Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалаң және жайылма сөйлем -

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1130 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері оладың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлем табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Дамытушылығы: сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: әдемі жазуға, мәдениетті сөйлеуге, білімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекі құралдар: мозайка, интерактивті тақта, суреттер, оқулық.
Сабақтың жүру барысы:
1.Қызығушылықты ояту
-Саламатсыздар ма, оқушылыр!Сыныпта кім кезекші?Бүгінгі сабақта кім жл?
(кезекші оқушы жауап береді)
-Жарайсың, отыра ғой.Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу мақсатында сабағымызды «Ана тілім – ардағым» атты әнмен бастайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
81-жаттығу, 97-бет
Оқушылар оқиды.
-Балалар, осы оқып тұрғанымыз не?
-Сөйлем
-Олай болса, ережені еске түсірейік.
3.Еске түсіру. «Мозайка» құрастыру
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз?
3. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
4. Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
6. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
7. Жай сөәлем дегеніміз не?
8. Жай сөйлем неше түрге бөлінеді№
9. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
10. Айылма сөйлем дегеніміз не?
(Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы мозайка құрастырады)
-Жарайсыңдар, балалар,сұраққа өте жақсы жауап бердіңіздер№Олай болса тақтаға назар аударайық.
4.Ой толғау.
-Балалар, мозайка құрастыру арқылы ненеің суреті шықты?
-Қыс
Әр топ қыс туралы өз ойларын ортаға салады
Қыс
Қар жауады.
Күн суытады.
т.с.с Мұз қатады .
Балалар шанамен сырғанайды.
т.с.с

-Жарайсыңдар , балалар.Қыс туралы бәріміз жақсы біледі екенбіз.Қазір қыс мезгілінің қай айы?
Нешінші жұлдызы? (Балалар жауап береді)
5.Дәптермен жұмыс
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн жадысы мен сабағымыздың тақырыбын жазып қоялық.
(Желтоқсанның он екісі
Жалаң және жайылма сөздерге жаттығу жұмыстары)
-Балалар, олай болса , экранға назар аударайық.
Сөйлемдерді оқы.
Ауылдан атам келді. Ауылдан нағашы атам келді.
Мал өрістен келді. Мал өрістен ерте келді.
-Бұл қандай сөйлемдер?
-Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
(Оқушылар жауап береді)
6.Кубизм әдісі арқылы тапсырмаларды орындау.
1-тапасырма. Терме диктант
Жалаң сөйлемдерді теріп жаз.
2-тапсырма. «Кім шапшаң?»
Сызба бойынша сөйлем құра?
7.Сергіту сәті
3-тапсырма.
Шығармашылық тапсырма
«Адасқан әріптер» ойыны
1-топ – о, н, қ, я
2- топ – ә, г, е, р, і, д, р.
Әр топ құрастырған сөзге төрт жол өлең шығарады.
4 – тапсырма. Жағдаяттан шығып көр.
Қымбатты, балалар, № 1 интернаттың 3- сыныптар арасында жай сөйлемді талдау тапсырмасында «Маралдың мүйізінен әр түрлі дәрі –дәрмек жасалады» деген сөйлем берілді.№ 1 интернаттың 3 а сынып оқушылары бұл сөйлемді жалаң сөйлем деп айтып, тұрлаулы мүшелер қатарына жатқызып «әр түрлі дәрі-дәрмек жасалады» дегенді жатқызды.Ал сендер, 3 а сынып оқушыларының орнында болсаң, қалай жауап берер едіңдер?
8.Сабақты бекіту
жалаң ортақ жайылма

9.Үйге тапсырма
10.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.