Меню
Назад » » »
Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жолдары.
загрузка...

загрузка...
Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жолдары.
Оқушылардың жазу жұмыстарына қарап кейбіреуінің жазуы таза, көркем, анық жазғанын байқаймыз. Ал, кейбірінің жазуы қисық, біркелкі емес, қалай болса солай жазылғанын көреміз.
Мұндай қателіктер кетпес үшін мұғалім көркем жазу немесе қазақ тілі сабағында жазу сапасымен үнемі жұмыс жасауы керек.
Жазу сапасына оның айқындығын, біркелкілігі, дұрыс байланысуы, жұмыс жолында дұрыс жазылуы жатады.
Жазудың сапасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім мынадай бағытта жұмыс жасайды:
1. Ең алдымен бірінші сабақтан әріптің форматымен жұмыс жасау керек.
2. Әріптердің дұрыс байланысуы.
3. Біркелкі көлбеу болуын.
4. Әріптің биіктігінің біркелкі болуын.
5. Әріп арасына, әріп элементтері, сөз, сөйлем арасындағы қашықтықтық бірдей болуы керек.
6. Сыныпта оқушылардың жазу жылдамдығы бірдей болуы керек.
7. Жазу біркелкі ритмикалық болуы керек.
Әріптің формасымен жұмыс – жазудың негізгі міндетінің бірі, себебі жазудың айқындылығы әріптің дұрыс жазылуына байланысты.
І сынып оқушысы барлық әріптің таңбалануын үйренеді бірақ кейбірін ұмыта бастайды.
Оқушылар әріп формасын түсіне отырып жазу маңызы орын алады. Әсіресе, 1,2 сыныпта оқушының жазуы автомат кезде маңызы зор. Бұл кезде әріпті бейнелей отырып қозғалу немесе таза жазу дағдыға қалыптасады.
Әріпті түсіне отырып жазу үшін мынаны білу керек:
• Әріпті негізгі немесе байланыстыра ажырата алу.
• Әріп, Әріптің элемент ерекшеліктеріне назар аудару.
• Әріптің жазулу ерекшеліктеріне назар аудару.
• Дұрыс жазылған немесе дұрыс емес жазылған әріпті ажырата білу, оның себебін айта білу керек: әріптің формасымен дұрыс жұмыс істей білуге мысал келтірейік. Балалар дәптердің керекті жерін ашады. Оларға щ әріпін қайта қарауды тапсырады. Соның негізінде, щ әріпіндегі негізгі 4 элементті табуға болады: үш таяқша, төртінші шиекше болып табылады.
Кейбір оқушылар әріптің жазылу жолын жеке көрсетсе ғана дұрыс жазады. Мұғалім оқушы дәптеріне жазып көрсетеді, ал оқушы сол бойынша жазады. Ал, кейбірі оның қолын ұстап бағыттап отырғанда ғана жаза алады.
Оқушылар дұрыс бағытта қозғала отырып үшін мұғалім түсіндіргеннен кейін оқушылар бірінші оның көзбен қаламсапты көзін жұмыс ауада жазады. Осыдан кейін ғана олар жаза бастайды.
Мұғалім оқушының оқушының қатесін көргенде ерекше назар аудару қажет және ортаға салғанда оқушыларға атын айтпауы керек. Ал, жақсы орындаған оқушыны сыныптың алдында айтуға болады. Сауат ашу кезеңі аяқталғанна кейін, оқушылар кейбір әріптің таңбаларын ұмытып қалады. Сондықтан, көркем жазу сабағында таңбалануы қиын әріпті жазып, еске түсіріп жазудың дағдысын қалыптастыру керек.
Әріптің формасымен жұмыс жасағанда оның сөзде, сөйлемде жазылуы байланысуына назар аудару керек. Бұл жұмыс көркем жазу сабағында жүргізіледі.
Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне талдау.
Графикалық даңғдыларды үйрету барысында жазу үрдісінің заңдылықтары негізделмегендіктен, әріп элементтеріне талдау жасау да осы заңға бағынышты болады.
Ерте кезде әріп элементтерін талдап жазу шрифтінің ерекшеліктерімен байланысты болатын. Бұлай жазу, тіпті үзіліссіз жазатын әріптерді де элементке бөліп қарастырады. Мысалға, «б» әрібі.
Кіші әріп элементтері:
- Түзу сызық; - жұмыс жолының төменгі сызығынан асатын сызық; - имегі бар сызық; - жоғары жағында имегі бар сызық; - л, м, я әріптерінің бастапқы элементі; - жоғары және төменгі жағы имектелген сызық; - ж әріпінің ортаңғы элементі; - төменгі жұмыс жолынан шығатын имек; - жоғары жағынан шығатын имек сызық; - қысқа имек; - к әрібінің элементі; - жарты дөңгелекше; - дөңгелекше; - и әрібінің жоғары элементі;
Әріпті бұлай бөлшекке бөлуді, мұғалім әріп элементтеріне талдау жасауда қолдануына болады.
Әліппе кезінде әріпті элементпен талдау балаға әріпті бейнелеуге көмектеседі. Бірақ, бұл кезде әріпті жеке элементке бөлудің қажеті жоқ. Жазуды дұрыс қалыптасыру үшін жазу барысындағы қолғалысқа талдау жасау керек. Сонымен, әріпті элементтен талдау жасаудың ерекшеліктері неде екенін қарастырамыз. Ең алдымен әріпті негізгі элементтен бөліп ашу керек. Кез келген әріпті жазғанда бірінші өзімізге қарай жазу негізгі екенін айтамыз.
Осы қозғалыспен негізгі элемент – түзу сызық салынады. Келесі элементті жазу үшін жоғарыға қарай оңға көлбеу етіп жазамыз. Бұл қосалқы элемент оның қызметі – екі элементті немесе екі әріпті қосу бұл қозғалысты жазу барысында жүзеге асыру ыңғайлы. Бұл элементтерді жазу үзіліссіз жүргізіледі. Бұл элементтерді и, ш, п, р, т, әріптерінен көруге болады.
Негізгі элемент – өзіне қарай қозғалу – өз көлбеулікпен жазылады, қосатын элемент – өзінен қозғалу өте үлкен көлбеулікпен жазылады.
Әріпті негізгі немесе көмекші элементке бөлу де өзінен бастап жазу кейбір әріптерде сағат тіліне қарама-қарсы қайталанып жазылады (э, з). бұл әріпті бөлу тек әріп формасын дұрыс жазу үшін емес, сонымен қатар біркелкі бағытты, паралелль штрихты ритмиканы сақтауға көмектеседі.
Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді.
Өзімізге қарай төмен жазуды тік, ал өзімізден жоғары қарай жазуды оңға қарай көлбеу еітп саламыз. Мәселен, б әріпті жазу заңдылықтарына сәйкес келмейтіндіктен, оны оған қарама-қарсы болғандықтан оқушылар көп қате жібереді.
Жазуға үйретудің алғашқы кезінен бастап-ақ мұғалім негізгі элементті - өзіне қарай көлбеу тік сызықты ажырата білуге үйрету қажет. Бұл элементті оқушы тек негізгі элементі ретінде әріптерге ғана емес (п, и, т), басқа кез келген әріптен көре білуі тиіс (ш, я, в, р). Әріпті бұлай элементтеп ажырату жазуды түсіне отырып игеруге алып келеді.
Әліппе кезеңінен кейін, әріпті қайталау үшін мынадай жаттығулар береді:
и|| и|| и|| н|| н|| н|| ш||| ш||| ш|||
в|| в|| в|| г| г| г| г| г| р|| р|| р||
Бұл арқылы әріптің негізгі элементін ажыратуға үйретеді.
Осылайша әріпке талдау жасау маңызды орын алады. Бұл әдіс жазуға үйренудің барлық кезеңдерінде қолданылуы тиіс. Бірақ бұл әдіс барлық әріптерге қолайлы емес. Әріп элементтеріне талдау жасау дәлірек немесе айқынырақ болуы мүмкін. Мәселен, имекшесі бар сызық, шиек, дөңгелек, жартылай дөңгелек т.б. элементтерден қосымша да негізгі элементтерді табуға болады.
Бұл элементтерді әріп жазғанда ғана көреміз.
Алғашқы жазудың мақсатымен алфавиттегі кіші немесе бас әріптер графикалық тұрғыдан оңай - қиындығына, бір-біріне ұқсастығына, топ-топқа бөлінеді:
Әріптер тобы
Кіші әріптер:
І. и, ш, і, п, т, н, р, у, һ, ү
ІІ. н, м, ь, ы, я
ІІІ. о, л, ю, ф, д, б
IV. с, е, ч, ъ, в
V. х, ж, ә, з, к
VI. й, ғ, ц, щ, ұ, ң, қ, э, ө
Бас әріптер:
I. И, Ш, Ц, Щ, Ч, Ұ, Ү, Л, М
II. О, Ө, С, З, Х, Э, Е, Ә
III. Ж, У, Н, К, Қ, Ю, Р, В, Ф
IV. Г, Ғ, П, Т, Б
V. А, Я, Д, Ы, Ч

«№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекеме

Тақырыбы: «Жазудың сапасын қалыптастыру жолдары»
Өткізген: Мусаева Нұрила Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жолдары. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 362 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar