Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы -

Жаңашыл ұстаз өмір талабы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2847 | Размер: | Автор: гость
. 1.Ергешова Дилафруз Райскызы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі
«Жаңашыл ұстаз өмір талабы»
Ұстаздық бүкіл әлемдегі мамандықтардың анасы. Ол бізді ғажайып білім әлемінің тұңғиығына апарады, сол әлемнен біз өзімізге рухани күш аламыз.Білім сапасының заман талабына сай берілуі, жас мемлекетіміздің өзге өркениетті елдер деңгейіне жеткізу үшін білім сапасын көтеріп, білім беру ісін дамыту арқылы еліміздің жарқын болашағын жасай алатын, білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті. Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі сабақ оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісе алмайды.
Оқытудың жaңa педaгогикaлық технологиялaрын caбaққa ендіру бүгінгі тaңдa әрбір ұcтaздың бacты мaқcaты болуы керек. Cебебі, елімізге зaмaн тaлaбынa caй қaлыптaн тыc ойлaй aлaтын, шұғыл шешімдер қaбылдaй білетін, белcенді, шығaрмaшыл aзaмaттaр қaжет. Caбaқтa тек білімділік мaқcaттaрды шешіп қоймaй, бaлaлaрдың жекелік қacиеттерін, қaбілеттерін дaмытудың жолдaрын қaрacтырудa дәcтүрлі оқыту мен дaмытa оқытудың aйырмaшылығын caлыcтыру кеcтеcі aрқылы көрcетуге болaды. Мұғaлім бұл жүйемен жұмыc жacaғaндa, үнемі оқушы caнacындa болып жaтқaн өзгеріcтерді бaқылaп, оның дaмуын жaн-жaқты зерттей отырып, өз caбaқтaрын cоғaн caй өзгертіп отыруы тиіc. Бaлaлaрды диaлог пен дәйектер, тaлқылaуғa тaрту белcенді жүргізілген жaғдaйдa олaрдың оқуы тиімдірек және зиятты жетіcтіктері жоғaры болaтынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түcуде. Бағдарламада көрсетілген модульдердің арқасында оқушыларымның жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланғаннан соң сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктері де артқаны сезілді . Және де айта кететін болсақ сыныптағы жалпы оқушыларым толығымен сабағымда қамтылғаны байқадым. Әр әдіс-тәсілдер баланың қиялы мен ойлауына негізделген. Балалардың тереңнің тереңінде жатқан ойларын дамытады . Балаларды сөйлеуге, талдауға, дәлелдеуге үйретеді. Балалар топтық жұмыс барысында бір – бірлерімен сыйластықта болады .Жaңа әдіс–тәсілдерді oқу прoцесінде өне бoйы қoлдaнaтын бoлсaқ біз келер ұрпaқтaрымызды oйлaры ұшқыр, шығармaшыл етіп тәрбиелейміз деп oйлаймын.
Ұстаз білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді , ал сабақ сапасын арттыру - барлық мұғалімдерді толғандыратын мәселе. Адамның жаны тек біліммен ғана ізгіленеді. Ал ізгіленген білім жаныңды байытады, айналаңа көзқарасыңды өзгертеді. Оқу жұмысындағы мақсаттар мен міндеттерге сай оқушыны өз бетінше жұмысын жоспарлауы , уақытты тиімді пайдалануы, бағалауы, өзін өзі басқаруының маңызы өте зор. Егер бұрын мұғалімнің басты мақсаты оқушыға жүйеленіп, дайын материалды , ақпаратты жеткізу болса , қазіргі уақытта мұғалімнің де, оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға дайын ақпарат беру ғана емес , оқушылардың өздігінен оқып үйренуін , өзіне қажетті білімді табуы және оны ұтымды пайдалануы арқылы оқушы қалай оқу керектігін үйренеді . Оқытушының міндеті – баланың іс – әрекетін ұйымдастыруы, ақпараттарды жүйелеуі , бұларды қабылдауға жағдайын жасауы , балаға бағыт – бағдар беруі . Мен әрқашанда оқушыларымның білімді, жігерлі, намысшыл, отаншыл, жалын жүректі, биік рухты , өз халқына адал, патриоттық сезімдегі ұрпақтар болатынына, мәңгілікке еліміздің көк туын желбірете отырып, бүкіл әлемге Қазақстанды бар жағынан паш етеді деп сенемін. Осындай ұрпақ тәрбиелеуде осы сындарлы оқытудың барлық әдіс- тәсілдерін өз сабақтарымда жүйелі түрде қолданатын боламын.
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.
Жаңа бағдарламаларды оқытуда қалай оқу керектігін оқытуға мән беру керек екен. .Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасын негізге ала отырып ,жауап ұсынады. Ондағы мақсат оқушының оқу мен оқыту туралы «үнін» тыңдау,пікірін ескеру,оқушыларды тең ұстау. Бұл жобада сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,7 модульді кіріктіріп өтуі тиіс. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанада ғана сабақ тиімді өтеді және оқушылардың тез естерінде қалады. Сонда ғана бала білімді жаттанды емес, түсінікті түрде алады. Алған білімдерін керекті жерде пайдалана алады.
Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

2.Орынтаева Жансая Алдабергенқызы Биология пәні мұғалімі
Жaңa зaмaндa жaңaшa оқыту
Жaңa зaмaндa жaңaшa оқыту, оқушығa caпaлы білім, caнaлы тәрбие беру ол ұcтaздaрдың борышы. Ұcтaз, қоғaмдық құрылыc өзгеріп жaтca дa, қaжеттігін жоймaйтын мaңызды жaндaр-дың бірі. Уaқыт өткен caйын қоғaмдaғы caяcи-әлеуметтік қaрым-қaтынac дaмығaн caйын бүкіл дүние жүзінде ұcтaздың қызметі қиындaй түcуде. Қaзіргі зaмaнaуи ұcтaз білімді, мәдениетті, жaн-жaқты дaмығaн болуы керек. Әрине, ұcтaз білетінін үйретуден шaршaмaйтын, білмегенін оқып үйренетін, үнемі ізденіcте болaтын, жaңa технологиялaрды жетік білетін, бірнеше тіл білетін, жaн болуы тиіc деп ойлaймын. Ұcтaз деген aтқa лaйық болу үшін көп еңбектеніп, үнемі білімін жетілдіріп отыруы тиіc.
«Қaзaқcтaн Реcпубликacы мұғaлімдерінің кәcіби құзыреттілігін қaлыптacтырудың ғылыми-әдіcтемелік негіздері» aтты үш aйлық курcтың бірінші кезеңінде жеті модульді caбaқтa қaлaй пaйдaлaну керек екендігі турaлы үйреніп, екінші кезеңде мектептегі прaктикaмдa жaңa әдіc-тәcілдерді енгізуге тырыcтым.
Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет.
Бағдарламада қарастырылған жеті модульді пайдалана отырып, сонымен бірге жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды сақтай отырып, мен өз тәжірибемде тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік сабақ жоспарын және төрт қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасадым. Бағдарламаның жеті модулінде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын түрлі стратегиялар мен тәсілдер арқылы өзара байланыстыра алдым.
Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады.
- күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру,
- интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру,
- өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.
Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

3.Мауленова Гаухар Файзуллаевна Математика пәні мұғалімі
Жарқын болашаққа жол бастау
Елбасы Н.Назарбаев аталмыш жолдауда "Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған ".Қазіргі көз ілеспес өзгерістерге тұспа-тұс келіп отырған жаңашыл бағдарламалармен оқып білу Қазақстан мұғалімдеріне де келіп жетті.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім -ұйымдастырушы, бағыт-беруші,сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші мұғалім емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады.Мұғалім ең алдымен ,бала жанының тамыршысы болуы тиіс.Ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі,бейімділігінен ,айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді.Осы үшеуі мұғалім мейрімділігімен ұштасқан нағыз тамыршы бола алады.Оқытуға деген ынта ,өзіндегі барды асқан мейрімділікпен жеткізе білу ұстаз шеберлігінің қыры."Мен шәкіртерді ешқашан үйретпеймін,мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын "-деп А.Эйнштеин айтып кеткен. Шәкірттер өздігімен тек белсенді әрекеттер арқылы үйренеді ,сол себепті әр сабақта шәкірттердің белсенді әрекеттері ұстаздың басты мақсаты болуы керек.
Өз ісіне берілген ,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтада отырып ,шәкіртеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын.Осы бағдарлама бойынша келешекте оқушыларды білімге де, бәсекеге де қабілетті етіп тәрбиелеймін .Бұдан былай менің өмірлік тәжірибем қуанышты да жағымды сәттер көп болады деп сенемін.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы мыналар болып табылады.
- алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,
- түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,
- сұраныс бойынша ақпарат алу,
- интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,
- ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу,
- өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу,
- ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.
Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады.
- күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру,
- интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру,
- өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.
Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
Сонымен сөзімді қорытар болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

4.Сарманова Эркиной Миразимовна математика пәні мұғалімі
Заман талабы - білікті маман
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал, оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі жойылады» деген
(Ушинский)
Сындарлы оқуға сыни көзқарас.«Өзге үлгілі болсын десең, өзің үлгілі бол» деген сөз менің ұстанымым. Ал заман талабы - білікті маман, білімді ұрпақты болумен ерекшеленіп тұрғандықтан, айналамызда болып жатқан жаңалықтарды көре тұра, менің де ойым мен негізгі көзқарасымды өзгертуіме негіз болып, осы оқудағы мақсат мен міндеттерді толығымен түсініп, сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ретімен қолданғым келді. Өне бойымызға кемелді білім қалыптастырып, қалай оқу керектігін үйретуді, бірінші өзімнен бастағым келді. Болашағынан нәтиже күттіретін жаңашыл бағдарламаның әдіс-тәсілінің оңтайлылығы: сыныпты бірнеше топқа бөліп, оқушының өздерінің бір біріне үйреткені тиімді екенін, яғни, жақын арадағы даму аймағы арқылы тақырыпты тезірек түсінетінін байқадым. Бұл дегеніміз - биік нәтижеге жету үшін «жайлы оқу ортасын» сезінген оқушы ойының еркіндікке ие болу, тәуелсіздігін сезінген оқушының қиялында шек болмайды. Жеті модульді сабақта тиімді пайдалансақ, сындарлы оқытудың орын алғанын көруге болады. Ол дегеніміз -оқушының оқығанын ой елегінен өткізіп, түйіндеп, өмірде пайдалану, сол арқылы өзін өзі бағалау. Сонымен қатар, оқу -тәрбие процесіне интерактивті қосылу арқылы оқушы өзін іс жүзінде көрсете алады, әртүрлі қызмет сферасында бүгінде талап етілетін маңызды істі жете білушілік қайсыбір проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауға мүмкіншілік етіледі. Бұл ретте мұғалімнің де, оқушының да әр үдеріске сыни көзқарасы маңызды. Сыни ойлауды қолдана білетін оқушыларда мынадай сапалар байқалады: жоспарлауға дайындығы, икемділік, табандылық, өз қатесін түсінуге дайындық, сезіну, ымыраға келудің шешімін іздеу. Осы сыни білуді құру - ойлау дағдысын дамытудан да маңызды екен. Білімге жастарды ынталандыруда мұғалімдердің алар орны ерекше. Болашақтың тұтқасы ұстаз қолында екенін естен шығармай сауатты тұлға қалыптастыруды мақсат етіп отырмын. Ал, оқу барысында, көп нәрсені анықтадым. Себебі, «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - дейді К.Д.Ушинский. Бұл дегеніміз, ұстаздардың үздіксіз ізденуін, еңбектенуін талап етеді.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни ойлануға үйрету, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, оқытуда АКТ-ны қолдану, таланты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,білім берудегі басқару және көшбасшылық, олармен қалай жұмыс жасау керектігін, төрт сабақтан тұратын сабақтар топтамасын жасауды үйрендім. Түрлі әдіс- тәсілдердің көмегімен сабақтарыма кіріктіру арқылы тек пәнге ғана үйретіп қоймай, оқушыларды жан жақты дамыған, метатанымы жоғары, өмірде осы алған білімдерін қолдана алатын тұлға қалыптастыру керек екенін түсіндім. Ұстазға жүктелетін міндет ауыр. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Жаңа тәсілдердің теориялық бетін ашып қана қоймай, оның нәтижеге бағытталған тиімді қолдану практикасын үйрендім. Оқушылар бір- бірінен үйренетініне және олардың пәнге деген қызығушылықтары, белсенділіктері артатынына, әсіресе, сынып ұжымын топтарға бөліп, сыныпқа ортақ ереже шығаруда жаңа тәсілдердің пайдасы көп екеніне көзім жетті. Курста оқушыларды диалогтік оқытуды, сыни тұрғыдан ойлатуды, өзін- өзі бағалаудың, «нені оқыту, қалай оқыту» керек екенін үйрендім. Сонымен бірге мұғалім көшбасшы ретінде бағыт -бағдар беруші, алға жетелеуші екенін ұқтым. Альберт Энштейннің «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасатамын», - деген пікірінің мәнін тереңнен түсінгендей болдым. Әрқашанда оқушыға сенім арту- сапалы сабақтың негізі болады. Пажарес (1992) мұғалімдердің ұстанымын алға қойа отырып, мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасымен, шешімі және іс-әрекетіне тікелей байланысты екенін дәлелдеген. Мұғалім жаңаша идеяға тола болуы керек деген. Осы қағиданы ұстана отырып, мен болашақта мектепке барғанда, Пажарес айтқанын тұжырымдай келе мен мұғалім ең біріншіден ұстанымы мықты, көзқарасы, шешім қабылдай алатын, сол қабылдаған шешімін іс-әрекетпен дәлелдей алатын болу керек. Енді аянбай еңбек етіп және өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырамын.
