Меню
Назад » » »
Жай бөлшектерге амалдар қолдану.
загрузка...

загрузка...
aжуманова Мухая Кудратуллаевна,
Айша биби атындағы негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі
ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:
1. Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылап, жүйелеу, жай бөлшектермен амалдар орындау қабілеттерін дамыту, тарихи мәлімет беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз беттерімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, алға қойған мақсатқа жете білуге, жауапкершілікке, топпен,ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: өтілген тақырыпты қайталау және жүйелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, физика, химия.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, тест карточкалары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
Сәлематсыңдар ма, балалар!
Орындарыңа жайғасыңдар.
Бүгін ақпанның үші
Сейсенбінің сәтті күні
Бір ғажайып санға арналған
Өткіземіз сабақты.
Балалар, ол қандай сан?
Жай бөлшектер.
Біз бөлшектермен қандай амалдар орындай аламыз?
Қосу, азайту, көбейту, бөлу.
3. Үй тапсырмасын сұрау: № 703 ауызша баяндау арқылы.
2. ”Көтеріңкі көңіл-күй” атты тренинг. Әр оқушы жолдастарына жақсы тілектер тілейді. Әр оқушы өз тілектерін жапырақтарға жазып, ағашты жапырақпен көмкерді.
Біз, балалар ”Бөлшек сандар ” сарайына саяхатқа шығамыз.
1-кезең. Тарихтан мәлімет.
Тарихи мәліметтер залына өтейік.
Оқушы шығып, бөлшек сандар туралы мәлімет айтады
2-кезең. Қазір екі оқушы ”Құпия” бөлмеге барып, құпия сырын ашады.
Тапсырмалар.
1. Қосындыны бөлшекке бөл:
2. Теңдеуді шеш:
Ал біз ”Оқу” залына өтеміз. Айнала толған қызықты да, мәнді кітаптар. Бірақ , кейбір жазулар өшіріліп қалыпты. Сол жазуларды қалпына келтіру керек.
Жұппен жұмыс. Толықтыруды қажет ететін сөйлемдер.
1. Жай бөлшектер .............. .................. және ................ ................ тұрады.
2. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек ............ .......... деп аталады.
3. Сандық сәуленің О нүктесі .......... ............ деп аталады.
4. Берілген қысқармайтын бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі сол бөлшектер бөлімдерінің ........ ....... ........ .......... болады.
5. Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек ....... болады.
6. Сандық сәуледе шамасы кіші бөлшек ....... ........ , шамасы үлкен бөлшек ...... ........ кескінделеді.
7. Натурал саннан аралас санды азайту үшін натурал санды ...... кемітіп, ...... ....... түрінде жазу керек.
Оқушылар өздерінің жазған жауаптарын оқиды. Енді ”Құпия” бөлмеге оралып, құпия сырын ашамыз. Тапсырма орындалды, енді ”Логика” бөлмесіндегі тапсырмаларды да орындай алатындарыңа сенімдімін.
 1 см3 алтын болса , алтынның массасы неше грамм?
 Станокта 5 сақина 11 минутта жасалды. 17 сақина неше минутта жасалады?
 Жердің жасанды серігі жылдамдықпен ұшырылады. Ол 12 с-та қанша қашықтыққа барады?
 В АВ=
ВС=АВ+
Р=
__________________________
А С АС-? см
 Темірдің 1 см3 –і , ал шынының 1 см3 –і г. 1 см3 темір 1 см3 шыныдан қанша ауыр?
Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.
”Жаттығу” залы.
Орнымыздан тұрамыз. Менің тұжырымыммен келіссеңдер, қолдарыңды алға, келіспесеңдер жоғары көтересіңдер.
Тұжырымдар оқылады.
Демалдық, біз ал кәне дос.
Дайынбысың, сабаққа өз үлесіңді қос.
Енді білімімізді сынайтын кез келді. Күш пен білім туралы қандай мақал білесіңдер?
Мақал: ”Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады”.
Ендеше, деңгейлік тест тапсырмаларын орындаймыз.
Қызыл-«5», көк-«4», жасыл-«3»
Соңғы кезеңге де жеттік. «Жобалау» зертханасына соға кетейік. Әрбір қатарға тапсырмалар беріледі.
Сабақты қорытындылау: оқушылар бағалау парағында барлық этап бойынша жұмыстарын бағалайды.
Үйге тапсырма: № 719. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жай бөлшектерге амалдар қолдану. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 244 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar