Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалаң ақылдан нәтиже жоқ -

Жалаң ақылдан нәтиже жоқ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1364 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы
«Ай- Сана» бөбекжай балабақшасының әдіскері: Ж.А.Даулетбекова

Жалаң ақылдан нәтиже жоқ

Бала десе елжіреп еміренбес жүрек болар ма?Бір жас әке сәбиі дүниеге келгенде: «Ей, жараңдар, біздің үйде жас нәресте бар, құттықтаңыз мені!» деп, бүкіл ауылдастарының үйді - үйін аралап шығыпты деген де аңыз бар. Несі бар? «Балам, басыңа келгенде білерсің » демекші, жас әкенің жас күйін әке болу бақытына келгенде оңай түсінуі мүмкін. Бала -адамның бауыр еті, қолқа жүрегі. Баланың арсалаңдай аймалаған еркелігі, ақыл- таным адымы, ойнақтаған қылығы, былдырлаған тілі- бәрі жаныңа жақын, жүрегіңе ыстық. Ұл есейіп, ержете бастаған шақтарда оның әрбір жетістігі мен қуанышы саған да қуаныш, қысқасы бала бақытты болса- ата- ана бақытты!
Ал ,енді баланың бақытты болуы, жақсы азамат болып өсуі ең алдымен кімге байланысты? Ата- ана бізге байланысты. Бала тәрбиесін ұсақ - түйек деп қарап, «уақытым жоқ » деген сылтаумен , бұл істі жалғыз ананың еншісіне қалдыратын кейбір бір мойын әкелерде бар «ей, бала деген өзі де өспей ме, тамағы тоқ, киімі бүтін етсем болды емес пе, не тәрбие керек оған, өзіміз солай- ақ өстік қой » дейтін кертартпа ескі ұғымның шылауына шырмалып жүрген әкелер де баршылық. Ата- анадан , үйелмен мүшелерімен қаймықпай, дөрекі мінезді тұрпайы болып өсу, оларды сыйламау тыңдамай бетімен кету деген, көбінесе, осындайдан шығады. Қайсыбір жас аналар баласына «әдепті бол, үлкенді сыйла» деп ақыл айтады. Ал, өздері үй ішінде қарт әжесіне дөрекі сөйлейді. «Ұқыпты жинақты болып өс» деп ақыл үйретеді. Ал, өздері үй ішінде, күнделікті тұрмысында ұқыптылық көрсетпейді. «Еңбек сүйгіш бол, еріншек болма » дейді өздеріне қызмет істемейді, не үй шаруасын істеп береке таптырмайды.
Жас ата- ана балаға сөзден гөрі іс ,күнделікті әдеп- ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеруі керек. Айтқан ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, өз әдет, қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ақылдан еш нәтиже шықпақ емес. Сондықтан соңынан өкініп, бармақ тістемес үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан мақұл. Бұл – әкелік , ата- аналық парыз емес, халық ,Отан алдындағы азаматтық парызымыз. Бала бақыты - бәрімізге – бақыт.

.

Халық ертегілерінің бүлдіршіндерге берер азығы мол

Балалардың күнделікті оқу-тәрбие ісінде және тәжірибесінде «жаман мен жақсыны » байқайды .Оларға үлкендер тарапынан берілген бағаны аңғара біліп.адамгершілік қасиеттерді игере бастайды.Психологтардың пайымдауынша. Бала алғашқы сәбилік шақтың өзінде-ақ кездейсоқ істерді емес ,өзінің басты назарындағы істерін негізге алады ,ал үш жасында өз іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа бағыттайды.Сәби үлкейген сайын ата –анасына,айналасындағы адамдарға, тәрбиешісіне пайдалы істер істеуге талаптанады .Өзгенің тілегінен өз тілегін жоғары қоя бастауға жетіп ,оған ерік-жігерін, күшін жұмсайды .Бастаған ісін аяқтап шығуғаталпынады.
Үй жағдайында ,бөгде ортада балаақшада да мінез құлқымен іс-әрекетін, еркіндік,мақсаттылық,табандылық сынды адамгершілік қасиеттеріне тәрбиеленіп, еңбекке күш жұмсау дағдысын дағдысын қалыптастырады. Осындай адамгершілік қасиеетерді негізге ала отырып , сәбиді бесіктен тәрбиелейтін әдістің бірі халық ертегілерін жаңғырту .Сәбилерімізді халық ертегілерімен сусындатсақ көшпелі қазақ халқының ата- бабамыздан қалған салт – дәстүр, әдет-ғұрыптарды біліп тілдің жұтаңдығына тап болмас едік .Мысалы ,балабақшаларда наурыз мерекесін атап өтіп жүр .Онда көптеген ертегілерден үзінділер көрсетіліп ,жас бүлдіршіндердің адамгершілігін,ақыл-ойын, тапқырлығын дамыту жағына көңіл бөліп отырады. Бір балабақша « Шық ,бермес Шығайбай » ертегісінен Алдар Көсенің рөлін көрсетсе, екіншісінде Алдар Көсе ертегісіндегі «Тоғыз Құмалақ » ойынын балалар арасында дәріптеледі. Осындай тәрбиелік мәні бар халық ертегілері баланың адамгершілік қасиетінің тек қана жақсы жағын қалыптастыруға көмегі тиері анық .Ол ертегілерді сабақ үстіндегідей тек құрғақ сөзбен оқып айтып шықпай сәнді киіс үй аясында көрпеше, сырмақ,үйдегі қазан, жер ошақ, Алдар Көсенің Шығайбайды алдап түсіруі, Шығайбайдай сараңды жібітіп, қазандағы бермеген асын жеуі, осы көріністердің бәрі баланың көз алдынды айқын көрсетіліп жатады .Тәрбиешілер балаларға кейіпкерленіп жатқан ертегінің мазмұнын айтып отырады .САрыөзек ауылындағы «Ай-Сана » бөбекжай -балабақшасының тәрбиешілері «Шық берме Шығайбай » атты ертегісінен үзінді көрсетті .Ертегі кейіпкерлері сахнаға арналған киімдерін киіп, таза ана тілінде ертегі мазмұнын балаларға мәнерлеп жеткізу тіптен жарасымды шықты .
Кейде оқу іс-әрекеті үстінде тәрбиеші өте мәнерлі ,мимикасын келтіре ауыз екі айтып өткен ертегіден де балалардың адамгершілігін қалыптастыруға болады. Қажет болса салынған сурет бойынша да ұғындыруға тырысамыз .Міне осындай халық ертегілері балалар бойындағы адамгершілік қасиетін жан жақты қалыптастыруға үлестерін қосуда

Жалаң ақылдан нәтиже жоқ.

Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Бір жас әке сәбиі дүниеге келгенде: «Ей, жараңдар, біздің үйде жас нәресте бар, құттықтаңыз мені!» деп, бүкіл ауылдастарының үйді - үйін аралап шығыпты деген де аңыз бар. Несі бар? «Балам, басыңа келгенде білерсің » демекші, жас әкенің жас күйін әке болу бақытына келгенде оңай түсінуі мүмкін. Бала -адамның бауыр еті, қолқа жүрегі. Баланың арсалаңдай аймалаған еркелігі, ақыл- таным адымы, ойнақтаған қылығы, былдырлаған тілі- бәрі жаныңа жақын, жүрегіңе ыстық. Ұл есейіп, ержете бастаған шақтарда оның әрбір жетістігі мен қуанышы саған да қуаныш, қысқасы бала бақытты болса- ата- ана бақытты!
Ал ,енді баланың бақытты болуы, жақсы азамат болып өсуі ең алдымен кімге байланысты? Ата- ана бізге байланысты. Бала тәрбиесін ұсақ - түйек деп қарап, «уақытым жоқ » деген сылтаумен , бұл істі жалғыз ананың еншісіне қалдыратын кейбір бір мойын әкелерде бар «ей, бала деген өзі де өспей ме, тамағы тоқ, киімі бүтін етсем болды емес пе, не тәрбие керек оған, өзіміз солай- ақ өстік қой » дейтін кертартпа ескі ұғымның шылауына шырмалып жүрген әкелер де баршылық. Ата- анадан , үйелмен мүшелерімен қаймықпай, дөрекі мінезді тұрпайы болып өсу, оларды сыйламау тыңдамай бетімен кету деген, көбінесе, осындайдан шығады. Қайсыбір жас аналар баласына «әдепті бол, үлкенді сыйла» деп ақыл айтады. Ал, өздері үй ішінде қарт әжесіне дөрекі сөйлейді. «Ұқыпты жинақты болып өс» деп ақыл үйретеді. Ал, өздері үй ішінде, күнделікті тұрмысында ұқыптылық көрсетпейді. «Еңбек сүйгіш бол, еріншек болма » дейді өздеріне қызмет істемейді, не үй шаруасын істеп береке таптырмайды.
Жас ата- ана балаға сөзден гөрі іс ,күнделікті әдеп- ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеруі керек. Айтқан ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, өз әдет, қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ақылдан еш нәтиже шықпақ емес. Сондықтан соңынан өкініп, бармақ тістемес үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан мақұл. Бұл – әкелік , ата- аналық парыз емес, халық ,Отан алдындағы азаматтық парызымыз. Бала бақыты – бәрімізге – бақыт.
«
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.