Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалаң және  жайылма сөйлем. -

Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1324 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
№71 мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Маратова Алтынгул Бакытбековна

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек-сызба, Венн диаграммасы, ойын құралдары.

Сабақтың барысы:
І.Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
(Тақтаға «сөйлем» деген сөз жазылған парақты ілу).
-Сөйлем деген не?
(Оқушылардың жауабы).
Күн ретін жазғызу.
ІІ.Тақтамен жұмыс.
(Тақтаға «Жазира биледі», «Жазира әдемі биледі» деп жазылған парақтарды ілу).
-Балалар, тақтаға қараңдаршы, мына қағаздарда не жазылған? (Сөйлемдер)
-Ендеше осы екі сөйлемді дәптерге 2 бағанға жазайық.

-Ал енді екі сөйлемді талдайық.
1-сөйлем.
-Жазира не істеді? (Биледі)
-Қандай сөйлем мүшесі?(Баяндауыш)
-Кім биледі? (Жазира)
-Қандай сөйлем мүшесі? (Бастауыш)
2-сөйлем.
-Жазира не істеді? (Биледі)
-Қандай сөйлем мүшесі?(Баяндауыш)
-Кім биледі? (Жазира)
-Қандай сөйлем мүшесі? (Бастауыш)
-Жазира қалай биледі? (Әдемі )
-Қандай сөйлем мүшелеріне жатады? (Тұрлаусыз сөйлем мүшесіне)
-Осы екі сөйлемнің ұқсастығы не?
(Екуі де сөйлем, екуінде де бастауыш пен баяндауыш бар)
-Ал, айырмашылығы неде?
(Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелер бар)
-Өте дұрыс! Ендеше, балалар, тек қана бастауыш пен баяндауыштан құралған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

ІІІ. Трек-сызбамен жұмыс.
-Олай болса, мына трек-сызба бойынша жалаң және жайылма сөйлем туралы ой тұжырымдамасын шығарып көрейік.

(Ережені қорытындылау)
-Жақсы. Ендеше 2-3 жалаң сөйлем құрап көрейік.
(Оқушыларды тыңдау)
ІV.Оқулықпен жұмыс.
97-жаттығу. Сөздерден сөйлем құратып, оларды сөйлем мүшелеріне талдату.

Күн бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді. Түн ұзарды. Динара қуанды.
*Құраған жалаң, жайылма сөйлемдерін тиісті пойыз вагондарына орналастырып, бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде екенін айтады.

V.Топтық жұмыс. Дидактикалық материалмен жұмыс.
Тапсырма: Жалаң және жайылма сөйлемдер жаз.
Оқыту. Дұрыс жауаптарға қол шапалақтау.
VІ.Сегіту сәті. Қаражорға билету.
98-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жай сөйлемнің түрін анықта.
(Тақтаға әр сөйлемді бір баладан шығып жазады).
99-жаттығу. «Жайылма сөйлемге айналдыр» ойыны арқылы ұйымдастырылады.
-Қай топ бірінші болып құрастырады? (Қол шапалақтап мадақтау).
VІІ.Ойын «Тиістісін тап».
Тақтаға «Жалаң сөйлем» және «Жайылма сөйлем» деп жазылған екі кәрзеңке ілу.
Жалаң және жайылма сөйлемдер жазылған карточкалар тарату.
-Сөйлемдерді оқыңдар. Оларды сөйлем түрлеріне ажыратып, тиісті кәрзеңкеге салыңдар.
VІІІ. Сабақты қорытындылау.
Венн диагаммасы.
-Балалар, бұл Венн диаграммасы екенін білесіңдер. Олай болса, жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып жазайық.
ІХ.Бағалау.
Х.Үйге тапсырма: 89 бет-100, 101 жаттығулар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.