Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару -

Жай бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1933 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушының жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін тұжырымдау,есептер шығаруда ережені қолдану біліктілігін қалыптастыру .
2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелігі: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,слаид,перфокарта, көмекші құралдар
Оқытудың әдісі: СТО,Диологты оқыту,Бағалау,Көшбасшылық,жеке,жұптық,топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару,
Қайтсекте «5»тік аламыз
Тәртіпті біз боламыз
Ынтымақпен, бірлікпен
Топқа бөлініп аламыз.
1,2,3,4 санау арқылы 4 топқа бөліну в) сабақтың мақсатымен таныстыру,топбасшы сайлау.г)өзін-өзі және топбасшы бағалау парағын тарату
Өзін-өзі бағалау парағы
Аты Үй жұмысы Сұрақтар алаңы
(деңгей) Математикалық
диктант Әл-Хорезми
сөзін табу Сергіту сәті
Математикалық лото 4 топқа тапсырма
1.Сәйкестендіру
2.Тест
3.Толықтыру
4.Тізбектей орындау
Кубизм
Топбасшылар сайысы

Топбасшының бағалау парағы
Аты Үй жұмысы Сұрақтар алаңы
(деңгей) Математикалық
диктант Әл-Хорезми
сөзін табу Сергіту сәті
Математикалық лото 4 топқа тапсырма
1.Сәйкестендіру
2.Тест
3.Толықтыру
4.Тізбектей орындау
Кубизм
Топбасшылар сайысы


І.Үй тапсырмасы №715 есепті слаид арқылы дәптерлерін ауыстыру арқылы бірін-бірі тексеру:

ІІ.Деңгейлік сұрақтар алаңы.Оқушылар сұрақты таңдайды,слаидтан таңдалған сұрақтар ашылады.Сұрақтар жай бөлшектер бойынша деңгейлеп дайындалған.


Мысалы:
1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады?
3. Натурал саннан бөлшекті азайтуды түсіндіріңдер.
ІІІ.Математикалық диктант.Жай бөлшек пен аралас сан ауызша оқылады,оқушылар жазбаша түрде жазады.Слаидтан дұрыс жауабы көрсетіліп,өзін-өзі тексереді.


ІV.Бөлшек туралы ұғымды енгізген Орта Азияда ХХ ғасырда өмір сүрген ұлы математик пен танысқыларың келе ме? Олай болса, есептер жазылған тапсырманы орындаңдар.
Мысалы:2/9+21/7= дұрыс орындаса перфокартаның артынан «Ә»әріпін табады.
Нәтижеде:Ұлы математик Әл-Хорезмидің есімімен танысады.
V.Сергіту сәтінде. «Математикалық лото»ойыны жүргізіледі.Мұнда тақтаға 4 топқа тапсырмалар ілінеді,жауаптары оқушыларға таратылады.Олар топпен ойласып тез арада жауаптарын есептің үстіне жапсырады.
Мысалы:

VI.4 топқа постер беріледі.
1 топқа.Сәйкестендіру есебі
2 топқа Тест есебі
3 топқа Толықтыру есебі
4 топқа Тізбектей орындау есебі
Тапсырманы орындап болған соң ,әр топ тақтада қорғайды.
VII.Кубизм .Топбасшылар сайысы.
Кубиктің әр жағына мәсел есептер берілген.Кубикті тастау арқылы есеп шығарады.
Әр тапсырманы орындап болған соң,оқушылар өзін-өзі бағалайды және топбасшы бағалайды.Мұғалім бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңі:
Рефлексия «Таным ағашы»на «Жай бөлшектерді қосу және азайтуды» меңгеруде қай тұста тұрғандарын белгілейді.Белгілеулеріне қарап келесі сабақта жеке тапсырмалар орындалады.


Үйге тапсырма:№718
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.