Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жарасымды  достық. -

Жарасымды достық.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1345 | Размер: | Автор: гость
. Жарасымды достық.

Мақсаты : Ұл бала мен қыз бала арасындағы достықты дәріптеу, оқушыларды нағыз дос болуға мәдениетті, адамгершілігі мол, достықтың қадір - қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу , өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Сайыс шарттары:
1.Таныстыру.
2.Сыйластыққа байланысты көрініс көрсету.
3.Викториналық сұрақтар.Достыққа байланысты.
4.Жарасымды достар. Екеуі бір – бір қолдарын біріктіріп,әр түрлі жұмыстар істейді.
5.Өнері

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд, музыка
Әділқазы алқасын сайлау.
Сайысқа әр сыныптан 1 ұл , 1 қыз баладан қатысады.

Қатысатын сайыскерлерді ортаға шақырамыз. /Оралхан Көшеровтің «Достарым» әнінің әуені ойналады./

Құрметті ұстаздар , оқушылар, көпшілік қауым!
Бүгінгі өткелі отырған «Жарасымды достық» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыздың тақырыбы – ұл бала мен қыз бала арасындағы достық жайлы болмақ.
Достық деген не? Анадан туғанда әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың өскіні жатады. Жерге түскен әрбір өскіннің өнуі үшін күннің нұрі, топырақтың қызуы қажет. Сол сияқты әр сәбидің жүрегінде жатқан достықтың өсіп - өнуі, гүлденуі үшін недәуір уақыт керек. Жолдастық - достыққа жеткізеді.

І.Бөлім. Досым саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – адамның серігі екен.
Сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ. Бөлім Жас – кәріге «Сіз» деген
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен
Сіз деген- сыпайылық,
Сен деген – анайылық,
Біз деген – көмек,
Сіз деген - әдеп.

Келесі кезекті сыйластыққа, адамгершілікке ,мәдениеттілікке байланысты көрініске берейік.

ІІІ. Бөлім. Айқындалмас жақының мен алысың
Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін,
Өз көңілінен сенім таба білмеген
Досқа - досша ұсына алмас қол үшін
Доссыз менің өмірімде бар ма сән?
Досым барда – арманға асам, алға асам, дей келе, достық қарым - қатынасқа арналған викториналық сұрақтарға кезек беріледі.

ІУ.Бөлім Қос жүректе тағдыры дүниенің,
Біреу пәстеу болса, күйінемін.
Екеуі қос ішектей күй төкпесе,
Дүниенің ертеңінен түңілемін.

Арпалысқан жалғанда жан берісіп, жан алған,
Сыңарынан адасып талай саңлақ жоғалған.
Көңіл көзі таныған бірін – бірі алыстан,
Егіз қозы секілді екі доста жоқ арман.

Ендігі бөлімде жарасымды екі достың бірігіп жасаған қызықты іс -әрекетттері туралы болмақ. Екеуі бір –бір қолдарымен бірлесіп , жұмыс көрсетеді.

У. Бөлім. Мен сүйген бір – ақ саз бар – достық деген,
Ұзақ жол үзілместей жүрегімнен.
Қадірлі жан қиярлық достар болмақ,
Сүйдім мен сол достарды шын жаныммен.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуанса да, қайғырса да қасыңда.
Қиналады, сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамайды, ұйықтамайды ол - дағы.
«Өнерлінің өрісі кең» демекші соңғы бөлімімізде сайыскерлеріміздің өнері ортаға салынады.
Қара қылды қақ жарып, әділ бағасын беретін әділқазы алқасына сөз тізгінін ұсынамыз.
Абай атамыз айтқандай, шын дос болу – бақыт, сенің өмірдегі жаныңды түсінетін , саған қиындық туғанда көмектесе алатын . әрдайым арқа тұтатын ең сенімді адамың - ол сенің досың. Көп ақшаң болғанша , көп досың болсын деген сөз бар.
Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі. сырыңды айтатын , қуаныш - қайғыңды бөлісетін адамның болуы. Достықтарыңыз мәңгілік болсын деген ізгі тілекпен кешімізді аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.