Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер -

Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2100 | Размер: | Автор: гость
. Абдрахманова Оралкүл Алдашовна,
№50 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер

Сабақтың мақсаты:
Жануарлардың немен қоректенуін білу, зиянды және пайдалы жәндіктерді ажырату.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жануарлардың немен қоректенетінін біледі, зиянды және пайдалы жәндіктерді ажыратады.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сәйкестігін табу» тірек сызба, АКТ-ны пайдалану, «Бес жолды өлең» стратегиясы, «Эссе жазу».
Сабақтың барысы:Оқушыларға психикалық ахуал жасау.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, жануарлардың көптүрлілігінің атауы бойынша тез, жылдам айтқыздыру. Мысалы: бір оқушы келесі оқушыға қарап маса дейді, ол оқушы келесі оқушыға қарап шыбын дейді, т.б.сол сияқты жалғасады.
Топқа біріктіру. Конверттен оқушылар жәндіктердің аты жазылған стикерлерді алып, сол бойынша топқа бөлініп отырады.
Топ мүшелері қызметін (топ басшы, уақыт сақшысы, идея тастаушы, баяндаушы, хатшы) бөліп алады. Оқушыларға өздеріне берілген қызметін дұрыс атқару керектігі ескеріледі. Бағалау парақшасын топқа тарату.
1-топ Жәндіктер
2-топ Бақалар
3-топ Қосмекенділер
БІЛУ: Сабақты сөзжұмбақ шешуден бастаймын
1.Отырмайды, тұра алмайды, Түзу жолда бұраңдайды.
2.Екі мекені бар
3.Ауру таратушы жәндік
4.Маймыл атауы
5.Желбезегімен дем алады
6.Тауық, құр, үйрек, қаз бір сөзбен қалай аталады?
7.Қосмекенді атауы
8.Шағатын жәндік
9.Жорғалаушылардың екінші атауы.

ТҮСІНУ: Үй жұмысын сұрау. «Бес жолды өлең» жазу арқылы.
1-топқа КИТ. 2-топқа БАҚА 3-топқа Өрмекші.
-Бірінші жолда тақырып бір сөзбен беріледі .Зат есім.
-Екінші жолда екі сөзбен сипаттау. Сын есім.
-Үшінші жолда қимыл атауын білдіретін үш сөз. Етістік.
-Төртінші жолда 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
-Бесінші жолда тақырыптың мәнін ашатын бір синоним сөз.
Бақа.
Құйрықсыз, жалпақ
Секіреді, қоректенеді, мекендейді.
Құстар ұстамайтын зиянкестермен қоректенеді.
Қосмекенді.
Әр топ өзге топтарды түрлі фигуралар арқылы бағалайды.
ҚОЛДАНУ. Оқулықтан берілген тапсырмаларды түсіндіру. Жануарлардың қоректенуі туралы түсірілген материалдарды проектордан көрсету. Электронды оқулықты пайдалану.
«Сәйкестігін табу» тірек сызбасы бойынша топтарға тапсырма беремін.

Әр топ өзге топтарды фигуралар арқылы бағалайды.
ТАЛДАУ. Тақырыпты талдау. Проектордан көргендерін, тірек сызбадағы жұмыстардан ойға түйгендерін әңгіме-дебат жүргізу арқылы әр топқа талдату.
Әр топ өзге топтарды фигуралар арқылы бағалайды.
Білімді тексеру.

ЖИНАҚТАУ.Топқа эссе жазуға тапсырма беремін.Әр топ білгендерін қорытындылап жазады.
1-топқа Омыртқалы жануарлар
2-топқа Жәндіктер.
3-топқа Инелік.
Инелік - омыртқасыз жануарға жатады. Бұл ең қомағай жәндік. Күніне өз салмағынан артық жемтік жейді. Негізгі азығы маса мен шіркей. Жемтігін аяғымен ұстайды. Табиғатқа пайда келтіреді.
Сұрақ менен, жауап сенен сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.
Сонымен жануарлар тіршілік ету ортасына қарай немен қоректенеді? Жемтігін аяғымен ұстайтын қандай аң?
Үйге тапсырма:Мәтінді бөліктерге бөліп оқып келу.
Кері байланыс:Екі жұлдыз, бір тілек арқылы оқушылар стикерлерге жазып тапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.