Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жеңістің 70-жылдығы -

Жеңістің 70-жылдығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 997 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.
7 «А» сынып оқушысы Қайырлы Асыларман

Жеңістің 70-жылдығы
Зұлым соғыс зардабын шекпеген жан бар ма?Біздің ата-бабаларымыз қан майданда Отан үшін қасық қаны қалғанша тайталасқан олардың ерлігін оқып та,кинолардан көріп те жүрміз Отан соғысының батырларына бас иеміз.Бүгінгі ұрпақ олардың ерлігін мақтан етеміз.Біз бақытты ұрпақпыз,өйткені жарқын,бейбіт өмірдің ауасын жұтып. еркін өсіп келеміз.Әр батырдың ерлігімен танысқан сайын шыдамдылықтары мен қайсарлықтарына қайран қаламыз.Фашистік Германияның КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасауы біздің қазақ елінің де шырқын бұзды.Ер азаматтар елін қорғауға аттанса ,тылдағылар аянбай еңбек етті.Ауыл еңбеккерлерінің жанқиярлығы арқасында майданға қажет киім-кешек пен азық-түлік жіберіліп отырды. Осынау кезеңде ауыр қиыншылық пен мұқтаждық әр адамның басына түсті.Еңкейген қариялар мен еңбектеген сәбилерге дейін сол соғыстың зардабын шекті.Сұм соғыс кезінде біздің Орал қаласына үш әскери училище:Одесса жаяу әскерін,Ленинград байланыс бөлімін және Ворошиловград ұшқыштар бөлімін әкелгенін деректі фильмнен көрген едім.Батыстың «Зенит» заводы оқ-дәрі,қару-жарақ шығарып майданға аттандырғаны үшін «Қызыл Ту» орденін жеңіп алғанын білемін.Бұл соғыста майданнан оралмағандар саны өте көп.Солардың ішінде Жайықтың жауынгерлері майдан даласында мәңгілікке қалып қойды.Ерлермен иық тіресіп,жауға тойтарыс берген батыр қыздар да аз болмаған.Батыстың ержүрек қызы Әлия Молдағұлованың ерлігіне сүйсінемін.
Тверьдің,орманның,жас жері кәрі,
Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерде Әлияның қаны сіңген,
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Батыр апамыздың рухы өлген жоқ.Бүгінде Орал қаласында батыр Әлияға арналған зәулім ескерткіш бар.Сол маңда субұрқасын құрылған. Жазғы демалыста батыр апамыздың ескерткішіне барып,гүл шоқтарын қойдым. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Батырлар жан аямай шайқасып,туған жерді ерлікпен қорғап қалды. Соның айғағы үш майдангер Кеңес Одағының Батыры,бір адам Даңқ орденінің кавалері атанған деп үлкендерден естідім.Солардың ішінде Садық Жақсығұлов атамыздың елге тірі оралып,ауданымызға қызмет етіп,сіңірген еңбегінің көп екенін газет бетінен оқып білдім.Тасқалада оның атында мектеп бар.Ауласында батыр атамыздың ескерткіш бейнесі тұр.Садық ата біздің мақтанышымыз.
Отан үшін жынын пида еткен жандарға Орал қаласында стелла,ескерткіштер, мүсіндер,мемориалдар бар.Оларға арналған «Боздақтар» кітабы мен ашылған музейлер бар.Ауданымызда майдангерін күткен «Ана мен бала бейнесі» мемориалы бар.Бұл біз оларды мәңгі ұмытпаймыз деген белгі деп білемін.Биыл жеңістің жетпіс жылдығын қарсы аламыз,ескерткіштерге гүл шоғын қойып,еске аламыз.Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды.
Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,
Отан үшін талай ерлер мерт еткен.
Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс,
Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.