Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жарыс сабақ «Қасиетті сандар» -

Жарыс сабақ «Қасиетті сандар»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1899 | Размер: | Автор: гость
. Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Ермекбаева Ақбөпе
Пәні: Математика
5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жарыс сабақ «Қасиетті сандар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын
арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға,
өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, газеттер, бүктемелер, ребустар
Сабақтың барысы:
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Таныстыру
5а класы
5ә класы
5б класы
5в класы
І. Шыдамды еңбек, алғыр ай,
Анық досың біліп қой.
Апталық та басталды
Сайысқа түсер кез келді.
Топ жетекшілері: өз топтарын таныстыру.
ІІІ. Әділдік сұрап сіздерден
Тілек қылар баршасы
Әзіл-қазы алқасын таныстыру.
Әлібаева Г., Арынбаева Г.
ІV. Тур: «Бәйге»
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес ау көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең,
Өте алмайсың «Бәйге» турынан.
1. Қолда он саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? Ж/ы: 50 саусақ.
2. Қандай екі натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? Ж/ы: (2+2)=2•2, яғни 2 саны.
3. Бөлудің нәтижесі не? Ж/ы: бөлінді.
4. Ең кіші жай сан? Ж/ы: 2.
5. Ең кіші натурал сан? Ж/ы: 1
6. Жарты теңгенің жартысы неге тең? Ж/ы: 25 тиын.
V. Тур: «Дода»
Тобымызға қарасақ
Математика әлемі
Натурал саннан тараған
Ең алғашқы он цифр
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;
Әр топ өз сандарының қасиеттерін айтып өтсін.
VІ. Тур: «Көкпар»
Санға байланысты мақал-мәтелдер.
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
4. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішер.
5. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
6. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
7. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар.
8. Алтау ала болса, төбедегі келеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
9. Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп шеше болмас.
10. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
11. Жалқаудың екі досы бар:
Бірі – ұйқы, бірі – күлкі.
12. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
VІІ. Тур: «Ғажайып қоржын»
Есептер шығару.

Арнайы сұрақтар:
1. Он мүшел?
1 мүшел – 13 жас (ер жету)
2 мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)
3 мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату)
4 мүшел – 49 жас (орта жас)
5 мүшел – 61 жас (орта жас)
6 мүшел – 73 жас (қарттық)
7 мүшел – 85 жас (кәрілік)
8 мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 мүшел – 109 жас (алжаса бастау)
10 мүшел – 121 жас (шөпшек, немене сүйген мүше)
2. Жеті ата:
1 Әке, бала, немере, шөбере, шөпшік, немене, туажат.
3. Төрт түлікті білесің бе?
Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
4. Төрт күнә:
1. Аллаға күмән келтіру
2. Нақақтан қан төгу
3. Ата-анаға тіл тигізу
4. Өтірік куә болу.

Қорытындылау:
1. Әділ-қазылар алқасына сөз беру.
2. Жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.