Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – БОЛАШАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ» -

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – БОЛАШАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4943 | Размер: | Автор: гость
. «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – БОЛАШАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ»

Қазір әлем елдері экология мәселесіне басты назар аударуда. Қоршаған ортаның нашарлауы, ауаның ластануы, адам денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Соның салдарын алдын алу үшін көптеген елдер жасыл экономикаға көшуде. Жасыл экономика дегеніміз – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану таза табиғи өнімдер шығару, халықтың әл аукатын жаксарту.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев табиғи байлықтардың тиімсіз қолдалынып жүргенін айта келіп, 2013 жылы 30 мамырда «Жасыл Экономика» тұжырымдамасын ұсынды. Елімізде жасыл экономиканы дамытуға миллиондаған қаржылар бөлінуде. Халық арасында жасыл экономиканы дамытуда түрлі байқаулар өткізіліп, халық өздерінің тың идеяларымен жобаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Соның бір дәлелі, Кызылорда облыстық оқу орталығының колдауымен Қызылорда Көпсалалы «Ұлағат» колледжінде 28 казан күні техникалық және кәсіптік білім беру оку орындарының студенттері арасында «Жасыл экономика жағдайында Қазақстан экономикасының дамуы» тақырыбында ғылыми - теориялық конференция өткізілді. Оған облыстың әр өңірінде орналаскан он жеті колледж студенттері қатысты. Балалар қиялы шексіз. Табиғатқа залал тигізбейтін түрлі жобаларды ұсынды.
«Байқоңыр «Космос» колледжі» атынан қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушы Утепбергенова Лида Кемалашовна жетекшілігімен 2 курс студенті Досжанова Меруерт «Көкөніс жылыжай» жобасын ұсынды. Жобаның маңыздылығы – жылыжайдың электр тоқ көзін қажет етпей, күн, жел, су сияқты табиғи қуат көздерінен энергия алу. Шетелден келетін өнімді емес, өзіміздің Қазақстан жерінде өсірілген табиғи таза өнімдерді өсіріп, Отандық тауарларды қолдап, дамуына үлес қосу – дейді Меруерт.
Байқаудың қорытындысы бойынша Досжанова Меруерт жүлделі III - орынды иеленіп, облыстық білім басқармасының арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ел болашағы жастар қолында. Меруерт секілді шығармашыл жастар көп болса, еліміздің өсіп – өркендеуі, гүлденуіне үлкен сенім бар. Меруертке шығармашылық табыс тілейміз алар асуы алда,бағындырар белестері көп болғай.

«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің әдіскері
Турмаханова Рауа Абдихакимовна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.