Меню
Назад » » »
Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда жеке Тұлғаға бағытталған бағдарды жүзеге асыру
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
Шәкәрім атындағы №27 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Сейлханова Зулфия Абибуллаевна

Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда жеке
Тұлғаға бағытталған бағдарды жүзеге асыру

Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
6. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірбиесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірбиеге сүйенуі. Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалақ қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту алаңы.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан – жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігінен айқындауды қарастырады.
Жеке тұлғаға бағытталған бағдарламамен оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуде ықпал етуде, мұндағы басты міндет - баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Жеке тұлғаға арналған бағдарлама барысында білім беру жүйесінде шығармашыл, техникада, эканомика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба білетін батыл да жаңашыл, ақыл – ойы дамыған адамдарды даярлауды талап етеді.
Сондықтан математиканы оқу процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рол атқарады. Біріншіден, оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызыметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді.
Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып оқушы тұлғасының білімінің артуына септігін тигізеді. Әр сабақ тиімді өту үшін, сабаққа дайындалу барысында әр сынып оқушыларының ерекшеліктерін есепке алу қажет. Әр сабақты жақсы өткізу үшін мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап отыру керек. Бұл ережелер:
1. Сабақтың тақырыптағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндетін бөлу.
2. Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі, ғылыми, ғылыми – көпшілік,әдістемелік кітаптарды таңдап алу , олардың мазмұнымен танысу.
3. Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқып, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын анықтау.
4. Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу.
5. Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндеттерді бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу.
6. Сабақта оқушы нені түсіну керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау.
7. Оқушыларға оқу материалын қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керек, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.
8. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білу.
9. Әр сабақты өз дәрежесіне жеткізу.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой – пікірлерге назар аудару қажет:
– жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;
– білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
– кемшіліктерге шыдамдылық;
– қатеге құқықты;
– тиым салмай, бағыттау; бұйрық бермей, ұйымдастыру; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;
– мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жариялап отыру.
Өз тәжірбиемде «топ арқылы оқыту» әдістемесінде жұмыс атқарамын. Бұл технологияда дифференциацалау және жекелендіру элементтерін қолдануға тиімді. Бұл технологияда көптеген жұмыстар білім деңгейі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіледі және де дарынды оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелейді. Сабақ барысында топпен істеу келесі этаптар арқылы орындаймын:
– бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту;
– өзіндік жұмыстарды оқыту;
– өз білімдерін бақылау арқылы тексеру;
– әр деңгейлі есептерді таңдау арқылы шығару.
Дифференцацианың негізгі бір түрі ерекше жеке тұлғамен арнайы жұмыстар жүргізу.Ол үшін: оқушымен сөйлесу және оның ерекше тұлғасына көңіл бөлу, ерекше тұлғаны оқу барысында есепке алу, психолого – педогогикалық жағдай жасау арқылы сыныпта барлық оқушылардың қабілеттерін арту арқылы, әр оқушының жеке қабілетін дамыту. Әр тұлғамен жеке жұмыс істеу сабақтың ең бірінші кезеңі болып табылады, және бұл оқушылардың өзіндік оқыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай кезеңді сабақтың басында қолдану керек. Себебі бұл кезде мұғалім әлі әр оқушының бұл материалды қалай түсінгенін анықтай алған жоқ. Білімдеріне қарай «төмен» және «жақсы» оқитын оқушыларға бөлмей, әр оқушының бұл сабақта жақсы баға алғысы келетінін ескере отырып, олардың білім деңгейіне байланысты әр түрлі тапсырмалар дайындалады. Оқушылар өздеріне ұнаған тапсырмаларын таңдап алады және қанша тапсырма орындау керектігін өздері шешеді. Әдетінше білім деңгейі төмен оқушылар есепті бірінші тапсырмалардан бастап орындайды, ал білім деңгейі жоғары оқушылар ең ақырғы тапсырмадан бастайды. Бұл тапсырманы тексеру барысында орындалған тапсырмалардың көлеміне, олардың деңгейіне, әр оқушының жеке тұлғасына назар аударамын. Мұндай өзіндік жұмысын орындау барысында мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе алады, дер уақытында олардың жіебрген қателерін анықтап, білімдерін толтырып отыруға мүмкіндік береді. Үй жұмысын беру барысында да олардың әр түрлі деңгейлерін есептеп отырамын, олардың қайсысын орындауда оқушылар өздері таңдап алады.

Әдебиеттер:
1.«Математика Қазақстан мектебінде» - №6.6 (2006)
2.Қонақова К.О. және т.б. ҚР-сы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар – Алматы, 2006
3.«Математика және физика» журналы - №4.4 (2011) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда жеке Тұлғаға бағытталған бағдарды жүзеге асыру можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 320 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar