Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңабазарлықтардың жеңіске үлесі -

Жаңабазарлықтардың жеңіске үлесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1254 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы
Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі
Омарова Алтынай

Сабақтың тақырыбы: Жаңабазарлықтардың жеңіске үлесі
Сабақтың мақсатты:
1 Оқушылардың өз отанына, еліне туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлытжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
2 Оқушыларға Ұлы жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларыңның ерлік істерін қастерлеу, ауыл ардагерлерін еске алып, өмір жолдарын, ерлігін таныту және үлгі өнеге тұту.
3 Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп сөздік қорларын молайтып ой- өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, интеракивтіта тақта слайдтар
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі
2Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөз (интерактивті тақтада слайдтар арқылы суреттер көрсету)
Тарих үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын,ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашисттың Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Жаңабазар ауыл округінде соғыс жылдары «Үлгілі», «Жылыбұлақ», Тілектес», Жаңаталап», Бейнеткеш», «Қазақстанның хх жылдығы», «Жеңіс», «Жаңажол», Қызылту» колхоздары болған. Осы елді мекендерден Ұлы Отан соғысына 669 адам аттанып, 458-і елге оралмаған. Тек 230-ы ғана туған жердің топырағын басқан. Солардың арасында партизан, Чехословакияның ұлттық мақтанышы саналған Әліхан Көшіков айрықша ерлігімен көзге түсіп, бейбіт күндерде «Коммунизм» совхозын көркейтуге лайықты үлесін қосты. Қазір көз тірі Құттыбай Қарымбаев Жүзеев Исабай сияқты 11 соғыс ардагері соғыстан кейінгі халық шаруашылығын көтеруге үлкен күш жұмсады.
Ажмухан Гүлбану
Ақжігітов Құсайхан –Жаңабазар ауыл округінің Төбеқұдық ауылында 1924 жылы 16-тамызда дүниеге келген. 1942 жылы жазда әскерге алынып, Пенза қаласында 1 жыл жаттығудан өтеді. Дондағы Ростов қаласында дивизия қарауылы болады. Латвия, Литва, Эстония Республикаларын азат етуге қатысады. 1943-45 жылдары пулметші болады. ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдармен марапатталады.
1949 жылдан Сарыағаш ауданындағы Шеңгелді стансасында темір жол қызметінде істейді. 1967 жылы Жаңабазар ауылына көшіп келеді.
Қ.Ақжігітов отбасылы, ұл-қыз, немере, шөбере сүйген ардагер.
Әбдіманап Нұрдәулет
Жолбарысов Тұрсынбай-Жаңабазар ауыл округіндегі Қарабастау елді мекенінде 1922 ауыл жылы 1-қаңтарда өмірге келген.
Отан қорғауға аттанып, Алматы қаласында 120-дивизияның 143-атқыштар полкі құрамына алынған. 1942-43 жылдары Сталинград майданында болып, батыр қаланы қоршаудан азат ету жолындағы кескілескен ұрыстарға қатысқан. Сонда ауыр жарақаттанып, госпитальда емделіп, елге қайтқан. Соғыстағы ерліктері үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен, 20-ға жуық төсбелгілермен марапатталған.
Елде ұзақ жылдар халық ағарту саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ұл-қыз өсіріп, 26 немере, 22 шөбере сүйіп отыр.
Әбдіразақ Дәулеткерей
Жүзеев Исабай –Қазығұрт селолық советінің «Қызыл Ту» колхозында 1922 жылы туылған. 1944 жылғы қараша айында әскерге алынып, Семей қаласында 3 ай жаттығып, Одер өзені бойында шайқасқа кіреді. Эльба өзені үшін ұрыста аяғынан жараланып, дала госпиталында емделеді. «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», Берлинді алғаны үшін», өзге де көптеген төсбелгілерге ие болады.
Бейсекұл Жанерке
Ізтаев Өскенбай-Жаңабазар ауыл Советінде 1922 жылы 11- желтоқсанда өмірге келген. 1941 жылы мамырда әскерге шақырылып, жаттығудан кейін Украина жерін азат етуге қатысады. Сталинградты қорғаудан Кенисберг қаласын алуға дейінгі ұзақ ұрыс жолынан өтеді. Үш рет жараланады. Жапониямен соғысты да көріп, тізе бүктірудің бел ортасында болады. Осындағы ерліктері көптеген төсбелгілермен аталады.
1946 жылғы шілдеде елге оралып, сүйікті кәсібі- механизаторлықпен табысады. Содан 1981 жылы зейнеткерлікке шығады. Отбасында 4 ұл-қыздан 12 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.
Иса Айдарбек
Сапарбеков Омар Жаңабазар ауыл округының Суықбұлақ елді мекенінде 1920 жылы туылған.
1938 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, бір жылдан кейін ауырып қайтқан. 1942 жылы қайта әскерге алынып, неміс басқыншыларымен, Жапониямен соғысқа қатысқан. Екі майданда көрсеткен ерліктері үшін орден, медальдарға ие болған.
1946 жылы елге оралып, ұзақ жылдар бойы түрлі шаруашылық жұмыстарында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.
Қанат Ерсін
Қарымбаев Құттыбай – Жаңабазар ауылдық округінде 1925 жылы дүниеге келген. 943 жылы қарашада ұрыстардың бірінде жараланып, емделген соң Амур өзенінің бойында шекараны күзеткен.
Соғыстағы ерліктері үшін ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан cоғысы» орденімен, «Әскери қызметі үшін», «Германияны жеңген үшін», Жапонияны жеңгені үшін» және басқа көптеген төсбелгілермен марапатталған.
1948 жылы наурызда елге келіп халық ағарту саласында 1985 жылға дейін қызмет атқарған . Қазір құрметті зейнеткерлікте. Зейнет жасында да қоғамдық істерге белсене қатысып, ұзақ жыл Жаңабазар ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Отбасында 12 ұл-қыз тәрбиелеп , 51немере, 22шөбере сүйген қадірлі азамат.
Қамбаров Мырзазия-Жаңабазар ауыл округінде 1923 жылы дүниеге келген.
1942 жылы майданға алынып, Латвия, Белоруссия, Эстония, Литва Республикаларында соғысқа Ленинград майданында жараланып, госпитальда емделген. «Қызыл Жұлдыс» орденімен, қолбасшы Жуковтың және басқа медальдармен марапатталған
Бейбіт өмірде шаруашылық салаларында еңбек етіп Еңбектегі Ерлігі үшін» медаліне ие болған 6 ұл , 9қыз өсіріп, 28немере, 6 шөбере сүйген.
Қарынтаев Орынбай Жаңабазар ауылы окіругінде қарасты Қарабастау елді мекенінде 1924 жылы 10-маусымда туылған.
1942жылы 12-қыркүйекте әскерге шақырылған , Москва түбіндегі қалашықта әскери дайындықтан өткен Соғыста 38-дивизия құрамында Калинин майданы шебінде қол пулеметінің атқышы болған. Великие Луки, Мовосоколоника қалалары мен деревняларын фашистерден тазартқан. 1944жылы 22- маусымда жараланып, емделген соң Прибалтика майданында Латвияның көптеген қалаларын жаудан азат еткен. Сұрапыл соғыстарға кірген. 1945 жылы 25-наурызда жараланып , Ленинграт госпиталінде емделіп, елге 1946 жылы 15 –мамырда оралған.
ІІ-дәрежелі «Ұлы «Отан соғысы» орденімен, өзге де медальдармен марапатталған. Туған колхозында жұмысшы , Ленин селолық советінде хатшы бола жүріп, Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтта сырттай бітірген. Бұдан кейінгі саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, мектепте мұғалім, басшы болған. 4-ұлы 3-қызы 28 –немере 8-шөбере сүйіп отыр.
Оспанов Ақтан – Жаңабазар ауыл округінің Жаңаталап елді мекенінде 1922жылы қарашада дүниеге келген.
