Меню
Назад » » »
Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары
загрузка...

загрузка...

Сабақтың тақырыбы : Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру, Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

 Күтілетін нәтиж: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымның таралуы жайында түсінік алып, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.

Түйінді идеясы: Атмосфера жердің қорғаныс қабаты.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: Кезбе тілші,Зейінді дамыту жаттығуы,Геодиктант,сұрақтары бар қорап

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,сыныпта психологиялық ахуал туғызады,стикерлер түсіне қарай топқа бөлінеді.

2. Үй тапсырмасын тұйық оқушыларды сабаққа тарту мақсатында "Кезбе тілші"ойыны арқылы сұралады.Мұғалім жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау арқылы ,тілші мен репортер жұмысына қол шапалақтау арқылы қорытындылайды.

1.Оқушылар амандасады, оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында стикерге өзіне арнап ізгі тілек жазып,оны сыныптасына сыйлайды,қолындағы стикер түсіне қарай топқа бөлінеді.

2. 1Тұйық оқушы микрофон  алып тілші болып сұрақтар қояды,2 тұйық оқушы камера ұстап репортер болады.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын мен мақсатын айқындайды.  

6 сыныпта өтілген қысым ,ауа массалары тақырыптарын сұрақтар арқылы еске түсіріп,жаңа сабақ мақсатын айқындайды.

 

2.Мәтінмен танысқан оқушыларға,22-23-24 суреттер бойынша сұрақтар қойып түсінік береді.

1.Оқушылар сұрақтарға  жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.

 

2  Оқушылар мәтінмен танысады,суреттер бойынша сұрақтар қойып жаңа сабақты талқылайды.
 

 Негізгі    

 бөлім

 

1.Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.

2.Геодиктант тапсырмасын орындатады.

Суретте неше аң орналасқанын тапқан топ мадақталады. 

2Оқушылар дәптерлеріне орындап,жұпболып тексереді,бағалайды.

Қорытынды

 Мұғалім сабақты қорытындылайды.

"Сұрақтары бар қорап"ойының жүргізеді.

 Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және тақырып соныңдағы тапсырманы 3 топқа бөліп береді.

 

Оқушылар өзіне қиындық келтірген жаңа сабақ барысындағы сұрақтарды қорапқа жазып салып кетеді,келесі сабақта ол талқыланады.

 

Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.

Географиялық диктант (климаттық белдеулер бойынша):

1 Бұл климаттық белдеу тропиктік және қоңыржай ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

2 Ұзақ әрі қатал қыс қоныржай ауа массасының енуіне байланысты қысқа әрі салқын жазға ауысады.

3 Бұл белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массасы басым болады, оның жазғы температурасы өте жоғары, ал қыста сәл төмендеу болады.

4 Бұл климаттық белдеуде жыл мезгілдері айқын ажыратылады, бүкіл жыл бойы бір ғана ауа массасы әсер етеді.

5 Бұл белдеуде ауа температурасы жыл бойы жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері өте мол және біркелкі түседі

Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 510 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar