Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жат әдеттен сақтан! -

Жат әдеттен сақтан!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1711 | Размер: | Автор: гость
. Жат әдеттен сақтан!
Асылтұрсын Нұртілеу Ержанұлы
№162 орта мектеп , 7- сынып оқушысы
Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерден бойына сіңіруге баулудың маңызы зор.
Қоғамның ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі- маскүнемдік, араққұмарлық, нашақорлық екені белгілі.
«Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен» ұласады деп ұлы ойшыл Шекспир айтқандай , адамға ең қымбаттысы оның мәнді де сәнді өмірі. Ал осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
ҚР Президенті Н Ә. Назарбаев мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты –халық. Халықтың денсаулығын сақтау , демографиялық ахуалын жақсарту.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл- Фараби : « Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз , мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Расында да , ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашақор, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?
Елімізде нашақорлықтың жылдан- жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.
Ұстанымы : « Ауырмаңдар , ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар» .
Нашаның Қазақстанда және басқа елдерде таралған баршамызға мәлім. Адам баласы оны ерте заманнан білген, Қатерлі , улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген , темекі түрінде таратқан. Анашаны қолданған адамның есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адам тез көріксізденеді. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан нашаға , шылымға , ішімдікке әуес болмау керек.
Әр баланың «Шылым шекпеймін , жамандарға ермеймін» деген ұстанымы болуы керек.
Біздің қоғамда жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге , нашаға әуестігі өте жоғары. Балалардың бір- біріне еліктеушілігі , бір- бірінен қалыспаушылығы салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары , қатерлі ісік аурулары , жүйке ауруларына көптеп шалынады.
Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9- да екен. Жастар арасында наша пайдалану туралы көп насихат жүргізу керек. Қазақта «жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген қағиданы есте үнемі ұстау керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны- 40505 , тіркелмегені қаншама . Олардың 1927-сі кәмелетке толмағандар болса, 4420-сы әйелдер.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Ұрпақтың азуы», «Салауаттылық- өміріміздің заңы» деп халық даналығы бекер айтпаған. Ғасыр індетіне айналып үлгірген есірткі де етектер алып жатыр. Жаман әдет жұқпалы аурудай , сол жаман әдет- қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін халық болып күресетін күн туды.
Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленеді , оны бәріміз көгілдір экраннан көріп жүрміз. Ішімдікке , темекі тартуға , нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне қаншалықты қауіп төндіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік , нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын.
ХХІ ғасыр індетіне айналып отырған нашақорлықпен күрес мәселесі қазір елді алаңдатып отыр. Жер шарының қай түкпірін алсаң да, есірткіге қарсы белсенді күрес жүргізуде. Бұл дерт шалған адам мағынасыз ғұмыр кешуге бар. Кейбіреулері емделіп айығуы мүмкін, ал басым көпшілігі жазылмайтын халге ұшырайды.
Менің ойымша , есірткіге бой үйреткендер сайтанның азғыруына түскен азғындар, рухы төмен бейбақтар. Әйтпесе , адамзатқа тән асыл қасиеттерге ие адамдар ондай пәлеге тірі жолай ма? Оның орнына спортпен шұғылданып , неге денсаулығын шыңдамасқа. Есірткіге бой алдыртқандардың көбі есалаң болып қалатынын кинолардың көріп жүрміз. Есірткі табу үшін қандай қылмыстарға бармайды десейші. Бұл ауру жеке адамның емес , ұлт ауруы , ұлт жауы екенін түсінсе ғой.
Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан- теңіз екен. Арақ , темекі , нашақорлықтан жас жандарыңызды аулақ ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға серік етіңіздер. Уақытыңызды бос әуреге жұмсамай , өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан «Кеш қалмаңыз»

Қызылорда ОІІД ЕБҚҚБ тарапынан жаряланған сайысқа.

«Мен өмірді қалаймын» облыстық шығармашылық жұмыс.
Тақырыбы : «Жат әдеттен сақтан»
Қала, аудан: Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы.
Сайыскердің ТАӘ : Асылтұрсын Нұртілеу Ержанұлы
Сайыскердің туған күні, айы, жылы : 2012ж 30. ҮІ.
Сайыскердің мекен- жайы : Қызылорда облысы , Жаңақорған ауданы
Қожамберді ауылы.
Сайыскердің байланыс телефоны : 8-724-35-54-3-59
8-707-870-12-46
Жетекшісі : Аймаханов Ержан Асылтұрсынұлы
Ұялы телефоны : 8-775-575-25-48

Сайыскердің оқу орнының атауы : №162 орта мектеп.
Қожамберді ауылы, Жаңақорған
ауданы, Қызылорда облысы.
Сайыскердің сыныбы : 7
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.