Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖАҢАРҒАН  БІЛІМ  БЕРУ  МАЗМҰНЫНА  ӨТУ  ЖАҒДАИЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН  ДАМЫТУДЫҢ  БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ -

ЖАҢАРҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ӨТУ ЖАҒДАИЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1058 | Размер: | Автор: гость
. ЖАҢАРҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ӨТУ ЖАҒДАИЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Қазығұрт ауданы, "Таң" бастауыш мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кенжегулова А.А.,
ОҚО, Бәйдібек ауданы, "Жолғабас негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, математика пәні мұғалімі Амиртаева М. Т.

Елiмiздiң экономикалық әлеуметтiк-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерiстерге сай бiлiм беру саласы да өзгерiп, жаңаруда. Елбасы Н.А. Назарбаев атап көрсеткендей, «Бiлiм беру саласын модернизациялау білімнің базалық құрамдылығын сақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады». Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім. Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан.
Жалпы құзыреттілік дегеніміз – белгілі бір заттар мен үрдістер және оларға деген қатынастар бойынша жемісті әрекет ету үшін қажетті тұлға бойында бар өзара байланыстағы қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы.
Біліктілік – ерекше жағдайда жасалатын әрекет, компетенцияның немесе қабілеттіліктің көрініс табуы, әрекет жасауға деген жалпы дайындығы. Егер біліктілік бақылауға көнетін болса, компетенция – біліктілікті бақылаудан шығарып алуға болатын сипаттама. Осылайша, біліктілік – бұл әрекеттегі компетенция. Компетенция – бұл біліктілік пен әрекетті тудырады. Компетенцияны білім мен жағдайдың арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, проблеманы шешу үшін дұрыс келетін әдіс-тәсіл ретінде қарастыру керек. Біздің тұжырымдауымызша, компетенция дегеніміз – бұл оқып білім алуға байланысты тұлғаның алған біліміне, тәжірибесіне, құндылықтарына, бейімділігіне негізделген жалпы қабілеттілік.
Ал А.Я.Флиер былай деп жазады: Компетенция – нақты бір жұмысты орындау үшін қажет болатын білім, білік, дағдылардың жиынтығы ретіндегі әртүрлі тапсырмаларды жасай алатын индивидтің қабілеттілігі деп түсіндіреді. Сондай-ақ, автор құндылық ережесі сәйкес келетін мотивация мен эмоционалды аспектілермен қатар когнитивті және аффективті дағдылардың өзара қатынаста болуы керек деп есептейді. Бұл айтарлықтай жетістіктері бар көптеген жеке аспектілердің өзара әрекеттестігі компетенцияны кешенді түрде түсінуге алып келеді: Біріншіден, «білім, білік, дағдылардың» дәстүрлі триадасының компоненттері арасын байланыстыратын звено болып қызмет етеді; екіншіден, осы кезеңдегі, осы жағдайдағы міндеттерді шешу үшін жаңа ақпаратты меңгерудің, білімін ұдайы жаңғыртудың алдын алады; үшіншіден, компетенция – бұл көптің ішінен ең оптималды шешім таңдау қабілеттілігі, нанымсыз шешімдерді жоққа шығарады, бірақ тиімсіз шешімде – критикалық сыни ойлау қабілетіне ие болады; төртіншіден, өзінде мазмұнды (білім) және процессуалдық (біліктілік) компоненттерін қамтиды. Құзыретті адам проблеманың мәнін ғана түсініп қоймауы керек, сондай-ақ, оны практикалық тұрғыдан шешуді білуі тиіс, яғни, шешудің әдіс-тәсілдеріне ие болуы керек. Осылайша, келтірілген теориялық нышан негізінде компетенцияны былай көрсетуге болады. Компетенция бұл: - Білім мобилдігі;
- Әдіс-тәсілдердің икемділігі;
- Ойлаудың сынилығы және толеранттылығы;
- Шарттылығы.
Білім мобилдігі элементі бойынша ақпараттық компоненттер басымдылықта болады: базалық білім, есте сақтау, тану, қабылдау, ақпараттарды түсіну және іздеу. Мобилді білімді меңгерген оқушы қалыптасқан базистік білім мен біліктіліктерге ие болуы керек, ақпаратты есте сақтап айтып беру керек, басты идеяны ажыратып, ереже мен ұғымдардың анықтамасын нақты тұжырымдай білуі керек, ақпараттарды іздеу тәсіліне ие болуы және оқу әдебиеттерімен жұмыс жасай білуі тиіс. Әдістердің икемділігі. Зерделенген материалдарды практика жүзінде қолдана білу біліктілігі, білімін кешенді аралас пәндерге өткізіп іске асыру, анализ, салыстыру, синтез, қорытындылаудың интеллектуалды операцияларын игеру, сондай-ақ, міндеттерді шешудің рационалды әдіс-тәсілдерін таңдау да оқу-танымдық іс-әрекеттерінің әдістерін икемді игерудің алдын алады. Ойлаудың сынилылығы және толеранттылығы. Оқушылардың сыни ойлауының даму деңгейін оның өзінің оқу-танымдық іс-әрекеттерін бақылауынан, контраргументтер келтіре алуынан, сынауынан, қателерді табуынан, қалай бағалай білетіндігінен білуге болады. Шарттылық оқушының кез-келген әрекеттердің белгілі бір мақсат пен жағдайға сәйкестікте орындау мүмкіндігінен көрінеді. Ол қиындықты жеңу құралы, ескіше ойлау стереотипінен құтқаратын тиімді құрал және өзінің іс-әрекетіне деген шығармашылық әдістемені немесе амалды дамыту болып табылады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2012 жылы 27 қаңтарда "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан жолдауында мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады.
