Меню
Назад » » »
Жас музыкант
загрузка...

загрузка...
Жыл сайын балалар музыка мектептерінің арасында дәстүрлі аудан, облыс, республика көлемінде «Жас музыкант» байқауы өтеді. Бұл шара ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де өте маңызды. Ұстаз шеберлігі мен шәкірттің алғырлығы аңғарылатын, неше жылдық еңбектің нәтижесі көрінетін, өзара тәжірибе алмасатын - үлкен өнер сайысы. Еркеғали Рахмадиев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы бұл өнер бәйгесіне жас таланттарын үзбей қатыстырып келеді. Ауыз толтырып айтатын қомақты жеңістеріміз де жеткілікті. Әр жылы белгілі бір мамандық бойынша өтетін бұл байқау биылғы жылы хор ұжымдары мен фортепиано аспабында орындаушылар арасында өтті.
Биылғы 2009-2010 оқу жылында маған хор ұжымына жетекшілік ету тапсырылды. Негізгі мамандығым хордың емес музыка теориясы пәнінің оқытушысы болғандықтан, хормен жұмыс істеу үшін көп іздену талап етті. Оқушыларды жоғары деңгейдегі байқауға дайындау маған үлкен жауапкершілікті жүктеді. Алдымен хор ұжымын құру керек болды. Осы мақсатта қыркүйек айының алғашқы күндерінен музыка мектебіндегі барлық оқушыларды тыңдалып, 26 бала іріктеліп алынды. Әрине есту қабілеті, ән айтуға бейімділігі, интонациялық тазалығы ескерілді. Қатысушылардың жас мөлшері 9-16 жас аралығында музыка мектебінің 1-7 класс оқушылары болатын. Бұл балалар музыка мектебінде фортепиано, домбыра, қобыз, скрипка, баян аспаптары класында оқитын.
Крупская ОМ - Қайроллаева Айдана, Каменерова Арайлым, Абдрахманова Жанар, Баянова Саида;
Абай ОМ- Тынысова Әсел, Биекенова Толқын, Андасова Айнұр , Құрманханова Арай, Тілеуғожинова Әдемі, Несіпбаева Айсұлу , Дүйсенбекова Аяулым, Кенжеғазиева Аяулым ,Қазкенова Қаламқас;
Жансүгіров ОМ- Мәкен Айбота , Сманғалиева Назерке, Жатақбай Толғанай, Бекмурзинова Айман, Тоқтарғазиева Нұрғалам, Сиябекова Назым;
Горький ОМ- Зекенова Гүлсанат, Тоқтарбекова Әсел , Жүнісханова Әсем, Нұртаева Еркежан,Тоқболатова Арай;

Хормен жұмыс істеген уақытымды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

І кезең қыркүйек, қазан айлары .
Хормен жұмыс істеу үшін дайындық шаралары.
І кезеңнің мақсаты ¬ репертуар таңдау және оқушылардың дауыс аппаратын қою, тыныс алу, дыбыс шығару, ән айту техникасын меңгеруге арналған дайындық жұмыстары. Хор сабағы аптасына 2 сағаттан 2 рет өтті.
Репертуар:
1. «Гәкку» - Ыбырай Сандыбайұлының әні. Хорға лайықтаған Тен Чу.
Әйелдер хорына арналған 3 дауысты шығарма. Ән шумақтық қайырмасы бар формада жазылған. Полифониялық стильде дамиды. Тональдігі – фа мажор. Орындалуы үлгісі- а сарреlla.
2. «Вальс» - Иоганн Брамстың шығармасы. Хорға лайықтаған И. Лиценко. Әйелдер хорына арналған 3 дауысты шығарма. Орыс тілінде айтылады. Ән 3 бөлімді формада жазылған. Тональдігі – фа мажор. Аккомпанентпен орындалады.
3. «Капля дождя» - музыкасын жазған Берт Бакарак. Хорға лайықтаған Ж. Андасова. 4 дауысқа арналған қазіргі заман әні, ағылшын тілінде аккомпанентпен айтылады. Тональдігі – Ми мажор. Ән 2 бөлімді формада жазылған. Жеке дауыста Ерғазы Аяулым.
4. «Мәңгілік алау» музыкасын жазған Оразғали Сейітқазы. 3 дауысқа арналған патриоттық ән. Жеке дауыс және хор аккомпанентпен орындайды. Тональдігі – соль минор. Шумақтық формада жазылған.
5. «Балбрауын» Құрманғазының күйі. Хорға лайықтаған А. Алпысбаев. 4 дауысты әйелдер хорына арналған домбыра аспабымен орындалатын шығарма. Тональдігі – Соль мажор.

Дауыс аппаратын қою, тыныс алу, дыбыс шығару, ән айту техникасын меңгеруге арналған дайындық жұмыстары 4 бағытта өтті:



ІІ кезең қараша, желтоқсан айлары.
Репертуардағы әндерді үйрету.
Хор сабағы аптасына 3 рет 2 сағаттан өткізілді. ІІ кезеңнің мақсаты шығармалардың музыкалық және сөздік мәтінін игеру. Бұл кезеңде сабақтың жарты уақыты вокалды жаттығуларға және үйренетін әндердің элементтерінен тұратын жаттығуларға бөлінеді.
Жаттығулардың түрлері:
• Тыныс алуды дамытатын вокалды жаттығулар
• Ауыз қуысына арналған вокалды жаттығулар
• Дыбыстардың биіктігі, интонациялық тазалық
• Дикция, дыбыстардың айтылу тазалығы
• 2 -3- 4 дауыспен репертуардағы әндерде кездесетін аккордтар мен интервалдарды орындау.
Репертуардағы әндерді үйрету барысы:
1. Әндердің партитураларын тарату.
2. Ұстаз концертмейстермен бірге үйренетін шығарманы орындап береді. Әр дауыс жеке жеке орындалып, оқушылар мұқият тыңдайды..
3. Тыңдалған жаңа әнге сараптама жасау: шығармадан алған әсері, әннің мінез ерекшелігі, идеялық мақсаты, жанры, неше дауыс, формасы, хордың стильдік түрі талқыланады.
4. Шығарманың партитурасын оқу. Ол үшін шығарма «сольмизация» түрінде оқылады. Бұл бір жағынан нота мәтінімен танысу болса, екінші жағынан шығарманың ырғақтық топтарын құлаққа сіңіру болып табылады.
5. Әнді формасына сәйкес бөлімдерге, фразаларға бөліп үйрету. Мысалы барлық дауыс жоспарланған фразаны бірден ансамбльмен айтуға дағдыланады.
Ол үшін әр тактідегі әр буын аккорд түрінде жатталады. Буындардан кейін жекелеме сөздерге сәйкес фразалар да сол принцип бойынша үйретіледі. Бұл оқушыларды ансамбль айтуға, бірін бірі тыңдауға интонация жағынан таза орындауға жетелейді.
6. Шығарманың үйретілетін бөлімдері бұл кезеңде әуен толық үйретіліп болғанша көбінесе сольфеджиомен әндетіледі.
7. Оқушылар шығарманың толық нота мәтінін талдап, әуенін сауатты жаттаған соң, сөздік мәтініне назар аударылады. Бірден дикцияға қатты көңіл бөлінді. Ол үшін сөздің айтылу ерекшелігі, дауысты дыбыстардың академиялық үлгіге сай дөңгелете орындалуы, дауыссыз дыбыстардың анық айтылуына дағдыланды. Сөздің, фразалардың мағынасына сай эмоциялық интонациясының яғни дауыс ырғағының дұрыс болуы қадағаланды.

ІІІ кезең – қаңтар , ақпан айлары.
Репертуардағы әндерді хормен орындау.
Бұл кезеңде оқушылар барлық әндердің музыкалық және сөздік мәтінін толық меңгеріп болды. Менің ендігі мақсатым ¬ хор ұжымы үйренген шығарманың мазмұнын ашып, мінезін көрсетіп көркемдік деңгейде және сауатты да әдемі орындауына қол жеткізу.



ІІІ кезеңде оқушылардың сахна мәдениеті, артистизм, ән айту шеберлігін қалыптастырып, шығарманың мазмұнын көрсете білуге арналған жұмыстар жүргізілді. Яғни орындаушылық шеберлікке көп мән берілді.
Хор ұжымын орындаушылығын жетілдіру үшін, кемшіліктер мен қателіктерді алдын алып немесе жою үшін көрермендер алдына шығу өте тиімді.
Сондықтан ақпан айының 18 күні мектепаралық байқау өткізіліп, хордың репертуары тыңдалды. Арнайы комиссия отырысында жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды. 27 ақпан күні байқауға қатысушылардың ата аналар жиналысы өтіп, хор ұжымы өз өнерін көрсетті. Үлкен сахнаға бой үйрету үшін, көрермендерден қорқып қобалжудың алдын алу үшін 1 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде өткен «Асыл мұра» байқауына қатыстырдым. Бұл шараларды психологиялық дайындық деп атар едім.

