Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жабықтұқымды өсімдіктер түрлері -

Жабықтұқымды өсімдіктер түрлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2166 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Жабықтұқымды өсімдіктер түрлері.

Байдарова Гүлбаршын Андасовна

Шымкент  қаласы, Шымкент аграрлық колледжі

Бүгінгі таңда оқушылардың  білімге құштарлығын арттырудың бірден-бір жолы оқу тәрбие жұмысының жаңа формаларын қолдану болып табылады.  Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.  Инновация- латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс еңгізу деген түсінікті білдіреді.

Педогогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, мақсаты мен мазмұны, мұғаліммен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруды қажет етеді. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту әдісін жетілдіру, оқыту әдісінің ең тәуірін анықтау, оқушылардың  өз білімдерін өздері арттыруына бағыт беру, сананы өзгерту "Әркім өзі үшін жан салып білім алу керек" деген қағиданы ұғындыру іс-жүзінде пайдалануға мүмкіндік тудыру.

Жаңа талапқа сай инновациялық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы «оқу мен жазу» арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту «СТО» бағдарламасы қазіргі таңда білімді білгенін өмірге пайдалана алатын, шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабылеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі.

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы.

3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көз-қарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып өз тұжырымын айта білу.

Мен сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған инновациялық сабағымның бір түрін ұсынып отырмын.

Тақырыбы: "Жабықтұқымды өсімдіктер түрлері".

Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушылардың жабықтұқымды өсімдіктер түрлері туралы білімін тереңдету, өз бетімен ізденіп жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастыру.

2. Туған өлкенің өсімдігін зерттеп, оның қадір-қасиеті пайдасы туралы  интеллектуальдық біліктіліктерін дамыту.

3. Оқушыларды туған өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға, жауапкершілікке, тапқырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:          Ізденіс сабақ.

Оқыту әдісі:                Сын тұрғысынан ойлау.

 

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, 

                                                                          үлестірмелі материалдар,            

                                                                           кестелер, сөз жұмбақ, буклеттер.

Пәнаралық байланыстар:  экология, география, тарих.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, сабақ мақсатымен таныстыру.

  2. Ұй жұмысын сұрау.  Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.

Оқушыларға 16 сұрақтан тұратын тест 7 минут ішінде орындау керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушыларға алдын-ала 16 – торкөзден тұратын перфокарта дайындайды. Тест сұрақтарын  оқушыға жазбаша түрінде таратады. Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Жұмыс соңында алдыңғы келісім бойынша бірдей әріптерді (а, б немесе с) бір сызықпен сызады. Нәтижесінде бір ою өрнек шығу керек. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалімдегі кілт бойынша ою-өрнек бірдей болып шығады. Мысалы:

 

 

 

1.Мұғалімнің дайындаған кілті.            2. Оқушы жауабын белгілейтін торкөз

                                                                   Оқушының аты жөні: ______________

 

 

 

б

а

а

с

а

с

б

а

а

б

с

а

с

а

а

б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағына өздері бағасын қойып отырады.

 

III. Жаңа сабақ материалын оқыту.

Жабықтұқымды өсімдіктер түрлері тақырыбындағы сабақтың мақсаты мен міндеттері түсіндірілген соң мағынаны ажырату бөлімінде өсімдіктер дүниесінде жабықтұқымдылардың басым болуы неліктен деген сұрақтың мағынасын ашу. Әр оқушы дәптерлеріне жабықтұқымдылардың кең таралуына әсер ететін себептерді жазады.

  1. қоршаған ортаға жылдам бейімделуі

  2. аналық түйінде тұқым бүршігінің жабық орналасуы

  3. қосарланып ұрықтану және жеміс түзілуі

  4. өспе мүшелерінің бейімделгіштігі

 

Шығармашылық жұмыс.

 

Оқушыларды 4 топқа бөліп  "Сәндік өсімдіктер", "Дәрілік өсімдіктер",  "Арамшөптер", "Мәдени өсімдіктер", кеппешөптер топтамасы таратылады. Әр-топ кеппешөп үлгісі бойынша оны тиімді пайдалануды ойлап-табу жолдарын қарастырып өсімдіктің  пайда-зиянын қағаз бетіне түсіріп кейін ортаға шығып өз ойларын топта талдайды.

“Іздеу ұйымы”.
Өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат оқылады, ол қандай өсімдік екенін  табу үшін 3 мүмкіндік беріледі. Сұрақты оқығаннан кейін сұраққа бірден жауап берсе 5 ұпай алады, егер екі сұрақ қойылса 4 ұпай, тағы көмек алса 3 ұпай қойылады.

1. а)  Бұл  өсімдікпен Ежелгі Египедте пирамида салып жатқан құлдарды тамақтандырған.

ә) Бұл өсімдікте фитоноцидтер  көп, ол тұмай ауруымен ауырғанда пайдалы.

б) жуаның туған інісі.

(Сарымсақ)

2. а) Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан.  

ә) Оның шырыны асқазан ауруына ем.

б) Көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтуге болады.

(Картоп)

3. а) Бұл көкөністі маска жасауға, беттегі секпілді кетіруге пайдаланады.

ә) Бұл өсімдік асқабақ тұқымдасына жатады.

б) Қырық күнде піседі. Құрамында 98% су бар.

(Қияр)

4. а) Бұл өсімдік жылуды ылғалды жарықты құнарлы топырақты сүйетін дақыл.

ә) Піскенше суда өседі.

б) Оны өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев.

(күріш)

Сурет бойынша алма түрлерінің сорт аталуын табу.

Анис серый       Память Мичурина        золотое летнее

 

 

Сұрғылт анис                       Мичурин естелігі           Жазғы алтын

 

 

IV.           Сабақты бекіту.

Қатесін табыңыз. Әр-бір оқушыға жабықтұқымды өсімдік жіктеуінің қате сызба нұсқасы беріледі. Оқушы 3 минут ішінде дұрыс жазып шығу керек.

 

 

Қате сызбанұсқа

Бөлім  жоңғар у қорғасыны

Класс у қорғасын

Қатар сарғалдақтар

Тұқымдас көп жемістілер

Туыс қосжарнақтылар

Түр жабықтұқымдалар

 

Дұрыс сызбанұсқа

Бөлім  жабықтұқымдылар

Класс қосжарнақтылар

Қатар көпжемістілер

Тұқымдас сарғалдақтар

Туыс у қорғасын

Түр жоңғар у қорғасын

 

 

 

 

Қате сызбанұсқа

Бөлім  брюссель орамжапырағы

Класс  орамжапырақ

Қатар крестгүлділер

Тұқымдас бос желектілер

Туыс жабықтұқымдылар

Түр қосжарнақтылар

Дұрыс сызбанұсқа

 

 

V.              Қорытындылау.  Сөз жұмбақ шешу.

Сабақ қорытындыланып оқушылар білімі бағаланғаннан кейін үйге тапсырма беріледі.

VI. Үйге тапсырма. Қызыл кітапқа енген жабықтұқымды өсімдіктер туралы реферат, буклеттер дайындап келу.

Сабақ мақсатына жетті оқушылар өздігінен ізденіп сұрақ-жауаппен алмасып, білімдерін дамыта алды.

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.