Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жабайы  жануарлар. Аңдар. Буын -

Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1387 | Размер: | Автор: гость
. П.Т Архабаева,
Ы.Алтынсарин атындағы №65мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі . Шымкент қаласы

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын
Мақсаты 1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін кеңейту, аңдар және үй жануарлары туралы айтып, әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Оқушылар берілген суреттермен әңгіме жүргізеді.
Оқушылардың өздері білетін аңдары мен үй жануарлары туралы әңгімелетемін.
Берілген суреттер арқылы аңдардың, үй жануарларының түрлерін таныстырамын.
Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды аңдар дейді. Олардың жүндері қалың болғандықтан, қыста тоңбайды. Табиғатта жабайы аңның түрі көп - ақ. Олардың ішінде пайдалысы да зияндысы да бар. Қасқыр мен түлкі - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы, сезімтал. Өздеріне керекті жемістерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Суреттегі жануарларды, олардың төлдерін ататып, дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу. Мұнда буынның дауысты дыбысқа байланыстылығына көңіл аударту.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Деген сұрақ қою арқылы жауаптары талданады. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
Жұмбақтар жасырамын.
Мынау оған керегі,
Балды жақсы көреді.
Қыс бойы жылы апанда,
Ұйықтау оның өнері.
(Аю)
Сергіту сәті Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы. Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Үй жануарлары мен аңдар туралы әңгімелеп береді. Жабайы жануарларға тоқталады.
Үйге тапсырма Жабайы жануарлардың суретін салыңдар. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.