Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жақсылықпен  жаным дос -

Жақсылықпен жаным дос

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1621 | Размер: | Автор: гость
. Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Облыс: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Мектеп: № 37 жалпы орта білім беру мектебі
Тақырып: «Жақсылықпен жаным дос» 7- сабақ
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: кеңпейілділік, ақжарқындылық, қоршаған ортаны қорғау
Мұғалiм: Сейлханова Айдана Женисовна
Класс: 5
Оқушылар саны 25

Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, «қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
• Оқушыларға кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
• Оқушылар бойындағы ақжарқындылық қасиетін дамыту;
• Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге, оны қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5Т
5жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру №7 сабақ. 28-29 бет
«Жақсылыққа жақсылық» ертегі
• Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?
• Баланың қоршаған ортаға жасаған жақсылығы қандай?
• Адам бойында қайырымдылық, кеңпейілділік, қамқорлық қасиеттер болса, қандай құндылықты игерер едік?
Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз. «Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе»
Кабуснамадан
Кабуснама - 1082-1083 жылдары жазылған аса бағалы педагогикалық мәні бар туынды. Кабуснама тәлім тәрбие, өсиетнамаларға толы энциклопедиялық жинақ. Ол парсы тілінен аударылған.

• Неге жақсылық істеуден жалықпауымыз керек?
• Адамды жақсылыққа жеткізетін қндай адамшылық қасиеттерді білесіңдер?
• Жақсылық жасау қандай әрекет?
Әңгiмелеу
«Әке мен бала» (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».
Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың жүрегінде де осындай тесіктер қалады, біреулер жамандық істесе», дейді.
• Өмірде қиянат жасамаудың маңызы қандай?
• Әкенің баласына деген көзқарасы неліктен өзгерді?
• Әкенің сөзінде қандай мән мағына жатыр?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сахналау
І топ. Көшеде адасып кеткен адамға жәрдемдесу
ІІ топ. Жүгі ауыр атайға көмек
ІІІ топ. Көзі көрмейтін әжейге көмек
Үй тапсырмасы. №8 сабақ. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Топпен ән айту. Жасамайық қиянат
Әні: «қазақ осы әнінің» сазымен
1.Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана гүлденеді болашақ.

Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Жасамайық ата анаға қиянат
Жақсылыққа тұнып тұр ғой ғаламат

2.Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық білейік.
Мейірім сізбен, бас қосып бізбенен,
Нұр төгіп барлық адамға жүрейік

Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (1 мин)
Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.