Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жемісі мол алтын күз -

Жемісі мол алтын күз

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1283 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Бостандық ауылының
«Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі
Какенова Динара Темірқызы

«Жемісі мол алтын күз»
Зал мерекеге сай безендірілген . Балалар 1қыз ,1 бала боп қолдарынан ұстап, музыка әуенімен билеп кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ата- аналар, балалар! Бүгіңгі Алтын күз мерекесі құтты болсын ! сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен орта толсын,
Ата-ана көңіліңнен балаң шықсын.
Ендеше бүгінгі кешке барлық балаларымыз ата-аналарымен бірігіп сән үлгісін дайындап келіпті.Ортаға шақырып тамашалайық.
Балалардың аты аталып бір-бірден кіреді.

Күз- жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан -жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады .Құстар жылы жаққа ұшады .Жапырақтар сарғайып, жерге түседі .Бұл мезгілді «Алтын күз» деп атайды. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
Жүргізуші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне бүлдіршіндеріміздің орындауында ____«Күз жомарт» ____атты әнімізді қабыл алыңыз.
Жүргізуші; Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Иә, Күз мезгілі де келіп жетті.
-Күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілінде үш ай бар.
-Күзде қандай құбылыстар болады?

Жапырақтар сарғайып, түсе бастайды., жаңбыр жауады, ауа-райы салқын болады. Балалар бізге сонау ертегілер елінен күз ханшайымы келіпті. Бәріміз амандасайық.
Күз ханшайымы :Балалар мен сонау алыс елдерден сіздерге айналып келдім.Көп жер аралап келемін. Қасымда күз айлары бар .
Жүргізуші: Күз айларын ілестіріп келіпті. Күз айларын атайықшы.
Ендеше Қыркүйікті тыңдайық.:
Менің атым қыркүйек.Күздің бірінші айымын. Байлықтың ,барлықтыңайымын сендер мен туралы не білесіңдер?
Хормен : Бірінші қыркүйек,
Қоңырау соғылды.
Күміс күй төгілді
Білімге талпынған балалар жиылды.
Қазан:Менің атм қазан. Жиын терімнің соғғы айымын,еңбеккер елді той думунга кенелтемін .Менде қандай мерекелер бар?
-Ұстаздар күні, қариялар күні
Қараша:Күздің соңғы айы караша деген мен боламын.Күннің суытып,қыстың жақын екенін естеріңе саламын.Қыркүйек пен карашаға карағанда менде кандай ерекшеліктер бар?
Хормен : Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатка бақ берген
Он екі айдың төресі.
Күз ханшайымы:Мен бұл елге Бәйтерек елінен жеміс жидектер келгенін естідім.Кәне, өздерін бір тыңдап көрейікші.
Жүргізуші:Ендеше күз мерекесіне Бәйтерек елінен келген көкөністер мен жемістеріміз әкелген тақпақтарымызды тыңдайық.
Бәтерек тобының такпактары:
Жүргізуші: жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантым байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.
«Күзгі вальс» қабыл алыңыз
Жиылған қауым, армысыздар,бәріңіз ,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнге салыңыз .
Жүргізуші: Күз ханшайымы білесізбе Бізге бүгін Көгершіндер елінен де көкөністер мен жемістер келіпті. Соларды тыңдасақ қалай қарайсыз?
Күз ханшайымы: Жарайды ендеше тыңдайық.
Көгершін тобынын тақпақтары
Жүргізуші
Күз- мереке , күз-ырыстың белгісі,
Қайтып барды мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Алтын күздің той думаны тасталды

Би: «Финская полька» қабыл алыңыз.

Жүргізуші:
Балалар бүгін бізде алтын күз мерекесіне көптеген көңілді көкөністер мен жемістер сонау алыстағы бақтары мен алқаптарынан келіпті . Енді солармен таныс болайық.

Ән : Күз Кабыл алыңыз.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, менің қолымдағы алуан түрлі жапырақтарға. Қандай керемет. Енді біз осы жапырақтармен ойын ойнайықшы. Мен жапырақтарды шашып жіберем, ал сендер жинайсыңдар.Кейбір жапырақтың астыңғы бөлігінде жұмбақтар жасырыныпты. Тапқан бала жұмбақтың шешімін табуы тиіс.
Ойын: «Кім жүйрік»
Кұрметті ата-аналар, балалар осымен өздеріңізге арналған алтын күз мерекесі өз мәресіне жете келді. Бүгін осы алтын күз мерекесіне шын ниеттерімен атсалысқан алдымен балалар сіздерге рахмет, сонан соң осы балаларымыздың жарқырап көрінуіне ортадан орын алуына себепші болған әрине әлпештеген ата-аналары мен, ата-әжелерін ризашылығымызды білдіргіміз келіп отыр.
МАРАПАТТАУ.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар , балалар күз мерекесіне атсалысқандарыңызға рахмет,еліміз тыныш, аспанымыз ашық, отбасымызда амандық болсын !Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.