Бүгінде функционалды түрде сауатты білім беру қоғамдық білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізді. Бұған жаңа білім стандарты тағайындалды, төл оқулықтарымыз жасалуда, мектептерді жаппай компьютерлендіру т.б игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге танытатын білімді, жан-жақты қалыптасқан әлемдік өркениетке қол соза алаын бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Осыған орай Елбасымыз "Елдіктің ертеңін ойлау керек. ХХІ ғасырда білімсіз бала өмір сүру мүмкін емес. Халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек",- деді де, тікелей ұстаздар қауымына жүктелер міндет зор екенін білдірді.
Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру- оқулық, оқу құралдарының сапасы мен қажеттілігін қанағаттандыруға келіп тіреледі. Елбасымыз "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам " атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалды сауаттылықтың құзыреттіліктеріне сай жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмаса деймін.
Функционалды сауаттылықтың тағы бір көрінісі - бағалау жүйесі. Бағалау жүйесі функционалды сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сай жүзеге асырылады. Ал сырттай бағалау - оқушының оқу жетістігінің нәтижелеріне сай, халықаралық зерттеулерге қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Бала функционалды сауатты болу үшін тек мектеп емес, ата-ана тарапынан да ықпал етуі тиіс. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік негізінде қалыптасады, яғни, ата-ана баласының ерекше қасиетін тануы, әртүрлі жағдаятта қол ұшын беруі, жағымсыз мінез - құлық әдеттерден арылтуға, рухани құндылықтарды қалыптастыруға көмек беретін фнукционалды сауаттылық ата-ана бойында да болуы тиіс.
Қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтармен қамту функционалды сауаттылықты нығайта түседі. Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе - туған жері. Туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірде табиғатқа терең мазмұн беріп, баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады. Әлемге терең көзбен қарап үйреніп, қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Мектептен шыққан соң білімін ұмытып қалмайды, өмірде пайдаланатын болады.
Функционалды түрде сапалы білім қазіргі заманның зор жетістігі болып табылатын электрондық оқулық құралдар. Біздің ойымызша білім берудің ақпараттық технологияға негіздеудің екі сипаты бар. Оның біріншісі- білім сапасын арттырады, екіншісі- әлемдік өркениет жетістіктерін игеруге мүмкіндік береді. Осы екеуін ұштастыра отырып, Қазақстандық өскелең ұрпақты өз күш жігері мен қоғам игілігіне пайдалануға баулу - егемен еліміздің кемел келешегі үшін тиімді болмақ.
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы білімді ұрпақтарды тәрбиелеу мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, замана ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап ететін осы саладағы педагогтар қауымы жақсы түсінеміз. Ең негізгісі еңбек ету, яғни тынымсыз іздену, оқу, ой қорыту, өз пікірін көпшілік алдына бүкпесіз жеткізе білу. Міне, функционалды білімнің бастауы осында жатыр.
Осындай ой пікірімді қорыта келе функционалды сауаттылық баспалдағын көрсеткім келді.
Функционалды сауаттылық баспалдағы
6
5
4
3
2
1
"



Қоғамда функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру, оның өз ортасына тигізер пайдасы еліміздің баға жетпес рухани байлығы, келешегіміздің сарқылмас қуаты деп тануымыз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Мектеп» журналы /№6 2014ж ./
2. «Мектеп» журналы /№3 2013ж ./
3. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. - / 2012 ж./
4. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет пен өнердің орны. Алматы /1999/.
5. «Қазақстан мектебі» журналы /№ 8 2012 жыл /
6. Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерде білім берудің сапасын дамыту жолдары (әдістемелік құралы) Алматы /2015ж /
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.