Қорыта айтқанда, жаңашыл тәсілдер арқылы алған білімімді келешекте өз сабағымда қолдана отырып ізденіп, заман талабына сай еңбек ететініме сенемін.


5. Жумагулбаева Улбосын Каленкызы математика пәні
Ұстаз болу жүректің ақындығы

Өмір теңіз болса гаухары мұғалім
Өмір алтын болса зергері мұғалім
Өмір ақын болса сөзі мұғалім
Өмір жүзік болса көзі мұғалім

Мен бұл тақырыпты қою мақсатым білім мен ұстаз арасындағы ажырамас, тығыз байланыс «Ұстаз болу жүректің ақындығы» деуімнің үлкен себебі бар. Саралап қарасам, даналық сөздер легі анадан кейін ұстазға арналады екен.
«Кел балалар оқылық» деп сахара төсінде шәкірттерін оқуға шақырған дала педагогы Ы. Алтынсарин, «Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызған» деп жастайымыздан білім, өнер ғана алға жетелейтінін зердемізге салған Абай атамыз, қазақ әліпбиінің негізін салған А. Байтұрсынов аталарымыздың жолын болашаққа жалғаған мұғалімдерімізді қалай мадақтасақ та жарасымды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу- сенімнің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп өлең жолдарында айтылғандай... Ұстаз білікті маман, тәрбиелі тұлға ретінде шәкірт жүрегіне білім теңізінің нәрін құя білуі керек.
«Ұстаз шәкіртке білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді.» деген нақыл сөздің түпкі мағынасына үңілсек. Егер мұғалімнің кәсіби білімі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы соншалықты сауатты. Осыған байланысты білім берудің негізгі мақсаты: алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін сындары оқыту теориясының атқарар қызметі үлкен. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету делінген мұғалімге арналған нұсқаулықта.
«Мектеп жаны - мұғалім» деп тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов айтқандай, ұрпаққа білім беретін мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс.
Көп іздену, дайындалу, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттерді, тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білу негізгі мақсат. Қазіргі білім мамандарының іскерлігі, білімі мен біліктілігі, ой ұшқырлығы өте қажет. Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты оқушылардың дербестігін байқамау мүмкін емес. Оқушыларды шығармашылықпен байланыстыра оқыту оқушылардың жеке –дара қасиетін кеңейтеді.
Білім сапасын қамтамасыз ету жолдарының ерекшеліктері неде? Мәселе не үшін оқытамыз? деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде білім сапасын арттыру жолындағы еңбектерімізбен дәлелдей аламыз. Бұдан кейін шешілетін мәселе оқушыны оқуға қалай үйретеміз деген сұрақпен байланысты. Демек мұғалім негізінен оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалдарын дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге, керекті қасиеттерін пайдалануға жол көрсетеді. Оқушының білім сапасын қамтамасыз ету, тікелей мұғалімдердің теориалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан қазіргі мұғалімдер, яғни біздерге ұсыныс:
- Өздігінен білім жетілдіруге бағыт алу,
- Зерттеушілік жұмыспен айналысу,
- Оқушылармен зерттеу жұмыстарын жүргізу.
«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Ш. Уәлиханов айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім қажет.Сондықтан оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан енгізуіміз керек.
Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір орынды білетін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін, оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенің өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз. Мен үшін мұғалімнің міндеті міне осындай.

6. Ералиева Акбобек Жарылкаповна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жетістікке жеткізетін жарқын жол
Білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.
Мемлекет мәртебесі қашан да білімді ұрпақ , білікті мамандар негізінде ғана жоғарылайды . Қазіргі уақытта білім сапасын арттыру әр мұғалімнен үлкен ізденіспен жұмыс жасауды талап етеді.
Сарапқа түскен сауалды жан-жақты талқылап, өз ойларын жетік әрі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана біледі. Осы курстан көптеген өзіме қажетті деректер алдым. Әр күніміз психологиялық тренингтен басталып, жақсы көңіл-күймен топтарға бөлініп тақырыптарды талқыладық. Бірінші апта өте көңілді өтті, тренеріміз бізді бір –біріміздің арамыздағы жылулықты, өзара танысып тез араласып кеткенімізді орнатты.
Бәріміз-мұғалімбіз. Барлығымыздың мақсатымыз бір. Ол алдымызда отырған балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, балалардың таным белсенділігін арттыру , олардың шығармашылық қабілетін дамыту - мұғалімнің басты мақсаты .
«Өркениет өресін өрістетуге елеулі қадам басқан тәуелсіз еліміздің еңселі ертеңіне ғылым мен білімнің қосар үлесі мол.Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ»,-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, білімнің нұрлы шыңына талпынған жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымына ерекше жауапкершілікті жүктейді.Білім беру үдерісіне жаңашылдық енгізіліп, озық елдердің технологияларын оқып үйренуге бағытталған деңгейлік біліктілік курстары ұйымдастырылуда.Жаңа әдіс-тәсілдерден алған әсерімді асқар таудың биік шыңынан бастау алып, күллі адамзатты нәрлілігімен сусындататын кәусар бұлаққа ұқсатамын. Бұлақ суын ішкен сайын нәрлілігі артатыны сияқты, жаңашыл оқыту әдістерін оқып үйренген сайын жаңаша ерекшеліктерімен танылып, әрбір мұғалімнің іс-тәжірибесімен шәкірттердің жауқазындай жүрегінде білім теңізінің ағысы қатты иірілімді толқындарынан өтуге талпыныс оятқан жігер пайда болады.Себебі бұл әдістер оқушы мен мұғалімге өз білім-біліктілігін корсетуге мүмкіншілік береді.
«Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интеллектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек»-деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай, ұстаздық – мақтан тұтар мамандық. Мұғалім - сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы. Сондықтан мұғалімге жүктелетін міндет ауыр. Мұғалім әрқашан білімін жетілдіріп отыру қажет.
Алдымен менің ойымша әрбір мұғалім сыни тұрғыдан ойлана алатын, кез-келген ауызша, жазбаша ақпаратты талдай білетін, келесі іс-әрекетіне сол ақпараттарды тиімді пайдаланып жоспарлай алу керек деп ойлаймын. Сындарлы оқытуда маған жақын болған Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуарқылы оқушылар өз пікірін еркін айтуға, ойын жеткізуге, дәлелдей алуға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге үйретеді.Оқушының сыни тұрғыда ойлануын дамыту мақсатында мен сабақтарымда «Джигсо», «Сұрақ менен, жауап сізден», «Семантикалық карта», «Фишбон», «Инсерт», «Зымыран», «Қорапша», «Миға шабуыл» әдістерін және Венн диаграммасын қолдандым. Бұл әдістер оқушылардың сыни тұрғыда ойланып, өз ойын жинақтап қорытындылауға және балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәләлдерге мән беруге ынталандырады. Сабақта осы модульді қолдана отырып байқағаным оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасағанды, ұқсастығы мен айырмашылығын тапқанды ұнатады және тапсырма берілген кезде топ арасында оқушылар тапсырманы бөліп алған кезде сабаққа қызығушылығы жоқ немесе сабағы нашар оқушылардың өздеріне берілгентапсырма орындау жүктелгенде оны жақсы орындауға тырысады. Егерде біз сабағымызда осы Бірінші «бетпе-бет» кезеңінде үйренген модульдерді тиімді қолданатын болсақ, мұғалім сабақта тек қана нұсқаушы бола отырып оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Оқушы қандай болсын тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шешуге тырысады..
Қорыта келе, шыңдалған сайын сыни көзқарастарымыз тереңдей түскен сияқты. Мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым. Оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жақсартуда сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге, сапасының артуына үлесі зор деп ойлаймын. Ал мұны жүзеге асыратын ізденімпаз мұғалім деп білемін. «Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп, алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі» деп ғұламалар айтқандай ұстаздар қауымына осы сөзді мәңгі жадыларында сақтаса екен деймін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.