Меню
Назад » » »
Жаһандану процесіндегі тұлғаның коммуникативті – толеранттық сипаты
загрузка...

загрузка...
Райынбекова Дариха Рыстаевна,
Ордабасы аудандық білім бөлімі шет тілдері пәнінің әдіскері
ОҚО, Ордабасы ауданы
Тақырыбы: Жаһандану процесіндегі тұлғаның коммуникативті – толеранттық сипаты

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде жалпы білімнің үш міндеті бар, олар:
- Баланың өзіндік жалпы дамуын, әлеуметтік ортаға қалыптасуын
- Жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету
- Тұлғаны болашақта белгілі бір кәсіпке даярлау.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2007 жылғы Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» деген болатын. Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтарымыздың бірнеше тілді еркін сөйлеуі Қазақстанның жарқын болашағынан елес беріп тұрғандай. Ал көп тілді білу – тұлғаның коммуникативті – толеранттылық қасиеттерінің болуын талап етеді. Сонда ғана тұлға екінші бір адаммен еркін қарым-қатынасқа түсіп өзінің діттеген мүддесіне қол жеткізе біледі.
Жаһандану үдерісі кезіндегі тұлғаның коммуникативті-толеранттылық сипаты дегеніміз – бұл кез-келген бір жергілікті халық өкілінің басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы коммуникативті – толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл –халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Алдағы уақытта коммуникативті – толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек.Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып, тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Сондықтан біздің алға қойып отырған мақсатымыз:
- Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білім мен кәсіби дағдылардың негізінде ортаны функционалдық сауаттылықпен еркін бағдарлай білетін,
- Өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті тұлғаны
- Бірнеше тілді еркін меңгерген коммуникативті-толерантты, құзыретті тұлғаны қалыптастыру.
Мұны жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді жүзеге асыруымыз керек:
- Адамзатқа , адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге және оған мүлтіксіз қызмет ете білуге тәрбиелеу;
- Баланың бойында өз бетінше ізденіп оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу, білімді өз бетінше, ізденіс арқылы игеру жауапкершілігін арттыру;
- Шет ел тілі пәнін меңгеруде жеке тұлғаның пәнге деген өзіндік көзқарасы мен қажеттілігін, мұқтаждығын қалыптастыру;
- Бәсекелестік, құзыреттілік қабілеттерін дамыту жолдарын, әдістерін анықтау;
- Тұлғаны интербелсенді оқу әдістері арқылы қалыптастыру;
- Өзара қарым-қатынас субьектісі ретінде тұлғаның коммуникативті – толеранттылық қасиеттерін қалыптастыру.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мыналар қажет:
- Білікті маманнан кәсіби құзыретті маманға айналуы тиіс және үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек;
- Оқытудың техникалық- материалдық базасын нығайту және ақпарат құралдарымен еркін жұмыс жасау;
- Оқытудың алдыңғы қатарлы үздік технологияларын меңгеру;
- Оқытуда кездесетін құбылыстар мен үрдістердің дамуының болжамын жасай білу және соған сәйкес тиімді іс-әрекеттер ұйымдастыру. / коммуникативтік – толеранттылық/
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, сондай-ақ түрлі мемлекеттік құжаттарда қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, мәдениеттілікке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттері. Толеранттылық ( латын сөзі: tolerantia – төзімділік, көнбістік – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет- ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.) Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізігі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық сөзінің мағынасы:
Ағылшын тілінде – «Шыдамды болуға дайындық»,
Француз тілінде – «Адам ойлап және басқаша әрекет ету кезінде сол адамға оң қарым-қатынаста болу»,
Қытай тілінде – «Өзгелермен көркем қарым-қатынаста болу»,
Орыс тілінде – «Төзімділік, шыдамдылық»,
Қазақ тілінде – «Тағаттылық, тақілеттестік» деп соңғы кездері Қазақстанның аудармашылары аударып жүр.Толеранттылық проблемасы мынадай мәселелермен тығыз байланыста анықталады.
- Ұлтаралық қарым-қатынас;
- Ұлтаралық қарым-қатынастарды тәрбиелеу;
- Дінаралық қарым-қатынас;
- Көпмәдениеттілік, көптілділік т.б.
Коммуникативті-толеранттылық адамның бойындағы маңызды ақпараттық сипат болып табылады.Толеранттылық негізінде тұлғаның білімділік мәдениеті мен тәрбиесінің ерекшеліктері, тілдесімі, тәжірибесі, темпераменті, әдеттері, ойлау ерекшелігі және қалыптасқан мінез-құлық сипаты айқындалады. Күнделікті және кәсіби іскерлік тілдесім коммуникативтік - толеранттылықтың көп түрлілігін дәлелдейді.Тұлғаның толеранттылық деңгейі қоршаған орта тітіркендіргіштеріне жауап беру ерекшеліктерімен анықталады. Жоғары толеранттылық деңгей жағымсыз қуаттың шығуын тежейді.Толерантты тұлғамен тілдесім жағымды психологиялық ахуал туғызады. Коммуникативтік толеранттылық деңгейі төмен адам жағымсыз қуат көзі болып саналады.Тұлғаның коммуникативтік толеранттылығын қалыптастыру олардың болашақ өміріне қажетті іскерлік әрекеттерінің қалыптасуы мен жұмыстарының нәтижелі болуының кепілі. Жоғары деңгейдегі толеранттылық адамның басқалармен қарым-қатынасы барысындағы сабырлықпен сипатталады.Сабырлылық пен шыдамдылық негізінде бірлескен қызметте синергетикалық тиімділігіне ( ынтымақтастық деңгейдегі өзара қызмет тиімділігі) қол жеткізуге болады. «Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді». Сондықтан тұлғаның (оқушылардың) тек сабақта ғана емес жалпы өмір сүре білудегі іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіміз керек.
Тұлғаның (оқушының) іс-әрекет түрлерін былай бөлуге болады:
- Оқу танымдық;
- Бейінді – бағдарлы;
- Кәсіптік –бағдарлы;
- Ізгілікті;
- Коммуникативті-толеранттылық т.б.
Осының ішінде тұлғаның жан-жақты қалыптасуында коммуникативті толеранттылық іс-әрекеттің мәні ерекше.
Күтілетін нәтиже:
- Тұлға жоғары, сапалы «тапсырысқа», «сұранысқа» жұмыс жасайды;
- Бәсекелестікке төтеп бере отырып, бәсекелес жағдайында қызмет етеді;
- Әлеуметтік – экономикалық, этномәдениеттік, демографиялық шарттардың ерекшеліктеріне сәйкес жоғары мобильді болады;
- Кеңістік және ақпараттық жариялылықтың шеңберінде шынайы жұмыс жүргізеді;
- Тұлғаның (оқушының) коммуникативтік толеранттылық / тақілеттестік, тағаттылық / деңгейі артады.
Ақпараттар ағынының көптігімен ерекшеленетін техногендік жаһандану үдерісінде тұлғаның коммуникативтік – толеранттылық сипаты өзінің маңызын ешқашан жоймайтын қасиет. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жаһандану процесіндегі тұлғаның коммуникативті – толеранттық сипаты можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 349 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar