Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар -

Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3108 | Размер: | Автор: Публикатор
.

 

 

Сыныбы:7                         күні     

      Сабақтың тақырыбы : Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Жер ғаламшарындағы жауын-шашынның таралуы,климаттық белдеулер  жайында мағлұмат беру,оның өмірдегі маңызына тоқталу.Топтық жұмыстағы жолдастық көмекті үлгі ету.

Күтілетін нәтиже:Жер ғаламшарындағы жауын-шашынның таралуы,климаттық белдеулер ,оның маңызы жайында білетін болады..Топтық жұмыстағы жолдастық көмекті үлгі ету арқылы топтық жұмысқа бейімделеді.

Түйінді идеясы: Климаттың адам өміріне маңызы  зор.

Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі: Қораптағы сұрақ,біз бәріміз біргеміз,сәйкесін тап,картамен жұмыс

Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, психологиялық жақсы ахуал туғызады.

2. Қораптағы сұрақтармен жұмыс ұйымдастырады

3."Біз бәріміз біргеміз"әдісі бойынша топтарға берілген тақырып соңындағы тапсырмаларды сұрайды.

1.Оқушылар амандасады, басбармақ  арқылы көңіл-күйін білдіреді.

2. Үй тапсырмасы өткен сабақтағы салынған қораптағы сұрақтарға жауап тапқанын көрсетеді,түсінік береді.

3Біз бәріміз біргеміз әдісі бойынша топмүшелері тақта алдына шығып үйге  берілген қосымша тапсырмаға ауызша түсінік беріп,бір-бірін толықтыру арқылы жұмыс жасайды,қарсы топтар сұрақтар қояды.Қарсы топтарды басбармақ арқылы бағалайды.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын жауын-шашын жайында қандай мақал-мәтел білетінін сұрай отырып жаңа тақырыпты  анықтайды ,  мақсатын айқындайды.  

2Мәтінмен танысады,климат картасымен таныстырады,сұрақтар қойып талқылау ұйымдастырады.Мадақтау арқылы бағалайды.

1.Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.

2.Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп,талқылайды.
 

 Негізгі    

 бөлім

 

Атмосфера және климат бөлімін қорытындылау үшін "Сәйкесін тап" деңгейлік тапсырмасын орындайды.
 

 

Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді.Мадақтау арқылы бағаланады.

,

Қорытынды

 Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Климаттың адам өміріне маңызы жайында ой бөліседі.

 

 Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және картаны пайдаланып қосымшадағы  тапсырманы орындауға топтарға бөліп беріледі.

 

Оқушылар   сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.

Сәйкесін тап тапсырмасы

Атмосфера

1.      Жер шарын жан- жағынан қоршаған ауа қабығы.

2.      Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ.

3.      Атмосфера қабаттары.

4.      Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.

5.      Атмосфералық қысымды өлшейтін  құрал.

6.      Тәулік  ішінде  ең жоғарғы ең төменгі температуралар айырмашылығы.

7.      1 м3  ауадағы су буының  нақты  мөлшері.

8.      Белгілі бір жағдайда  су буларының сұйық күйге айналуы.

9.      Ауаның  жер бетіне іргелес қабатында өте майда су  тамшыларының жинақталуы.

10.   Жер бетінен біраз биікте  атмосферада жинақталған   ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.

11.  Ауаның ылғалдығын  өлшейтін құрал.

12.  Атмосферадағы   50- 55 км  биіктіктегі қабат.

13.  Ауаның жер бетінде горизонталь  бағытта қозғалуы.

14.  Тәулігіне бағытын 2 рет  ауыстыратын  жел.

15.  Жылына бағытын  2 рет  ауыстыратын  жел.

16.  Атмосфераның  қысқа мерзімдегі жай- күйі.

17.  Тропосфераның  бір – бірінен  температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы  жөнінен  ерекшелік  жасайтын  үлкен бөліктері .

18.  Белгілі бір жердегі  ауа райының  көп   жылдық   орташа  жай- күйі.

19.  Жер шарындағы 23,5  солтүстік пен оңтүстік   ендіктер арқылы  жүргізілген  параллельдер.

20.  Атмосфералық  құбылыстар жайындағы  ғылым.

 Жауаптың нұсқалары:

1. Температураның  тәуліктік  амплитудасы

2. Барометр

3. Конденсация

4. Атмосфера

5. Атмосфералық қысым

6. Азот

7. Бұлт

8. Тропосфера, стратосфера,  атмосфераның  жоғарғы қабаты

9. Абсолюттік ылғалдылық

10.Тұман

11. Тропиктер

12. Муссон

13. Гигрометр

14. Климат

15.Стратосфера

16. Бриз

17. Метеорология

18. Ауа - райы

19. Жел

20. Ауа массалары

Дұрыс жауабы: 1-4; 2-6; 3-8; 4-5; 5-2; 6-1; 7-9; 8-3; 9-10; 10-7; 11-13; 12-15; 13-19; 14-16; 15-12; 16-18; 17-20; 18-14; 19-11; 20-17.

 

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.