олай болса сіздер орындарыңызға жайғасып тамашалаңыздар.
Өзбек биімен 5а сынып оқушылары /
2-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, мектебіміздің беделін көтеріп жүрген өрінде не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
1-жүргізуші:
Олай болса, мектебіміздің жоғарғы сынып оқушыларының КТК сайысын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Ендеше 9,8,7,6- сыныптардың жайдарлы оқушыларын қарсы алайық
2-жүргізуші:
КТК сайысы 3- кезеңнен тұрады.
1. Жылдың ең үздік 5- жаңалығы.
2. Жамбы ату
3. Фото ширату
1-жүргізуші:
Командаларға көп рахмет қорытынды кеш соңында жарияланады.
Балдәурен әні орындайтын Тұрсын Ақерке
2-жүргізуші:
Кәнекей енді Жұмбақ адам ойынын ойнап көрелік . Қазір ортаға шыққан оқушылардың қай сыныпта оқитынын және кім екенін бірге анықтаймыз.
1-жүргізуші:
5, 6, 7, 8, 9 - сыныптардың атынан шығатын жұмбақ кейіпкерлерімізді қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Тындаңыздар тыңдаңыздар Қар Ханы мен Ханшайымы өзінің 3- ұлының арасынан болашақ Ханзада мен Ханшайымды таңдамақшы. Ендеше Қар Ханымен Ханшайымды қарсы алайық.
Қар Ханы:
Алла берген 3- ұлым бар. Бәрі өнерлі, мейірімді,білімді. Болашақ ханзадамды тандамаққа ұлдарыма 2- тапсырма бердім.
1-тапсырманы берген себебім: Ханзада мен Ханшайымның қаншалықты адамдарға, еліне жаны ауыратынын байқау үшін, жасаған жақсылықтарын көрсетуге мына техника арқылы мүмкіндік беріп отырмын.
2-тапсырмам: Ұлдарыма олар тандаған Ханшайымдары қаншалықты лайық екенін байқау үшін жұптасып би билеуді тапсырдым

1-жүргізуші:
Олай болса Қар Ханының үлкен ұлына кезек берелік.
2-жүргізуші:
Ендігі кезек ортаншы Ұлында
1-жүргізуші:
Кезек кенже ұлына да келіп жетті
2-жүргізуші:
Ханымыз өзінің кеңесшілерімен кеңескенше бір тамаша ән тыңдайық.
Ән Іздеме орындайтын Әділбек Ержігіт
1-жүргізуші:
Ал Хан ендігі сөз сізде
Хан
Барлық ұлдарым Ханзада болуға лайық. Дегенмен -----------------ұлымды тең көріп отырмын. Болашақта еліңнің қамы үшін жұмыс жасайасың деп сенемін.
Ханшайым
Ханшайым- не жасасаң да Елің үшін жаса, сонда сыйлы боласың.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан өнерпаздар шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
Ортаға мың бұралған 5ә сынып оқушыларын шақырамыз.
2-жүргізуші:
-Иә, ата асығып отырған көрінесіздер, барар жерлеріңіз көп секілді. Ендеше мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
1-жүргізуші:
Ендеше сіздерді бөгемей қоштасайық. Келесі жылы кездескенше. Сау болыңыздар.
1-жүргізуші:
Келесі кезекті Ең үздік тілекке берейік әр сыныптан 1- оқушыдан шығып шын жүрегінен елімізге деген тілегін білдірсе..
Жаңа жыл әні Тоқташ Салтанат
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.