Меню
Назад » » »
Жапсырудың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерін қолдану
загрузка...

загрузка...
Жапсырудың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерін қолдану
мастер - класс

1 – ші слайд:
Мақсаты:
Педагогтарға жапсырудың дәстүрлі емес түрлерімен таныстыру, түрлі құралдармен ,тәсілдермен таныстыру. Эстетикалық сезімін дамыту. Түстердің алуандығын ұғыну. Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде шығармашылығын дамыту. Жеке және ұжыммен жұмыс жасауды үйрету. Жұмысты соңына дейін аяқтауды үйрету. Қиялын, елестетуін, ойлауын, зейінін жетілдіру. Көру және саусақ маторикасын дамыту
2 – ші слайд:
Міндеттері:
Дәстүрлі емес бағдарламалармен педагогтарді таныстыру қосымша жүзеге асыру әдістері мен кезеңдерін көрсету үшін, тәжірибеде теориялық білімдерін бекіту.
3 – ші слайд:
Көрнекіліктер: алдын ала дәстүрлі емес тәсілмен жасалған суреттер
4 – ші слайд:
Керекті құралдар: тұқым, қауын, қарбыз, кәді және асқабақтың дәндері, жарма,шәй,үрме бұршақ,қара құріш,түрлі түсті қағаз,ПВА желімі,картон,
Қайшы, түрлі түсті акварель бояуы, ағашқа арналған лак, қылқалам,
5 – ші слайд:
Мастер - класс барысы:
Тәрбиеші:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын, бүгін біз сіздермен қызықты және пайдалы уақыт өткіземіз деп үміттенемін.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жапсырудың дәстүрлі емес әдіс - тәсілдері»
6 – ші слайд:
Сұрақ – жауап:
1. Дәстүрлі әдіс тәсіл дегеніміз не?
2. Дәстүрлі емес әдіс – тәсіл дегеніміз не?

Педагогтардың жауаптары:
7 – ші слайд:
Тәрбиеші:
«Жапсыру» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсыруды қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация.
Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын жапсыру.
Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс,макарон, т. б.) қолдану арқылы орындалатын жапсыру.
Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия, ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б.
Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде адамның анықтау,зерттеу қабілеті қалыптасады.Дәстүрлі емес әдіс адамға бейнелеу өнеріне деген мотивация лық қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар адамның суретті соңына дейін «сала аламын ба» деген қорқыныштары кетеді. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ маторикасы жақсы дамиды.
Мына слайдқа қарасаңыздар бұл жерде дәстүрлі емес әдіс тәсілмен жасалған бірнеше суреттер көрсетілген,осыларға қарап отырып өздеріңіз де ойларыңыздан әдемі бір компазиция жасаулырыңызға болады
8 – ші слайд:
1- ші: Көбікті (паралон)қолдану: Көбікті алдын ала түсті бояумен бояу керек,содан соң оны кішкене кесектерге жырта отырып бір сурет жасауға болады.
(паралон) қолдану арқылы: (көбік түрлі түсті бояумен бояу. Содан кейін кішкене кесектерге жыртып жапсыру).
9 – ші слайд:
2- ші: Картонға балықтың бейнесін салып алып, балықтың денесін тарымен,шет – шетін шәймен безендіреді, аузын қызыл көбікпен жасайды
Қызықты жұмыс дәнді және тұқым түрлі пайдалана дайындалд
10 – ші слайд:
3- ші: Түсті картонды алып оның шет – шетін үрме бұршақпен безендіріп
рамка жасаймыз, содан соң қайың діңі қосу және үкінің бейнесін қиып алып жапсырамыз, үкінің қанаттары мен басы шәймен, денесі укроптың тұқымымен безендірілген, қалпағы тарымен, тұмсығы үрме бұршақпен,қайын ағаш мәнимен жасалған жапсыру "Үкі", тұқым және жарма.Алдыменен үрме бұршақпен рамка жасап аламыз. Аппликацияның жекелеген фрагменттерін жазып-толтырамыз: қалпақтың ішкі жағын – жарма, сырты - тары; жан - жағынан қанаттары, құйрық және жетекшісі - шай;
11 – ші слайд:
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер мына менің қолымдағы жеміс пен көкөністердің дәндерін қолдана отырып жасалған картина сіздерде алдырыңызда тұрған керекті құралдарды пайдалана отырып өз ойларыңыздан әдемі бір сурет жасауларыңызға болады.
Менің қолымдағы картинаның қалай жасалғанын мен сіздерге түсіндіре кетейін. Алдын ала керекті құралдардың бәрін дайындап аласыздар. Түймедақ гүлін жасау үшін алдыменен мына заттардан бастаймыз.
1-ші: Ақ қағазды алып өздеріңізге керек әр бір көлемдегі дөңгелектер қиып аласыздар.
2-ші: Қауынның дәндерін бір –біртіндеп алып қылқаламмен ПВА желімін кішкене жағып,дөңгелектін шетінен бастап жапсыра бастайсыз дар.
3-ші: Бір қабатын жапсырып болғаннан кейін,екінші қабатында солай жапсыра бересіздер
4-ші: Гүлдің ортасына келген кезде ПВА желімін кішкене құйып оған тары жапсырасыздар, осымен сіздердің бірінші Түймедақ гүлдеріңіз дайын болды.
5-ші: Дайын гүлді яғни қауыннан жасалған жерлерін түсті бояудың ақ түсімен бояп, ал тарыдан жасалған жерін сары түсті бояумен бояп кептіресіздер де, ол кепкен кейін гүлді лакпен бояуларыңызға болады.Картинаның басқа гүлдерін де осылайша әрі қарай жапсыра бересіздер.
Ендеше сіздер де өз ойларыңыздан әдемі бір картина жасаулырыңызға болады.
12 – ші слайд:
Жұмысымызды бастамас бұрын ,біз командаралға бөлініп алайық.
Менің қолымдағы қоржында түрлі – түсті шарлар бар,сіздер бір – бірден келіп қоржыннан шарларды аласыздар. Қызыл түсті шар алған адамдар бір команда болады, сары түсті шар алғандар екінші команда,ал жасыл түсті шар алғандар үшінші команда болады. Сөйтіп біз үш командаға бөлінеміз. Әр команда өзі қалаған апликациясын жасау керек, қай команданыкі әдемі болғанын өздеріңіз артынан шешесіздер.
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер жұмысымызды аяқтап болдық, енді мен сіздермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Бизнесмен» деп аталады.
13 – ші слайд:

Ойын: «Бизнесмен»
Ойынның шарты: Сіздер өздеріңіздің жасаған жұмыстарыңызға жақсы жарнама жасап , бір – бірлеріңізге сатуларыңыз керек, қай команда жасаған өніміне жоғары бағаға сатады.

Рефлексия:

14 – ші слайд:
Қорытынды:

15 – ші слайд:
Тосын сый:
Құрметті әріптерстер осымен менін сіздерге көрсеткен мастер – класс аяқталды.Келіп қатысқандарыңызға рахмет. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жапсырудың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерін қолдану можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 377 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar