Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жарқын болашаққа жол бастау -

Жарқын болашаққа жол бастау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1217 | Размер: | Автор: гость
. Мауленова Гаухар Файзуллаевна Математика пәні мұғалімі
Жарқын болашаққа жол бастау
Елбасы Н.Назарбаев аталмыш жолдауда "Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған ".Қазіргі көз ілеспес өзгерістерге тұспа-тұс келіп отырған жаңашыл бағдарламалармен оқып білу Қазақстан мұғалімдеріне де келіп жетті.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім -ұйымдастырушы, бағыт-беруші,сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші мұғалім емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады.Мұғалім ең алдымен ,бала жанының тамыршысы болуы тиіс.Ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі,бейімділігінен ,айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді.Осы үшеуі мұғалім мейрімділігімен ұштасқан нағыз тамыршы бола алады.Оқытуға деген ынта ,өзіндегі барды асқан мейрімділікпен жеткізе білу ұстаз шеберлігінің қыры."Мен шәкіртерді ешқашан үйретпеймін,мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын "-деп А.Эйнштеин айтып кеткен. Шәкірттер өздігімен тек белсенді әрекеттер арқылы үйренеді ,сол себепті әр сабақта шәкірттердің белсенді әрекеттері ұстаздың басты мақсаты болуы керек.
Өз ісіне берілген ,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтада отырып ,шәкіртеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын.Осы бағдарлама бойынша келешекте оқушыларды білімге де, бәсекеге де қабілетті етіп тәрбиелеймін .Бұдан былай менің өмірлік тәжірибем қуанышты да жағымды сәттер көп болады деп сенемін.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы мыналар болып табылады.
- алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,
- түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,
- сұраныс бойынша ақпарат алу,
- интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,
- ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу,
- өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу,
- ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.
Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады.
- күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру,
- интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру,
- өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.
Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
Сонымен сөзімді қорытар болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.