Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жақсылық - жан жадыратады. -

Жақсылық - жан жадыратады.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2049 | Размер: | Автор: гость
. Өзiн- өзi тану сабағының жоспары
Мектеп;№7 С.Ерубаев мектеп -интернат
Тақырып:10-сабақ. Жақсылық - жан жадыратады.
Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттер: кешірімшіл болу, жанашырлық.
Мұғалiм: Асанова Сағила Тынысбековна. Сынып:9 Оқушылар саны:25
Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығы арқылы жақсылық- адамгершілік құндылығы ретіндегі түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу; - Жақсылыққа ұмтылу, кешірімшіл болу, риясыз жақсылық жасау іскерліктерін дамыту; - Оқушыларды жанашырлыққа, риясыз қызмет етуге тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)слайд,өлеңнің аудиодискісі,оқулық, оқушы дәптері, түрлі-түсті гүлдер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Орманға ойша серуен» (баяу әуен ойналады)
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

• Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. Сабақ барысын талдау:
1. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
Үй тапсырмасына №10 тақырыптағы А.Қоныстың «Сөз құдіреті» әңгімесін оқу.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
1. Дұрыс сөйлеу, жақсы сөз адамға қалай әсер етеді?
2. Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
3. Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?
4. Біреуге жақсы сөз айтып қуантқан кездерің болды ма?
1. Дәйексөз.
«Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең,
Көңілің ашылады. »
(М.Әлімбаев)
- Дәйексөзден сұрақ арқылы түсінгендерін сұрау.
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

Әңгімелеу.
Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек». Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды. Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Сұрақтар:
1. Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?
2. Сен болсаң не істер едің?
3. Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?
4. Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ,риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай жағдай кездесті ме?
1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
2.
3. «Гүл күлтешелері арқылы сыныпты 3 топқа бөлу»
4. 1-тапсырма. 1) «Жақсы сөз айту- жағымпаздық...» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру. Оқушылар өз өмірлерінен мысал келтіріп, көзқарастарын дәлелді етіп айтуы керек.
5. 2-тапсырма. 2)Әр топ берілген мәтіндерді оқып, ой бөлісіңіз. Өз ұсыныңызды жинақтап, жақсылыққа жету жайлы өлең жазып көріңіз. ( Әр топқа мәтін мен өлең құрылысы қоса беріледі).
1топ. Ұстаз айтты:
Жақсы кісі деп сөзінен іс көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады. Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды. Адам сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді. Адамгершіліктен ажыраған адам ұзақ уақыт кедей болып қалмас, бірақ мол байлыққа кенелмейді. Конфуцйи
2-топ. Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден,ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол- тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с. өнерді айтады. Платаон
3-топ. Адамның ұстанған көзқарасын оған реніш туғызбай өзгертудің тәсілі: -Адамның жақсы қасиеттерін көтермелеп шын пейілден мойындаудан бастаңыз, -Адамдардың қателіктерін айтқанда, мұны жанама түрде көрсетіңіз; -Адамды әрбір, тіпті ең елеусіз табысы үшін мақтаңыз және -сөздеріңіз шын көңілден шығатын болсын; -Көтермелеуді жиі пайдаланыңыз; -Оның жақсы атты екенін біліңіз – ол соған сәйкес өмір сүрсін.
Дейл Карнеги

1-ші топқа
............................. өзіңнен,
............................. көзіңнен.
..............................өзіңнен,
............................. сөзіңнен.
2-ші топқа
................................. адам,
............................... жасаса.
................................ қадам,
...............................орнатса.
3-ші топқа
.............................өтейік,
..............................туған соң.
..............................жетейік,
.............................қуған соң.
(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Жақсылығың өзіңнен,
Көрінеді көзіңнен.
Жақсылығың өзіңнен,
Айтылған ой мен сөзіңнен.

Жақсылықты тек адам,
Дұрыс әрекетпен жасаса.
Жасағаның әр қадам,
Жүрекке әкеп орнатса.

Адам боп өтейік,
Адам боп туған соң.
Жақсылыққа жетейік,
Мақсатты қуған соң.
(Оқушыларды жұмыстарын орындауына қарай марапаттап, мадақтап отыру).


1. Топпен ән айту.
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар
3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.

1. Үй тапсырмасы.
1. №10 сабақ, Жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындап келу.
2. Оқулықтағы №11 сабақ, оқулықтың 57 бетіндегі Абайдың отыз алтыншы сөзі (үзінді) оқып, түсінігін айту.

1. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.