44 облыстық «Жас музыкант » байқауына қатысу.
2010 жылдың 3 – 5 наурыз аралығында Өскемен қаласында дәстүрлі «Жас музыкант » байқауы хор ұжымдары мен фортепиано аспабында орындаушылар арасында өтті. Хор байқауы бойынша 8 ұжым бақ сынасты. Атап айтсақ, Өскемен қаласынан № 15 балалар өнер мектебі мен № 1балалар музыка мектебінің хор ұжымдары, Семей, Риддер, Зырян қалаларының және Үржар, Бесқарағай, Глубокое аудандарының музыка мектептері қатысты. Біздің мектептің хор ұжымы 4 кезекте өнер көрсетті. Көрермен қауымы да, қазылар алқасы да өте жылы қабылдады. Оқушыларымыздың жас мөлшері басқа байқауға қатысушылардан көп кіші болғанына қарамастан тамаша шырқап, жоғары деңгейде өнер көрсетті. «Мәңгілік алауды» орындағанда кейбір көрермендердің көзіне жас алғанын аңғардық, «Балбрауынды» айтқанда көпке дейін қол соғып, «браво» десіп қошемет көрсетті. Нәтижелі еңбек еткен соң, оның әділ бағасын алудың өзі бір бақыт.
44 облыстық «Жас музыкант » байқауында жүлделі ІІ орын бізге бұйырды. Үлкен қалалармен жарысқа түсіп озу әрине оңай болған жоқ. Ұстаздар мен оқушыларымның талмай тер төгіп, жалықпай жанкештілікпен дайындалуы осындай жоғары жетістікке жеткізді.
Бесқарағай ауданы Бас жүлде иегері атанса, І орынды Семей қаласы иеленді, ІІ орын -Үржар ауданы алды, ІІІ орынды Зырян және Глубокое аудандары бөлісті, ал Өскемен мен Риддер қаласының хор ұжымдарына IV орын бұйырды.
Хор ұжымын байқауға дайындау барысында мектептің барлық ұстаздары түсінушілікпен қарап, көп көмек көрсетті. Концертмейстерлер Кебіспаева Марияш Хасенғазықызы домбырамен сүйемелдесе, Құрманжанова Сәуле Төлеутайқызы фортепианода аккомпанемент орындады. Музыка мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Марияш Хасенғазықызы хор дайындығын тікелей өзі қадағалап, жан жақты ақылын аямады. Хордың дайындық жұмыстарының нәтижелі шыққаны, байқауға бару сапарымыздың сәтті болғаны мектеп директоры Өмірбаев Бақыт Әбенұлының басшы ретіндегі талапшылдығы мен білгірлігінің арқасы деп білемін. Ұстаздар да, оқушылар да алаңсыз шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасаған еңбегін ерекше атаған дұрыс. Тағы бір мақтанатын жағдай, облыста біздің хор ұжымының сахналық киімі әдемілігімен, жоғары талғамымен ерекшеленді. Түсінушілікпен қарап балаларына арнап киім тіктірткен ата аналарға үлкен алғысымызды айтамыз. Киім үлгісін ойластыруға үлесін қосып, 26 костюмді мерзімінде тігіп берген Шұға Абылғазина мен оның ұжымына көптен көп рахмет . Бір әнімізде қолшатыр ұстап шығатын болып, сатып алуға қиналғанда демеушілік көрсеткен музыка мектебінің ардагер ұстазы Құлжабаева Нуриля Мұратбекқызына да балалар дән риза.
Осы құрылған балалар хорының дайындық сабақтары оқу жылы бойы музыка мектебінің қабырғасында ұдайы өтіп тұратын болады. Ән айтуға бейімділігі бар, дауысы жақсы балалар хорға қатысуға ниеттенсе есігіміз ашық. Хор сабақтары дүйсенбі және жұма күндері І ауысым үшін сағат 900 1100де, ІІ ауысым үшін сағат 15 00 1700 де өтіп тұрады. Хор ұжымының орындаушылық шеберліктерін одан әрі жетілдіріп, құрамын көбейтіп, репертуарымызды байыта берсек деген жоспарымыз да бар. Сәуір айында өтетін мектебіміздің есеп концертіне дайындалып жатырмыз. Тәжірибе алмасу мақсатында Мақаншы ауылында өнер көрсеткіміз келеді.
Балалар хоры деген ¬ тәрбиелік мәні жоғары өте игі іс. Өнерпаз оқушы рухани байып, шеберлігі артып, ой өрісі кеңейеді. Әлемдік және ұлттық музыка құндылықтарымен танысады, меңгереді. Сонымен қатар ғалымдардың зерттеуінше музыка өнері – адам миының қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ететін қуатты тітіркендіргіш екен. Көркемдік деңгейі жоғары музыкалық туындыларды тыңдау, орындау баланың басқада нақты, гуманитарлы ілімдерді жеңіл меңгеруге көмектеседі. Әрине бұл қазіргі заманның дабылы жер жарар «даңғаза» музыкасына қатысы жоқ. «Әннің де естісі бар, есері бар..» Абай атамыз айтқандай сапалы музыка жаныңды жадыратады, көңіл күйіңді көтереді, тіпті тиімді психологиялық терапия деп айтуға болады.
Жақсы бастама жалғасын тапса екен деп тілейік. Балалар бойындағы өнерлерін дамытуға мүмкіндіктері болып, жағдай жасалынса екен үміттенейік. Іске сәт. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жас музыкант можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 387 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar