Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жамбыл « Жылқышы» өлеңі -

Жамбыл « Жылқышы» өлеңі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1166 | Размер: | Автор: гость
. Азимбаева Диларам Розхановна,
Науайы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Тақырыбы: Жамбыл « Жылқышы» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Жылқышы» өлеңі арқылы жылқының ерекше қасиеттерімен танысу. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер «Достасу» әдісі, «Ақ серек, көк серек» ойыны, «Ассоциация» әдісі, «Венн» диаграммасы, «Рюкзак» әдісі.
Күтілетін нәтиже «Жылқышы» өлеңіндегі негізгі ойды аша алады. Жылқының ерекше қасиеттерін біледі. Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді.
Белсенді жұмыс түрлері Жұптық жұмыс, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
3 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Достасу» әдісі арқылы тренинг өткізу Ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп тұрады. Ішкі шеңбер минут, сыртқы шеңбер сағат болады, мұғалім сілтемесі бойынша жұмыс жасайды.
3 мин Топқа бөлу «Ақ серек, көк серек» ойыны арқылы.

Бағалау критерийлерімен таныстыру Оқушылар 5 баладан бөлініп тұрып «Ақ серек, көк серек» ойыны арқылы топқа бөлінеді. Критерий бағалау парағы
6 мин Үй тапсырмасы:
«Искандар» өлеңінің мағынасын ашу.
Искандар кім және қандай патша болған?
«Әңгіме» кестесі Топта өлеңді талқылап, топтан бір оқушы қорғайды.

Кестені топта толтырады.
8 мин «Ассоциация» әдісі.
Жамбыл Жабаев Алдын ала үй тапсырмасы берілген, Жамбыл Жабаев жайлы жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны сызбалар салып соған жазып түсіндіру қажет. А4 қағазы
маркер
2 мин «Ат-ер қанаты» бейнеролик көрсету Оқушылар бейнероликті тамашалайды АКТ
6 мин Оқулықпен жұмыс
Мәнерлеп оқу. Тыңдайды, өлеңді іштей оқып шығады.
Түсінбеген сөздерін түртіп отырады, кезекпен бір-біріне түсіндіреді.
4 мин «Венн» диаграммасы
• Жылқышының бейнеті мен зейнеті қандай болады? Бейнеті Зейнеті

А4
маркер
8 мин Топтық жұмыс
1-топ: «Жылқы – малдың патшасы, Түйе – малдың қасқасы» деген мақалдан не анғардың.
2-топ: Қазақ халқы жылқыны неге ерекше қастерлеген?
3-топ: Жылқы малына байланысты қандай мақал білесің?
4-топ: Жылқы етінің, сүтінің қандай қасиеттері бар?
5-топ: «Жылқы» сөзіне өлең құрастыру Әр топ өздеріне тиесілі тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Алдымен топта өз ойларын айтып, талқылап алады. Сосын топтан 2-3 оқушы жауап береді.
2 мин Кері байланыс: «Рюкзак» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушыларға төмендегі ойлар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.
• Мен үйрендім
• Мен мына нәрсені түсіндім
• Мен есте сақтап қалдым Сабақ бойынша пікірлерін жазады. Қима қағаздар
2 мин Бағалау Бағалау критерийлері арқылы әр топ өздері қойған бағасын оқып, талдайды. Критерий бойынша бағалау парағы
1 мин Үйге тапсырма:
«Жылқышының ерен еңбегі» жайлы эссе жазу. Күнделікке жазып алады. Күнделік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.