Меню
Назад » » »
Жер асты сулары. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.
загрузка...

загрузка...
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Мұқыр ауылы
«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
география пәнінің мұғалімі
Қорғанбаева Айнұр Серикхановна

Тақырыбы: Жер асты сулары. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.
Мақсаты:
Білімділік: Жер асты суларына сипаттама беру. Жер асты суының адам өміріндегі маңызына тоқталу.
Дамытушылық: Жер асты суларын қорғауға, суды улау мен ластанудан сақтау, оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Қазақстан аумағында жер асты суларының таралуын физикалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулары картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: Грунт (еспе) суы, Артезиан суы, жарықшақтық типті жер асты сулары, жарықшақтың қат қабатты типі, қат-қабатты жер асты сулары, жабынды мұздықтар, тау мұздығы
Номенклатура: Корженевский мұздығы, Симонов, Дмитриев, Берг, Калесник, Воейков, Абай, Безсонов, Жамбыл, Некрасов, Шокальский мұздықтары.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Жаңа тақырыпқа көшу
3. Тақырыпты меңгеру кезеңі
4. Тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үй таптапсырмасын беру кезеңі


Сабақтың барысы
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1 Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2 Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:
1) Су өткізгіш қабат деп нені атайды?
2) Су өткізбейтін қабат қандай тау жыныстарынан тұрады?
3) Қар сызығы деген не?
4) Мұздықтар қалай пайда болады?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:
1) Су құмның, қиыршық тастардың, малта тастардың қабаттарынан тез өтеді, осы жыныстардан тұратын қабаттарды су өткізгіш қабат деп атайды.
2) Су өткізбейтін қабаттар саздан, граниттен, құм тастан, сазды тақтатастан тұрады. Өйткені жер қыртысының жоғарғы бөлігінің құрылысы қабат-қабат болғандықтан, қабаттар су өткізбейтін, су өткізетін жыныстардан түзілетіндіктен, жер асты суы қабат-қабат болып жатады. Ылғал су өткізбейтін қабатқа жеткеде үстіңгі су өткізгіш қабатта су жиналады.
3) Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақьала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық.
4) Құрлықта ұзақ уақыт жинақталып пайда болған, жылжымалы мұз щоғыры. Полярлық аймақтарда және тау басында таралған.
3 Жаңа тақырыпты меңгеру үшін алдына жоспар құрады:
1. Жер асты суларының түрлері
2. Жер асты суларының маңызы. Артезиан алаптары
3. Минералды сулар.
4. Қазақстан аумағындағы мұздықтарға жалпы сипатттама.
5. Қар сызығы, оның биіктік ерекшеліктері.
6. Мұздықтардың типтері мен таралу ерекшеліктері.
Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық карталарды, кескін картаны пайдаланады. Оқушылардың тақырыпты меңгеру іс-әрекеттері:
Оқушылр мұғалімнің әңгімесінен кейбір мәліметерді жазып алады:
1. Жер асты суларының жарықшақытқ типі тау-өатпарлы Тянь-Шань, Жетісу Аалатуы, Сарыарқаның ұсақ шоқылары, Орал-Мұғалжар тауларында тараған. Жарықшақтың қат-қабатты типі Маңғстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларында қалыптасқан. Қат-қабатты жер асты сулар типі негізінен Қазақстанның Батыс, Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс аудандарында тараған, Шу-Сарысу, Қопа-Іле, Балқаш-Алакөл ойыстарындағы өзен аңғарларында шоғырланған. Грунт (еспе) суы 3-30 м тереғңдікте орналасқан.
2. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл – су өткзбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатыр, Қызылқұмда 80-300 мтереңдікте орасан зор жер асты суы табылған.
3. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суын минералды сулар (арасан) д.а. 300-ден астам минералды бұлақтар бар: Алмаарасан, Алтайдағы Рахман.
4. Ауданы 2033,3 ш.ш боалтын барлығы 2724 мұздықтар Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, теріскей Алатау жоталарында бар.
5. Қар сызығының биіктігі оңтүстікте биіктеу, солтүстікте төменджейді: Тянь-Шаньда 3800 м, Алтай 2600 м, Жетісу Алатауында 3300-3900 м, Сауырда 3300 м. Ең көп мұздық Жетісу Алатауында шоғырланған – 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2.
6. Мұздықтардың негізгі типтері:
1) Аңғарлық мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды, қалыңдығы 50-100 м.
2) Тау бетккейі мұздықтарының қалыңдығы 10-30 м.
3) Тегістелген төбе мұздықтар.
4 Оқушыларға өздік тапсырмалар береді: 1) Кескін катаға жер асты суларының шоғырланған аудандарын, қазіргі мұздықтар таралған аудандарды белгілеңдер; 2) Мұздықтардың не себептен әр түрлі биіктікте орналасқанын анықтаңдар.
Келесі тапсырмаларды атлас картаны пайдаланып өздік жұмыс жүргізу үшін беріледі: 1) Артезиан суы мен грунт суының айырмасы неде? 2) Жер асты суларының қандай түрлері бар? 3) Мұздықтардан басталатын өзендер Қазақстанның қай бөлігіде; 4) Көпжылдық тоңның таралған аудандарын атаңдар; 5) Оқулық соңындағы кестеге қарап Қазақстан табиғатын зертеуге үлес қосқан ғалымдар, қайраткерлер есімімен аталған мұздықтарды кескін картаға жазыңдар. Оқушылар бұл тапсырмаларды өздігінен орындайды: 1) Кескін картаға жер асты сулары мен қазіргі мұздықтарды белгілейді; 2) Мұздықтардың орналасу биіктігі климат ерекшеліктеріне байланысты, яғни ауаның ққұрғақтылығы мен климаттың континенттілігіне байланысты биік орналасқан.
Келесі тапсырма бойынша жауаптары:
1) Грунт сулары жер бетіне таяу жатқаннан, жер бетіне шығып ағып жатады. Артезиан суларын шығару үшін скважиналар бұрғылайды. 2) Жер асту суларының жарықшақытқ типі, Жарықшақтың қат-қабатты типі, Қат-қабатты жер асты сулар типі, грунт (еспе) суы; 3) Мұздықтардан басын алатын өзендер Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында тараған; 4) Көпжылдық тоң Алтай, Сауырда, Жетісу Алатауында, Тянь-Шань тауларында тараған. Оның төменгі шекарасы 2000-3000 м биіктіктен өтеді; 5) Кескін картаға Корженевский, Симонов, Дмитриев, Берг, Калесник, Воейков, Абай, Безсонов, Жамбыл, Некрасов, Шокальский мұздықтарын түсіреді.
5 Сабақты оқушыларға сұрақ қою арқылы бірігіп қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер? 2) Сабақтың қай жері қызықты болды? Оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді: 1) Қазақстан аумағында тараған жер асты муларының түрлерін, мұздықтардың түрлерін білдік. Сонымен қатар олардың таралу, шоғырлану аудандарын анықтадық. Артезиан атауының шығу тегін білдік. 2) Кескін картаға осы аталған жерлерді түсірген қызықты болды.
6 Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсетуіне қарай және берген жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Оқушылардың мұғаліммен келіспеушілігі болса, олардың пікірлерін тыңдап нәтижесінде қойған бағаларын айтып күнделіктеріне қояды. Мұғалімнің пікірін тыңдап, алған бағаларын тыңдайды. Оқушылардың мұғаліммен келіспеушілігі болса, өз пікірлерін айтып нәтижесінде алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Кестенің берілгенін дәптерлеріне жазып алады.
7 Үй тапсырмасына төмендегі кестені береді:
Биік таулар
Қар сызығының биіктігі
Ірі мұздықтары
Мұздықтарының саны
Мұздықтардың ауданы
Алтай таулары
Сауыр
Жоңғар Алатауы
Іле Алатауы
Күнгей Алатауы
Теріскей Алатауы Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Кестенің берілгенін дәптерлеріне жазып алады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жер асты сулары. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 264 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar