Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жазбаша қосу және азайту 27+36; 63 - 27 -

Жазбаша қосу және азайту 27+36; 63 - 27

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1338 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл – Фараби атындағы арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Мейрманова Дамегүл Какарманқызы
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту 27+36; 63 - 27
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін көрсетіп беру, амалдар алгоритімдерінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс - әрекеттерге яғни алгоритімге машықтандыру; екі амалмен шығарылатын есептер дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен электрондық оқулықпен жұмыс жасай отырып білім сапасын арттыру; Тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды халықтық педагогика негізінде сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне арналған саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд. Сабақ барысы:
Полиглот ойыны: Артығын тап ( интер.тақтада « Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері және қасқырдың суреті көрсетіледі)
- Балалар, бұл суреттер қай ертегіден?
- Мақта қыз бен мысық. -Осы суретте не артық? -Қасқыр. (қасқыр сөзі үш тілде айтылады) -Волк. -wolf
- Бүгін ерекше сабақ болғалы тұр. «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне саяхатқа шығып, мысыққа көмектесуіміз керек.
1. Мақта қыз тапсырмасы:
- Мысыққа қатығымды төле,- дейді. Олай болса, мысыққа берген тапсырмасын орындайық.
2. Тірек білімді еске түсіру. Ауызша есептеу. «Көкөніс жина» ойын түрінде ұйымдастырылады. Оқушылар дәптерге тек қана жауапты жазады. Әрі қарай санның құрамы бойынша жұмыс жалғасады.
25 ----------65 -------70 ---------37--------- 60
10 15 ----50 15 ----60 10 -----20 17 ------50 10
- Қай мысал қиындық туғызды? (56 - 19)

3. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
Мысық сиырға келеді. Сиыр да мысыққа тапсырма береді.
Сиыр тапсырмасы: 1 - слайд. Мұғалімнің түсіндіруі. Жазбаша қосу.
1 - тапсырма. Оқушылар қосындылардың шыққан мәндерін және оны табудағы қосудың әдістерін талдайды. Қосындының мәні ондықтарды ондықтарға және бірліктерді бірліктерге қосу арқылы шығарылып алынғандағы туралы қорытынды жасайды.
Ағаш тапсырмасы:
2 - тапсырма. Өрнектердің өзара байланысты екендігі туралы айтады.
- Бұл есепті өзара кері деуге бола ма?
63 - 27=(50 - 20)+(13 - 7) =36
50 13 20 7
Азайтудың тиімді әдісі туралы қорытынды жасалады.
Қыздар тапсырмасы:
4 - тапсырма.
Тақтада мұғалімнің басшылығымен орындалады. Өз талқылауының барысын оқушылар санның құрамы жайындағы білімге және қосу мен азайтудың алгоритмдеріне сүйеніп түсіндіріп береді.
27+36=(20+30)+(7+6) =63
73+17=(70+10)+(3 +7) =90
84 - 25=(70 - 20)+(14+5) =59

Сергіту сәті:
1, 2, 3 – қарлығаш боп ұш,
4, 5, 6 – қарлығаш боп қалқы,
7, 8, 9, 10 – қарлығаш боп қон!
Сатушы тапсырмасы:
5 - тапсырма.
Бірінші есепті шығару ұжымдық талқылау барысында орындалады. Ал екі кері есепті оқушылар өз беттерінше дәптерге жазады.
Ұл бала - 5 -------------------------------- Ұл бала - 5?
Қыз бала -? 2 - уі кем? ----------------- Қыз бала - 3 ------------------21 адам
Немерелер - 13 -------------------------- Немерелер -?

Тауық тапсырмасы: Рефлексия.
6 - тапсырма.
Түсіндіре отырып, математикалық диктант түрінде жүргізіледі, ең кіші ондық – 10 саны, ендеше 10+20=30

Тышқан тапсырмасы: Шығармашылық тапсырма«Кім балапанға тез көмектеседі?» ойыны.
Мысық тапсырманың бәрін орындады. Енді, осы орындаған тапсырмаларына қанша қадам жасады екен?
Бекіту. Мысық Мақта қызға қатығын әкеліп берді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын берді. Олай болса, балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Бәріміз бірге әрдайым дос болып жүрейік.
Бағалау. Мысықпен бірге тапсырмаларды дұрыс, жақсы орындаған оқушыларға Мақта қыз өз бағасын берді.
Үйге тапсырма: Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.