Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жас мамандарға кеңес»  тақырыбы:  «Күн реттелімі» -

«Жас мамандарға кеңес» тақырыбы: «Күн реттелімі»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4429 | Размер: | Автор: Публикатор
. МҚКК №13 «Балапан» балабақшасы

«Жас мамандарға кеңес»

тақырыбы:

«Күн реттелімі»

өткізетін: №16 ортаңғы топ тәрбиешісі:
Найзабекова Ж.М.

Атырау қаласы. 2015 жыл


Балалардың балабақшада болуының реттелігі – бұл реттелікпен ұйымдастырылған балаллармен қарым – қатынас. Балабақшадағы таңертең мен кешке дейінгі балалардың іс – әрекеті олардың өз бетінше еркін іс – әрекеті мен жас ерекшелігіне құрылуы тиіс.
Тәрбиеші таңертеңгілік балаларды бала – бақшаға қабылдау кезеңіне егжей – тегжейлі дайындалуы керек. Топқа келген балалардың ата – анасымен сәлемдесіп, «Балалардың көңіл күйі қалай?», «Ұйқысы тыныш болдыма?» сұрақтарын қоя отырып, баланың тазалығын, қызуын өлшеп қабылдап алады. I – ші кіші топ балаларының ата – анасынан қалуы қиын. Баланың көңілін көтеру мақсатында ойыншықтармен қызықтыра, «Сені ойыншықтар күтіп отыр, қане қандай ойыншықтармен ойнағың келеді», - деп тәрбиеші қызығушылығын туғызады. Балалар ойыншық бұрышындағы ойыншықтармен бір – бірден ойнай бастайды. Бұл жастағы балалар әлі ұжымдасып ойнауды білмейді және балалармен «түрлі – түсті пішіндер», «ғажайып қоржын» тағы басқа дидактикалық ойынын ойнату, балалардың бала – бақшаға тез үйреніп, ата – аналларынан жыламай қалуына септігін тигізеді. Тамақтанар алдында ертеңгілік жаттығу орындау ерекше роль атқарады. Еліктеу жаттығулыр балаларға сергектік сыйлайды. Күтуші тамақ әзірлеп жатқан кезде тәрбиеші топ балаларын қолдарын жууға дайындайды. Ең бірінші жәй балалармен бастап, соңынан екінші топ балаларымен қолдарын жуғызады. Қолдарын жуу кезінде әр түрлі ойыншықтарды қолдануға болады. Мысалы: Балалар – қоян бүгін бізге қонаққа келді, сендер қалай жуынатындарыңды көргісі келеді деп орындыққа отырғызып қойып, қолды жуудың алдында жеңдерімізді су болып қалмау үшін, түріп жәймен су кранын ашып, көркем шығарманы балаларға қайталалта отырып, қолдарын жууға көрсете отырып көмектеседі.
Көпіршіген сабынмен
Қолымызды жуамыз
Құп – құрғақ боп сүлгімен,
Біз мұнтаздай баламыз
Көркем шығарманы айта отырып, қолдарына сабынды үйкелей айналдыруға, жууға қалған суды сілку арқылы кетіріп, кранды жауып, сүлгіге сүртуге үйретеді.
Қоян ойыншығын сөйлетіп, «Жарайсыңдар, балалар» мен сендерден қол жууды үйрендім – деп ойын әрекеті арқылы қортындылайды. Міне қолдарымыз тап – таза болды, енді тамаққа отырайық. Аяқтарыңды түзу, қасықты оң қолыға ұстап асықпай тамақтануға нұсқау береді. Тарелкедегі әдемісуреттерді көру үшін, тамақты таусып ішу, тарелке түбінде не күтіп отыр екен деп, қызықтыру арқылы тамақтандырады. Тамақтанып болған соң, ауыздарын сүлгңмен сүртіріп, орындықтарын ысыра, күтушіге тәрбиешімен бірге «рахмет» айтуға дағдыландырады.
Ойнайық та ойлайық бөлімі бйынша апта жүктемесіне сай ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерін өткізеді. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінен кейін тәрбиеші сереуенге шығуға дайындау кезеңінде Балалар ойыншықтарды жинап кетейік деп ұсыныс білдіреді.
Қорапшаға кубикті
Әдемілеп жинайық
Көліктерді сөреге
Қатар – қатар тізейік
Зәулім үйде мәуелі
Ойыншықтар көңілді.
Міне, ойыншықтарды жинадық, енді серуенге шығуға болды, бәріміз киінетін бөлмеге барайық, киімдерді шашпай өз шкафтарымыздың қасында киінеміз, бізбен бірге қуыршақ Айгүл сереуенге шыққысы келеді, оған киінуді үйрететін балаларға хабарлайды. Киіну реттелігін бір ізділікпен түсіндіру, киімдердің түстерін, көлемін анықтау және сөздермен таныстырады. (Жиде, түйме, сырғыма, белдемше). Әр жыл мезгілдеріне сай үлкендерден киінуге көмек сұрау, рахмет айтуға дағдыландыру.Серуенге тәрбиеші топтың жарты балаларымен соңынан екінші топпен күтуші шығады. Серуен бес бөліміне сай жұмыстар жүргізіледі. (Бақылау, еңбек, қимылды ойын, еркін ойындар, жеке жұмыс).Серуеннен келгенде тәрбиеші шешіну реттелігін сақтауға, шкафқа үлкендердің көмегімен киімдерін жинауға көмектеседі. Киімдерді шкафқа, реттілігімен жинаймыз – көркем сөзін қолдану. Түскі астан киін отырғыштарына киімдерін.

Отырғышта отырып,
Отырғышпен достаса,
Киімдерді ретімен
Ұйықтар кезде жинаймын,
көркем сөздерін қолдана отырып жинауға ұмтылдыру. Жатын бөлмеде:
Керуетім сақтайды
Тыныш, тәтті ұйқымды,
Әсем, әуен сөзімен
Ұйықтайтын енді сәт келді.
тақпағын айта отырып, балаларға тәтті ұйқы сыйлайды. Ұйқыдан ояанған сәтте, ұйқы ашар жаттығуларын орындату. «Ұйқымыздан оянамыз», «Көңілді қолдар».
1. Шалқасынан жату, қолдарын жанымен созу, түсіру.
2. Қоңыздарша керует үстінде, аяқ – қолдарымен қимыл жасау.
3. Мысықтар төрт тағандап тұру, алға – атқа жүру.
жүріп жатын бөлмеден шығу.
1. «Күн ұйқысынан оянды» шалқасынан жату. Басын көтеру, оңға-солға басын қозғау.
2. «Күн суға шомылды» тізесін оңға-солға бұру.
3. «Күн шапағы көтеріледі» ішпен жату, қолдарын шынтақтап бүгу, қолдарын тіке жоғары көтеріп, көтерілу.
4. «Мен үлкен күнмін» керует қасында тұрып, қолдарын жанына созып, аяқтың ұшына көтерілу.
Балалардың киіну реттелігне мән беру. Киімдерін киуге отырып, қандай киім, түсін сұрау,киімдерін киіп болған соң отырғыштарын орындарына қоюға дағдыландыру.
Тамақтану кезінде мәдени – гигиеналық машықтарға тәрбиелу. Тамақтанып болған соң, ұйымдастырылған оқу іс-әректінің циклограммасы бойынша жоспарланған жұмыстарды ұйымдасытру. Ол: дидактикалық қимылды, бейнелі, ермектік ойындар, театралды іс-әрекеттерін жүргізу. Кешке үйге қайтар уақытта ата – анаға баласы жайлы жақсы мақтаулар, мадақтап айта отырып, баланың ертесіне бала бақшаға жақсы көңіл күймен келуіне жағдай жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.