Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жарасқан Әбдірашев.  Алматы- бас қалам, жас қала- Астанам -

Жарасқан Әбдірашев. Алматы- бас қалам, жас қала- Астанам

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1351 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың қысқамерзімді жоспары
Пәні Ана тілі 4 сынып
Сабақ тақырыбы Жарасқан Әбдірашев.
Алматы- бас қалам, жас қала- Астанам
Мақсаты 1.Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің
көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.
2.Өлең мәтіні арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуға, өз ойын қорытындылай алуға мүмкіндік жасау.
3.Оқушыларды өз елін сүйіп, қадірлеуге үйрету, патриотизмге баулу.
Міндеттері Топ бойынша тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Күтілетін нәтиже Оқушылар өз ойын жүйелі жеткізуге үйренеді, сынып микроклиматы өзгереді, оқушылар шығармашылықтарын дамытады.
Негізгі идеялар Туған өлкем- тұғырым.
Туған жердей жер болмас.
Тапсырмалар І. Ұйымдастыру бөлімі.
1.«Амандасу» тренингі.
2.Бұлт, тау, терек суреттерін үлестіру арқылы 3 топқа бөлу.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Қызығушылықты ояту:
А.Топ аттарын табу- Астана, Алматы, Қазақстан.
Ә.Ассоциациялар аймағын құру
1-топ- Астана туралы ассоциацияларын бұлттарға жазып іледі.
2-топ- Алматы жайлы тауларға жазып, іледі.
3-топ- екі қаланы салыстырады, теректерге жазып, іледі.
2.Жаңа тақырыпқа көшу.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз біздің астаналарымызға байланысты екенін түсінген боларсыңдар. Астана мен Алматыны жырламаған ақын, бейнелемеген суретші, ән арнамаған сазгер жоқ шығар. Бүгін біз солардың бірінің өлеңімен танысамыз. Ол кісі сендерге таныс болуы мүмкін. Сонда да бұл автор туралы өз ойларыңды жазсаңдар деп едім. Оны қандай деп ойлайсыңдар? Қалай сипаттар едіңдер?
Оқушылар өз ойларынша авторды сипаттайды, сыныпқа оқып береді. Содан соң мұғалім автор суретін көрсетіп, кімнің дәл сипаттағанын анықтайды. Автор аты анықталғасын аспанда күн пайда болады.
(Ж.Әбдірашев туралы мұғалімнің баяндауы)
3.Әр топқа 1 шумақтан таратып беріледі. Олар өз беттерімен оқып, танысады.3 топтан 3 оқушы шығып, өлеңді тізбектей оқиды. Өлең мазмұнын өз беттерінше баяндайды. Әр топқа сұрақтар қойылады:
-Ақын Алатауды неге теңейді?
-Сарыарқаны қандай дейді?
Алатау- қарт, қара шал, өр, қазақтың шыңы.
Сарыарқа- алаша, кең дала, елдің болашағы.
4.Саяхатқа шығу.
Астана мен Алматы туралы слайд-шолу.
5.Топтық шығармашылық жұмыс.
-Балалар, біздің сабағымызға түрлі елдерден қонақтар келіп отыр. 1-топ оларға Астана қаласын, 2-топ- Алматы қаласын таныстырсын. А л 3-топтағы қонақтарымыз олар дайын болғанша біздің еліміз туралы білімдерін көрсетсін.
3-топ оқушылары сұрақтарға жауап береді:
-ҚР елордасы қай қала?
-ҚР Президенті кім?
-ҚР мемлекеттік рәміздерін атаңдар?
-Қазақ елінің ұлттық ерекшеліктерін атаңдар.
-Астана қаласының бұрынғы атаулары қандай?
-Алматы қаласының бұрынғы атауларын білесіңдер ме?
6.Афишалау. Екі топ оқушылары қонақтарға Астана мен Алматыны таныстырады.
7.Сергіту сәті. «Астана- жас қала» әнін орындау.
8.Туған жер моделін құрастыру.
-Балалар, біздің еліміздің тағы қандай қалаларын, аудан-ауылдарын білесіңдер?
Олардың атауларын мына керегелерге, уықтарға жазыңдар.
Оқушылар жазып, тақтаға іледі.
-Енді киіз үйдің несі жетпей тұр? (Шаңырағы- Астана, есігі- Алматы,үлкен киіз үй- біздің Отанымыз- Қазақстан.)
ІІІ. Қорытынды бөлім
1.5 жол өлең құрастыру.
Астана. Алматы. Қазақстан.(топпен жұмыс)
2.Бағалау.
-Өздеріңнің бүгінгі үйренгендеріңді қалай бағалайсыңдар? Мына теректің қай жеріндемін деп ойлайсыңдар? Сабақтан алған әсерлеріңді жапырақтарға ,алмаларға жазып, терекке іліңдер.
3.Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, өз ойынан өлең құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.