1942 жылы әскерге алынып, Уфа дайындықтан өткен. Неміс-фашистерімен орманда соғыса жүріп, қоршауда қалып, түтқынға түскен. Әртүрлі лагерьлерде азапты күндерде кешіп, 1945жылы 9-мамырда кеңес әскерлерінің көмегімен босаған. Содан қайтадан 2жылы әскери өтеп, 1947жылдың күзінде туған жерге оралды.
Елде бригадер, шопан болып жұмыс істеп, еңбек демалысына шыққан. 3ұл, 7қыз 47немере, 38 шөбере сүйген.
Таскетбаев Досқара –Жаңабазар ауыл округінің Қарабастау елді мекенінде 1925 жылы 15-мамырда туылды.
1943 жылы Чита қаласынан Монғолияны қорғауға жіберілген. Ол жерде бір жыл болып, бірнеше рет соғысқа қатысып. 1945жылы Жапониямен соғысқа кіріп, Мугден қаласында әскери борышын өтеген.
1947 жылдың сәуірінде елге қайтып, ұзақ жылдар шопан болып, зейнеткерлікке шықан Бірнеше медальдардың иегері. 6 ұл өсіріп 15 немере, 5шөбере сүйген.
Оразбай Әуелбек Жаңабазар ауыл округінің Жылыбұлақ елді мекенінде 1920жылы туылған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып. Орынбор қаласында борышын өтеген Ұлы Отан соғыс басталғанда 39 армия 81 полкті Москва түбіндегі ұрысқа қатысқан. Смоленск қаласын жаудан азат етіп, Белорусся, Польша, Венгрия, Шығыс Прусся жерін неміс басқыншыларынан тазартқан,
Рейхстатты алу шайқасында жараланып, госпитальда емделген. Бірнеше орден, медальдардың иегері.
1945 жылы желтоқсанда елге келіп, «Жаңа жол» колхозында төраға, одан кейін білім беру саласында басшы, ұстаз болған. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере, шөбере сүйген ата.
Тағай Дарынның орындауында Жойылсын соғыс әні.
Мұсабай Нұрбақыт
Жетпіс жылда өтелмей парызымыз.
Туған тілдің алдында қарызымыз,
Басқа ұлттарға мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.
Сүгірәлі Ақниет
Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейлді ұлытарға жаны-көлміз
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспан быз, көсілеу –алтын төріміз
Рсан Гүлсез
Соғыстың , қыстың ызғары
Бойымнан кетпей, боп сырқат,
Емендей жалғыз құздағы
Айналаға болдым жат.
Қайсарлықпен сыр бермей,
Отырмын қарап биікке:
Ұшқан құсқа тау көлбей,
Қиялда жорытқан киікке
Тұрлыбек Нұрисылам
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Ендігі бар балаға
Жеңіс келді алақай
Тойып жейтін нан болып,
Үсен Бақдәулет
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауда,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің сөніп қалды оттары.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Көтерді солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын»,-
Деп бір сәби бала жүр.
Қайырылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Тоғызбаев Қуаныш
Соққанда жылына бір Жеңіс күні
Жаныңның жазылғандай кеңістігі,
Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,
Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.
Алаңға шығушы еді таңғы шақта,
Полктас бауырларын сан құшақтап.
Сүйісіп , амандасып болғанан соң,
Қасқайып, тұрушы еді алғы сапта.
Таңсықбай Орынбасар
Соңынан тізілетін жауынгерлер,
Отанның әр тұсынан келген ерлер,
Жарқырап өңірінде ордендері,
Бір кезде алып берген елге бедел.
Бір кезде алып берген елге Жеңіс,
Сабаздар бірте –бірте келмей тегіс,
Жыл санап сирек тартып бара жатты,
Сарқылып сабазынан бейне теңіз.
Көрініс Майдандағы сабаздар.
Би Батырлар биі.
Қорытынды.
Жалындарда жанып жүріп, жауға шапқан азамат.
Дауылдарда қар жамылған, түзде жатқан азамат.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.