Меню
Назад » » »
Жазбаша қосу және азайту
загрузка...

загрузка...
АШЫҚ САБАҚ «ЖАЗБАША ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ»

Бастауыш сынып мұғалімі
Қарымсакова Гүлайм Туленовна
Математика 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушыларға баған түрінде қосуды және азайтуды үйрету. Қосу және азайту амалын орындағанда бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты азайтатыны немесе қосатыны туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін, білімін жетілдіру,математика пәніне деген қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік:
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, оқулық
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7, 143 бет оқу, талдау.

1+1=2 2+2=4 3+3=6 4+4=8 5+5=10
6+6=12 7+7=14 8+8=16 9+9=18 1-1=0
2-2=0 3-3=0 4-4=0 5-5=0 6-6=0
7-7=0 8-8=0 9-9=0

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2 санын жазу

Математикалық диктант: Оқушыларға сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсету.

18, 28, 37, 72, 45, 53, 67, 76, 81, 93, 72
(Слайдтан тексеру).
10+8---------20+8
30+7---------40+5
50+3---------60+7
70+6---------80+1
90+3---------70+2

Онд. Бірл.
4 5
2 3

 Кестедегі сандарды оқу;
 Екі таңбалы сандарды осылай қосқан қолайлы.
 45 5+3 бірліктерге бірліктерді қосамын
 23 4+2 ондықтарға ондықтарды қосамын
 68 жауапты оқимын қосындының мәні 68-ге тең 6 онд. 8 бірлік.
 Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда бірліктерді бірліктерге және ондықтарды ондықтарға қосады.

Қосу және азайту амалының компонеттерін еске түсіру.

Онд. Бірл.
6 8
2 3




 Кестедегі сандарды оқу;
 Екі таңбалы сандарды кестеде көрсеткендей азайтқан тиімді.
 68 8-3 бірліктерден бірліктерді азайтамын
 23 6-2 ондықтардан ондықтарды азайтамын
 45 жауапты оқимын айырманың мәні 45-ке тең 4онд. 5 бірлік
 Екі таңбалы сандармен азйту амалын орындағанда бірліктерден бірліктерді және ондықтардан ондықтарды азайтады.
- Ал балалар ары қарай біз есептер шығарайық.
Ендеше №2 тапсырманы орындайық

Тақтамен жұмыс

63 84 24 89 72 89
21 21 65 24 17 72
84 63 89 65 89 17


Сергіту сәті:

Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.

Оқу материалы бойынша ауызша түсіндірме ұйымдастырылады. Содан кейін шағын топта мысалдардың мүмкін нұсқаларының барлығын жазу, олардың мәндерін табу оқушыларға ұсынылады.
Тапсырма: №4 (а) 145 бет.
5+3=8 және 4+2=6 теңдіктерін пайдаланып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады? Осындай бірнеше қосынды жаз. Олардың мәндерін тап.
Мысалы: 54+32=86
5 онд. + 3 онд. 4 бір. + 2 бірлік.

52+34= 86
25+43=68
45+23=68

ІV.Жаңа сабақты бекіту:
«Кім жылдам»!
26+51=77 35-24=11 80+25=55 18+72=90
56-23=33 37+43=80 42+47=89

Бүгін не өттік?
 Екі таңбалы санды жазбаша қосу және азайтуды үйрендік.
Логикалық тапсырма:

3 рет 2 тастан ауыстырып, дойбының қара және ақ тастарын кезектестіріп қой.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4 (ә), 145бет

Оқушылардың білімін бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жазбаша қосу және азайту можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 283 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar